7


  • Учителю
  • Құмырсқа мен көгершін (1 сынып)

Құмырсқа мен көгершін (1 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін:

Тақырыбы: «Құмырсқа мен көгершін»

Мақсаты: Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы, і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу.

Әдісі: сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Ойға толы санамыз,

Бестік баға аламыз.

Баласындай бір үйдің

Тату болсын арамыз.

Үй тапсырмасын тексеру

а) Ө. Тұрманжанов «Туған өлкем» өлеңін мәнерлеп оқу.

ә) Өтілген тақырыптарды пысықтау сұрақтары:

1. Әліпби неше әріптен тұрады?

2. Дыбыс дегеніміз не?

3. Әріп дегеніміз не?

4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

5. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

6. Жұп дауыстыларды ата?

7. Жуан дауысты дыбыстарды ата?

8. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата?

ІІ. Қызығушылығын ояту

Сұрақтар:

• Құмырсқа қандай жәндік?

• Олардың үйі қалай аталады?

• Олар жұмысты қалай атқарады?

• Құмырсқа туралы қандай ертегілер, әңгімелер білесіңдер?

• Құмырсқа туралы қандай ертегілер білесіңдер?

Жұмбақтар

Қатар - қатар қара нар,

Аспанменен бара бар,

Алда биік, арты жар. (құмырсқа)

Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай. (құмырсқа)

6. Көгершін қандай құс?

7. Олар немен қоректенеді?

8. Басқа құстардан айырмашылығы қандай?

Кептер - бейбітшілік құсы немесе хат тасушы құс деп атайды. Кептердің төрт түрі бар: етті, спорттық, сәндік, байланыс. Халқымыз балалар көк жөтелмен ауырғанда оның қанын емдік қасиет ретінде қолданған.

ІІІ. Негізгі бөлім

Мағынаны тану

*Оқушыларға сабақтың мақсатын хабарлау;

*Бағалау өлшемдері;

* Фишкалар арқылы бағалау

«5»- 5 - 6 фишка

«4»- 3 - 4 фишка

«3»- 1 - 2 фишка

Оқулықпен жұмыс

а) Мұғалімнің әңгімені дауыстып, мәнермен оқуы;

ә) автор туралы мағлұмат беру

Спандияр Көбеев (1878 - 1956) - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiрі үшiншi ауылда - қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды, ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. «Құстың ұясы», «Орындалған арман», «Екі соқа» атты әңгімелері мен роман - мысалдары бар.

Сұрақ - жауап:

- Әңгіме не жайында айтылған?

- Құмырсқа қайда келеді?

- Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?

- Құмырсқа көгершінге қалай көмектеседі?

Сөздік жұмыс:

Сусап - шөлдеу деген мағынаны білдіреді.

Тізбектеп оқу: (оқушылар оқиды)

Сергіту сәті

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi )

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады)

Дәптермен жұмыс

Сабақты қорытындылау.

Жуан ағаш мен жіңішке ағаш (жуан сөздер мен жіңішке сөздерді ажыратып ілу.)

Үйге тапсырма: 62-жаттығу. Көгершін мен құмырысқаның суретін салу.

Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал