- Учителю
- Т. А. Жумабаева Пәні: Сауат ашу Сабақ тақырыбы Өө дыбысы мен әрпі. Жалпы мақсаты Оқушыларға «Ө» «ө» дыбысы мен әрпін таныстыру; сөздегі орны туралы түсінік беру; берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету. Күтілетін нәтижелер Ө дыбысына қатысты ж
Т. А. Жумабаева Пәні: Сауат ашу Сабақ тақырыбы Өө дыбысы мен әрпі. Жалпы мақсаты Оқушыларға «Ө» «ө» дыбысы мен әрпін таныстыру; сөздегі орны туралы түсінік беру; берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету. Күтілетін нәтижелер Ө дыбысына қатысты ж
Тайынша қаласы
№5 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Т.А. Жумабаева
Пәні: Сауат ашу
Сабақ тақырыбы
Өө дыбысы мен әрпі.
Жалпы мақсаты
Оқушыларға «Ө» «ө» дыбысы мен әрпін таныстыру; сөздегі орны туралы түсінік беру; берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер
Ө дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлап айта алуы; сөйлемдер құрауы. Танымдық іс-әрекеттер арқылы ой-өрісі мен тілін дамыту.
Сабақ түрі
топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Қолданылған әдістері мен тәсілдері
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: топтастыру, талдау, қорытындылау.
Оқуды және оқыту үшін бағалау: «Ұнады, ұнамады»
АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
Сабақтың өтілетін уақыты
35 минут
Сабақ барысы:
Психологиялық дұрыс ахуал орнату
Алақанды ашайық, күн сәулесін салайық.
Таза ауа жұтайық, жүрекке жылу жинайық.
Жиналған жылы шуақты достарыма шашайық.
Кіріспе
«Қандай дыбыс ?» ойынын ұйымдастыру
Берілген дыбыстарды дауысты/дауыссызға ажыратып, қызыл және көк үйшікке орналастыру
Топтарға бөлу - суретті карточкалар арқылы
Балалар суреттерді алып, 4 топқа бөлінеді.
Қызығушылықты ояту:
Жануарлардың әңгімесін тыңдату (видео)
Тыңдау, қайталап дыбыстау
«Ө» дыбысын сипаттау
- Неге дауысты дыбыстар қатарына жатады ?
Мағынаны тану:
Сөздерге дыбыстық талдау жүргізу
Әр топқа талдау тапсырмасын беру
Талқылап, дыбыстық талдау жүргізеді. Қорытынды: «Ө» дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
«Ө» әрпінің жазылуын электронды оқулық нұсқасынан тыңдап байқау.
Дәптермен жұмыс: «Ө» әрпінің жазу үлгілерін толтыру
Оқулықпен жұмыс: берілген мәтінді тізбектеп оқу.
Түсінгендерін сұрақтар арқылы анықтау:
-
Шырынды қай жемістен жасады ?
-
Алманы кім өсірді ?
-
Балалардың аты кім ?
Ой толғаныс. «Пирамида құру» ойыны.
Ойын шарты: Әр топқа бастапқы кезеңде әріп немесе буын беріледі. Әр келесі сөз жоғарғы сөзден ұзартылып отырады.
Рефлексия
«Ұнады, ұнамады»