7


Ашық сабақ. Дыбыс және әріп.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп

3 «а» сынып №7 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және әріп


Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Дыбыстардың дауысты және дауыссыз болып бөлінетінін еске түсіру.

2.Дамытушылығы: Дыбыс пен әріпті ажыратуға, олардың сын тұрғысынан ойлауын, оқу мен жазу арқылы таным белсенділігін арттыру, тілін, ойын дамыту.

3. Тәрбиелігі: Шығармашылыққа, адамгершілікке баулу. Көркем, таза жазуға тәрбиелеу.


Түрі: Жаңа білім беру.


Әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, ойлау, өзіндік ізденіс, топтастыру, көрнекілік, топпен жұмыс, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.


Сабақтың көрнекілігі: интер. тақта, сызбалар.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазір қандай сабақ екенін еске түсіріп жіберейік.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

-Міне, балалар ғұлама, кемеңгер ақындарымыздың тілі-туған тіліміз қазақ тілі сабағына бүгін қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға амандасып, сабағымызды бастайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ, өйткені алдарында тұрған бағалау парағымен бүгінгі сабақ барысындағы жұмыстарда өз-өзімізді бағалаймыз.

Сіздерге іске сәт демекпін!


ІІ.Жаңа сабақ.

-Дәптерімізге бүгінгі күнді жазып өтейік.


1. Көркем жазу.

Ққ

Қоян, қасқыр, қонжық, қуыршақ.

-Оқушылар тақтада берілген сөздердің ұқсастығы неде?

(зат есім, бәрі де қ дыбысынан басталып тұр)

-Айырмашылығы неде? (әр түрлі мағынаны білдіреді)

-Осы сөздердің ішінде қандай сөз артық? Неге?

-Ал енді көркем жазуға әрібінен дыбысы көп сөзді жазу керек. Ол қай сөз? (қоян)

-Неге?

-Өте жақсы.

-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Дыбыс және әріп»

-Қоян сөзін жазып және оған дыбыстық талдау жасаймыз. (1оқушы тақтада орындайды)

Қоян - 2 буын, 4 әріп, 5 дыбыс, 2 дауысты дыбыс, 2 дауыссыз дыбыс.

Қ [қ] - д-сыз дыбыс, қатаң

о [о]- д-ты дыбыс, жуан

я [й]-д-сыз быбыс,үнді

[а]-д-ты дыбыс, жуан

н [н]- д-сыз дыбыс, үнді

-Сонымен дыбыс қазақ альфавитінде неше дыбыс, неше әріп бар?

-Неге әріп пен дыбыс саны бірдей емес?


2. Ой қозғау.

-Сонымен оқушылар дыбыс пен әріп дегенде ойымызға не келеді?


әріптік таңбасы бар



сөз құрайды дауысты, дауыссыз



айтамыз, естейміз


көреміз



оқимыз жазамыз



дыбыстың таңбасы

3.Көру диктанты.

Баян домбырада жақсы ойнайды.

Кітапханадан қызық кітап алдым.

Апам ұннан бауырсақ пісірді.

Ағаштың жапырақтары түсті.

Диірменші бидайдан ұн тартты.

/бір-бірін тексеріп бағалайды./


4. «Сөз құра, көп құра» ойынын ойнаймыз

Қатар бойынша тапсырмалар орындаймыз.

І-қатар. Мына берілген буындардан сөздер құрап жазуымыз керек.

ІІ-қатар. «Қазақстан» деген сөзден бірнеше сөз құрау керек.

ІІІ-қатар. «Д» дыбысынан басталатын бірнеше сөздер құрап жазу керек.


4.Сергіту сәті. Жаңбыр сіркіреді, жаңбыр құйды,

Найзағай жарқылдады,

Күн күркіреді,

Найзағай жарқылдады,

Аспан шайдай ашылды.

5. Өздік жұмыс

-Оқулықтағы 38-беттегі, 1-жаттығуға қараймыз.

-Бұл жаттығуды әркім орындарыңда өз беттерінше орындайсыңдар.

-Болсақ енді дәптерлерімізді бір-бірімізбен ауыстырып тақтадан қарап тексеріп бір-бірімізді бағалаймыз.

-Ою сөзі осы бағанға жазылғаны дұрыс па? 2 әріп болғанмен дыбыс саны 3-еу.

/ұят, қоян, фильм сөздерді де талдау/

6. «Ақ сүйек» ойыны.

-Мен ойынды бастап беремін. Түн дегенді сендер ұйқыға кетесіңдер, сол кезде бір оқушының партасының алдына сүйекті қоямын. Күн дегенде ұйқымыздан тұрып сүйекті іздейміз. Сол оқушыға мен сұрақ қоямын. Ол оқушы әрі қарай ойынды осы ретте жалғастырады.

ІІІ.Қорытындылау.

Ой толғаныс. /Эссе/

«Егер дыбыстар мен әріптер болмаса» деген тақырыпта эссе жазу керексіңдер.

IV. Бағалау.

Бағалау парағымыздың қорытындысы бойынша кім қандай баға алды?


V. Үй тапсырмасы: 38-бет, 4 жаттығу




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал