7


  • Учителю
  • Табиғатты қорғау дүинетанудан сабақ жоспары

Табиғатты қорғау дүинетанудан сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

























Қостанай облысы

Қостанай қаласы

Ғ.Қайырбеков атындағы

№ 9 орта мектебі

номинация

«Табиғатты қорғайық»

Аубакирова Амина Сапаровна

Бастауыш сынып мұғалімі

Директор: Молдахаликов Асемхан Нуртазинович



































Тақырыбы: Табиғатты қорғайық

Мақсаты:

1. Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту;

2. Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру:

3.Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу;

Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер.



Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жаттығу «Мейірімді жүрек»

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.

Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

- Өте жақсы! Барлығымыз орындарымызға отырамыз.

1. Тіршілік атаулының бар арманы - ауа

2. Тіршілік көзі - су

3. Табиғат байлығы - өсімдіктер

4. Орман сәні - құстар

5. Табиғаттың сұлу мүсіні - хайуанаттар



Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды білдіреді. Халқымыз ең қасиетті, ең құдіретті ұғымдарға « Ана » сөзін қосып айтады. « Жер - Ана », « Табиғат - Ана »,« Отан - Ана ». Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. . Адамның өзі - Табиғат пен Жер-Ананың перзенті. Жер-Ананы сүйе білу, оны қорғау-адамның азаматтық борышы

Табиғат біз үшін өмірге қажетті барлық нәрсені береді. Өздерің ойлап қараңдаршы, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, жейтін тамағымыз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз осылардың бәрі - бәрі табиғаттан алынады. Жерді өз Анасындай, Анасын Күніндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. « Жер шоқтығы - Көкшетау » « жер жанаты - Жетісу », « Киелі мекен - Маңғыстау » деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.



Мұғалім: Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды білдіреді.

1- жүргізуші: Табиғат...Табиғат... бұл сөзде қаншама құдірет жатыр. Өмірдегі ең сұлу, көркем де жомарт тіршілік иесі табиғат емес пе?! Жер-Ананың мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйеміз. Өз байлығын адамзатқа сыйлаған табиғаттың жомарттығында шек жоқ. Қорғайық та, сүйе білейік табиғатты.

Мұғалім: Адам табиғаттың ажырамас бөлігі.

Табиғат - бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені. Бүгінгі сабағымызда табиғатты қорғау үшін саяхатқа шығамыз.

- Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы «Тіршілік атаулының бар арманы -ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.



оқушы

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар-жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда «Ауадай қажет» деген сөз бар.

Болмасын ауа ешкімнің арман - мұңы,

Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы кімге керек боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні.

Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?

Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі -су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?

оқушы:

Ойлау керек Арал жайын, ел жайын,

Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.

Өзімізді асыраушы табиғаттай - Ананы

Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!

Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі -су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғады.

Сонымен су - табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол - өсімдіктер.



Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы -өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы -жер бетіндегі әдемі өсімдіктер. Олар туралы не айтамыз?

оқушы:

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа

Жайқалсын өлкемізде саялы бақ,

Бөленіп күннің нұрлы шуағына.

Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не балалар? (Құстар)

Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?

оқушы: Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар. Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар - біздің қанатты достарымыз. Олар - табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен. Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай, киіз үйін жықпапты. Қалмақтың әскер басы себебін сұраса, Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды, балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті. Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.



Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.

Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар? (Хайуанаттар)



Ендеше келесі аялдамамыз «Табиғаттың сұлу мүсіні хайуанаттар» деп аталады.

оқушы: Табиғаттың сұлу мүсіні, көрікті келбеті - хайуанаттар. Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі - Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен . Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.

- Өте жақсы, олай болса келесі кезекті оқушыларымыздың табиғатқа арналған өлең шумақтарына берейік:

оқушы:

Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,

Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

оқушы:

Қадір тұтіп табиғат қасиетін,

Әділдіктің алдында бас иетін.

"Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын" деп

Бабам айтқан орынды өсиетін.

оқушы:

Табиғат қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде.

оқушы:

Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршілік есігін.

Онымен кіндіктес жаның да,қаның да

Жер-жаһанды аялап тұр алақаныңда.

Ендігі кезекті мақал - мәтелдерге берейік. 1. Жер - ана, ел - бала. 2. Жер - қазына, су алтын, мол байлық. 3. Жер тағдыры - ел тағдыры. 4. Аялы ағаш саялы. 5. Бабалары еккен шынарды, Балалары саялайды. 6. Халқыңа орман салғаның, Өзіңе қорған салғаның. 7. Бағбан болсаң бақ өсір, Балама деп тағы өсір. 8. Жер - ырыстың кіндігі, Еңбек - ырыстың қазығы. 9. Ағаш ексең аялап Басыңа болар саябақ. 10. Әй, табиғат ! шеберсің - ау, шеберсің, Көрмегенді көрсетесің, бересің. Ашкөзденген адамдарға не дарсің ! Айың мынау, күнің мынау, жер міне ! Ау, адамдар ! Жетпей жатыр енді не ? Табиғатқа таласпаңдар, ағайын, Асырайды ол сені, мені, елді де.



Қорытынды.

Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау- ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болуымен бірге, ең ұлы қамқоршысы екенін естен шығармауымыз керек

Ал табиғат пен адам қатар ұғым, табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүру мүмкін емес. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар- біздің жастар. Таза болса табиғат - аман болар адамзат. Табиғат, сен - тіршілік, тұнып тұрған. Сен - күнсің, көтеріліп күліп қырдан. . Сен - көлсің. Сен - ормансың. Сен - бұлбұлсың. Сенсің адамға сұлулықты шын ұқтырған.





















































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал