- Учителю
- Ана тілі. Тақырыбы:Әке мен бала. Ы. Алтынсарин. (1 сынып)
Ана тілі. Тақырыбы:Әке мен бала. Ы. Алтынсарин. (1 сынып)
Мұғалімі: Амреева Жанар Жандилдаевна
Ана тілі. 1 сынып
Тақырыбы: Әке мен бала.Ы. Алтынсарин.
Сабақтың негізгі үш мақсаты:
1. Білімдік: Оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру..Мәтінді таныстыра отырып, көргені бойынша әңгімелеуге, дұрыс сөз тауып, орынды қолдануға үйрету. Тапқырлыққа баулу, көргенін түйіп айту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тіл байлықтарын молайту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын, сын тұрғысынан ойлай білуін, танымдық қабілеттерін дамыту. Оқу және жазу дағдыларын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Бала бойына әкені сыйлау, құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді сіңіру. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Жаман әдеттен аулақ болуға, қанағатшылдыққа, ақылды, тіл алғыш болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің портреті, кеспе сөздер, ребус, схемалар, тест, жұп қолғаптар, мақалдар, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта (тақырып бойынша суреттер).
Сабақтың түрі: дамытпалы сабақ
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдіс-тәсілдері: АКТ, сөйлеу репродуктивтік әдіс (оқушылардың үлгі арқылы жұмыс жасауы), ойын, іс- тәжірибелік жаттығу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу:
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, қасиетті Жер-Ана!
Амансың ба, достарым!
2. Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1) «Ақсақалдың ақ батасынан» өлеңі жатқа сұралады.
2) Ойын: «Жалғасын тап!» Мақалдарды жалғастырып айту.
Ата - бәйтерек Батаменен ер көгерер Атадан бала туса игі,
...... - ........ ....... - ........ ...... -- ....... .
3) Ойын: «Жұбын тап!»
Жұп дауысты дыбыстарды тапқызу.
Қолғаптардың бір сыңарлары тақтада ілулі тұрады, екінші сыңарын дұрыс тапқызып орналастыру көзделеді.
тағы сол сияқты
ІІІ. Жаңа сабақ
1) Ребус арқылы жаңа тақырыптың атауын тапқызу.
Әке мен бала.
2) Мәтіннің авторы: Ы.Алтынсарин туралы не білетіндері сұралады.
-
Ы. Алтынсарин кім?
Мектеп ашты Мұғалім
Өлең жазды Әңгіме жазды
Ағартушы Білімді адам
2. Ыбырай атаның қандай әңгімесімен танысып едіңдер? («Бір уыс мақта»)
-
Интерактивті тақтамен жұмыс:
1-көрініс: «Әке мен баланың егіс басынан қайтып, ескі тағаны көруі»
2-көрініс: Әкесінің әрекеті
3-көрініс: Баланың шиені жерден алып жеуі.
4-көрініс: Әке ақылы.
ә) Талдау жұмысын жүргіземін.
Сурет бойынша сұрақтар қою, оқушылардың толық жауабын тыңдау.
-
Әкесі мен баласы қайдан қайтты?
-
Олар жолда нені көрді?
-
Әкесі баласына не деді?
-
Бала әкесіне қалай жауап қайтарды?
-
Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?
-
Әкесі шиені неғылды?
-
Баланың іс-әрекеті туралы не деуге болады?
-
Әкесі баласына қандай ақыл айтты?
б) Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқыту.
в) Ой қорыту. Өмірмен байланыс.
- Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
(Еріншек болмай, әкенің айтқанын орындау керек еді)
г) Ой толғаныс. Сын тұрғысынан ой қозғау
Дискуссия
Әкесі қандай адам?
Әкесіне ұқсағыларың келе ме?
Пікір.
Сендерге бала ұнады ма? Неге ұнамады?
Ситуация.
Егер сендер баланың орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
д) Қорытындылау.
Мақалдармен таныстыру.
-
Еріншектің ертеңі бітпес.
-
Еріншек екі істер.
Осы мақалдың қайсысы мәтінге сәйкес келеді, тапқызу, дәлелдету.
Сергіту сәті.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Ата-ананы құрметтеп,
Бас иеміз біз.
е) Дәптермен жұмыс.
49-жаттығу
(Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазыңдар. Жұп дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар)
IV. Бекіту.
Венн диаграммасын құру.
Әкесі Баласы
1. Әке деген кім? Ол туралы не ойлайсыңдар?
Қамқоршы Асыраушы
Жанұя тірегі Қорғаушы
Ақылды Сабырлы
Мәтіннен әкесінің баласына айтқан ақыл сөзін тауып оқыңдар.
ә) Тестік тапсырма.
-
«Әке» сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
а/ 2 ә/ 3 б/ 1
-
Ата балаға сыншы.
Еріншек екі істер.
Сөйлемдер төменгі қай сызбаға сәйкес келеді?
а/ . ә/ . б/
-
Жіңішке дауысты дыбыс қатарын тап.
а) а,ә,е,о,ы,і; ә) ә,е,ө,ү,і; б) а,о,ұ,ы;
-
Жуан айтылатын сөздердің астын сыз:
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
5. «Еріншек» сөзінде неше дыбыс , неше әріп бар?
а/ 7 дыбыс, 7 әріп
ә/ 7 дыбыс, 6 әріп
б/ 6 дыбыс, 7 әріп
V. Бағалау.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы арқылы, білімдерін
бағалап,мадақтап,жұлдызшалар беремін.
VI. Үйге тапсырма:
Мәтін «Әке мен бала» түсініп оқу, мазмұндау, мақал жазу., жаттау.