7


  • Учителю
  • Өміріміздегі көліктердің маңызы 4 класс

Өміріміздегі көліктердің маңызы 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы; Күнделікті өмірдегі көліктер

Сабақтың мақсаты; Оқушыларға күнделікті өмірдегі көліктердің

маңыздылығы туралы түсіндіру.

Оқушылардың есте сақтау, шығармашылық қабілетін

дамыту.Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,

тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың көрнекілігі; Слайд, кестелер,көліктің суреттері.

Сабақтың әдіс-тәсәлдер; Сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың түрі; Аралас сабақ.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Ой ашар

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің жетінші қара сөзінде былай деген; «Бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады; біреуі ішсем, жесем,ұйқтасам, деп тұрады. Екіншісі білсем, көрсем, үйренсем дейді.

-Сендер өздеріңді осының қайсына жатқызар едіңдер?

(Олай болса сабағымызды бастаймыз)

Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген «Ауылдағы еңбек» туралы 3-4 оқушыдан жазып келген шығармасын оқыту.

Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.

-Ауылдағы еңбекке қандай шаруашылықтар жатады екен?

-Ауылда шаруашылықтың қай түрі басымырақ? -Мал шаруашылығы басым.


Қазақтың негізгі шаруашылығының кәсібі мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды.Қазақтардың көшіп-қонуына төрт түліктің соның ішінде жылқы, түйенің орны ерекше.

Жаңа сабақ.

Әрбір көлік малының тұрмыстық - шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты блады.

Адамзат қоғамына дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрімен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомабиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Қазіргі кезде мініс малы - автомавильге айналды.

Су көлігі- көлік жүйесінің ажырамас бір бөлігі. Ол мұнай өнімдерін, ағаш пен құрлыс материялдарын жпппай тасымалдауға тиімді.

Әуе көлігі- көліктің ең жаңа қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушылар тасымалдаумен тез бұзылатын жемістер мен көкіністерді тасымалдауда маңызы зор.

Жер үсті көліктері- жер үстінде жүретін көліктердің барлығы жатады. Темір жол көлігі астық, көмір,өнімдерді т.б тасуға қолданылады. Жүк көлігі жүктерді тасымалдауға қолданылады.

Көліктің қай түрі болсада адамға сан алуан қызмет көрсетеді.

Оқулықпен жұмыс.

«Күнделікті өмірдегі көліктер» тақырыпты оқу, түсіндіру. Оқушыларға тізбектей оқыту.

Ойынның шарты әр ұяшықта жасырылған көліктерді атап оның маңызы мен пайдасын айту.

Сен білесің бе?

1) Әлемдегі ең үлкен жүк көлігі - Бұл көлік самсамол типті машинаар қатарына жатады. Көліктің ұзындығы - 14,5 м, салмағы - 222 т, ені - 9 м.

2)Әлемдегі ғажайып көлік бұл көлік «Суперавтобус» деп аталады. Көлік заманауй техниканың барлық түрімен жабдықталған. Оның ішінде теледидар орнатылған, 23 жолаушы жайғасып отырады.

3) Әлемдегі ең ұзын автокөлік- бұл ұзындығы 30 метрден асатын 26 дөңгелекті лимузин. Лимузиннің ішінде бассин орнатылған. Бұған қоса, көліктің төбесіне тікұшақ қона алатын алаң орын тапқан.

4 ) Әлемдегі ең кішкентай көлік- бұл көліктің салмағы бар жоғы 60 келе құрайды. Жанармайды да көп қажет етпейді. 3 дөңгелектен тұратын бұл көлікті америка ғалымдары ойлап тапқан екен.

Сабақты қорыту.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?


Үйге тапсырма. Оқушыларды бағалау.

Жаңа тақырыпты оқу, түсінгендерін айту. Көліктің пайдасы туалы әңгіме жазуға беру.


Түпқараған ауданы

Ақшұқыр ауылы

М Әбдіхалықов мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі: Шығысова Гулзия




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал