- Учителю
- 'Ғасырдың ғажап азаматы'атты танымдық-ақпараттық тәрбие сағаты
'Ғасырдың ғажап азаматы'атты танымдық-ақпараттық тәрбие сағаты
«Ғасырдың ғажап азаматы»
Мақсаты:
-
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
-
Елбасының өмір жолынана үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
-
Шәкірт жүрегінде елбасына деген сйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент», кітап көрмесі, шарлар.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Бүгінгі «Ғасырдыфң ғажап азаматы» атты танымдық-ақпараттық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1-оқушы:
Ең бірінші бақытым-халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын, қор борлмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
2-оқушы:
Ал екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
3-оқушы:
Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.
1-жүргізуші: XXI ғасыр - білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз - өткенімізді білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдық шежіресіне ой жіберейік.
2-жүргізуші: 1991 жыл 10-қазан. Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
1-жүргізуші: 1992 жылы наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық.
2-жүргізуші: 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
4-оқушы:
Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,
Білдім дербес елімнің үлгісі деп.
Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,
Беттерінен көз тартиып тұрды сурет.
Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,
Құт-береке болшы бір елге келген.
Өз туы, елтаңба, әнұраны бар
Айтындаршы, енді елім кем де неден?
1-жүргізуші 1994 жылы Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышшкері Таалған Мұсабаев ғарышқа ұшты.
2-жүргізуші: 1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата-Заңымыз бірауыздан қабылданды.
1-жүргізуші: 1996 жылы 30-қаңтарда Қазақстан парламентінің 1-сессиясы өтті.
2-жүрізуші: 1997 жыл «Құғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды.
1-жүргізуші: 1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
5-оқушы:
Көтерді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін..
2-жүргізуші: 1998 жылы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп жарияланды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясы жарияланды.
1-жүргізуші: 1999 жылы 10-қаңтар. Президент сайлауы нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев жеті жыл мерзімге Президент болып қайта сайланды.
2-жүргізуші: 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариланды.
1-жүргізуші: 2002 жылы 23-қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті.
2-жүргізуші: 2003-2005 жылдар- «Ауыл жылы».
1-жүргізуші: 2004жылы - «Денсаулық жылы».
2-жүргізуші: 2005 жылы 4-желтоқсанда бүкілхалықтық президент сайлауы болды.
1-жүргізуші: 2006 жылы 7-қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
Егеменді елімнің әнұраны жаңарды.
«Менің Қазақстаным» жер жүзіне таралды.
(Әнұран орындалады)
6-оқушы: Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ. Нұрсұлатн ағамыз елімізді бірде-бір абала оқымай қалмауы керектігін басты назарға салды.
Біздің болашағымыз үшін маңдай терін төгіп, орасан зор істер атқарып жүрген Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз шесіз.
2-жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы кейде айта беретініміздей «таршылық жағдайда» өтті: үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мерекеге айналатын.
1-жүргізуші: Қазақстанның еңсесін көтеріп, тәуелсіздік жолымен алып жүру міндеті Нұрсұлтан Әбішұлының маңдайына жазылды.
2-жүргізуші: Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз.