7


  • Учителю
  • 'Мәтін. 168-169 жаттығулар жұмысы' 1-сынып

'Мәтін. 168-169 жаттығулар жұмысы' 1-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

1 сынып

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Мәтін 168-169- жаттығу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың логикалық мағынасын бұзбай мәтінқұрастыруға мазмұнына лайық ат қоюға үйрету, мәтін түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге,әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Туған жерін қастерлеуге, адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.

Көрнекілік: Сөйлем , ағаштар, жапырақтар, суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасымен жұмыс:

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

Өткен тақырыпты «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.

Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.

(Ереже:)

Мәтін өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

Жаңа сабақ

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Мәтін сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Ой қозғау.

Балалар осы қай мезгіл?

Көктемнің нешінші айы?

Көктемде қандай өзгерістер болады?

Ағаш отырғызу

1 тапсырма

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі)

2 тапсырма

168─жаттығу. 1. Мәтінде неше сөйлем бар?

2. Мәтіннен жиде туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Жиде

Жиде ─ жемістің бір түрі. Жиде ағаштары бақта өсіріледі. Біз мектеп ауласына жиде ағашын отырғыздық. Оны суарып, күтеміз. Жиде піскенде, оның жемісін жейміз.

Сергіту сәті:

3 тапсырма

169─жаттығу. 1. Мәтінді түсініп оқыңдар.

2. Мәтіндегі мағынасы түсініксіз сөздерді табыңдар.

Бұғы

Бұғы ─ аша тұяқты жануар. Оның мүйізі тармақтанып өседі. Олар солтүстікте, орманды, таулы жерлерде болады. Солтүстік бұғысы суыққа төзімді, қарға көп батпай жүре алады. Сондықтан оны шанаға жегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғылар мүк, қына сияқты шөптерді жейді. Тұяғымен қар теуіп жайылады. Шығыс Қазақстан жерінде де бұғы өсіріледі.

Бұғының пайдасы жайында айтып өту

Шығармашылық тапсырма

Топтық жұмыс

1-топ Сөйлемдегі сөздер неше сөзден құралады?

2-топ Сөйлемнің соңына қандай белгілер қойылады?

3-топ Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтаймыз?

Кері байланыс: Біз не білдік? Талқылау.

Үйге тапсырма:

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал