- Учителю
- Открытйы урок Қоянның туған күні
Открытйы урок Қоянның туған күні
Тақырыбы: 1Қоянның туған күні.(Ойдан ертегі құрастыру)
Мақсаты:
Барысы: Балалар қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңбері:
Қанша бала ,қанша қыз.
Бір шоқ гүлміз баршамыз,
Ойын күлкі ордасы
Біздің балабақшамыз.
Біз ертеңгі батырмыз
Біз ертеңгі ақынбыз,
Бір анадан туғандай
Біз бәріміз татумыз.
Балалар орындарына отырады.
Балаларға үй және дала жануарлары туралы сұрақтар қоямын. Жұмбақ: Қалқиған ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (Қоян) Қоян туралы мәлімет беріледі:Балалар қояндардың бірнеше түрлері бар. Түстеріне қарай олар сұр,ақ,қара болады.Сұр қояндар ақ қояндарға қарағанда ірі келеді.Әрі сұр қояндардың құлақтары мен құйрығы ұзынырақ болады.Олардың жүнінің түсі қыста да өзгермейді.Тек қыста бауыры ағарады.Ақ қояндар жыл мезгіліне сай түстерін өзгертеді.Жазға қарай қоңырқай түске енеді.Ал қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Оларды қыста қардан ажырату қиын.Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды.Қысқа азық жинамайды.Олар ағаштардың қабығын азық етеді. СМС келеді.СМС оқылады: Құрметті балалар сіздерді бүгінгі туған күніме шақырамын. Барлығыңыз келсеңдер жақсы болар еді. - Балалар барамызба? -Иә , барамыз,- деп қуанады. Олай болса алдымен туған күнге сыйлық дайындауымыз керек қой,қоянға қандай сыйлық ұнайды екен? -Сәбіз алып барайық. -Жарайды онда мына қағаздарға сәбіздерді жапсырайық. Балалар шығармашылықпен айналысады,сәбіз жапсырады. Енді осы сәбіздерімізді мына қорапшаға салып алайық.Ал енді бәріміз дайын болсақ жолға шығайық. Паравозға жайғасайық. (балалар ыңғайланып отырады).Паравоздың дауысы естіледі.Алдарынан Панда аю шығады. -Кімсіңдер?-Балалармыз.-Қайдан келе жатсыңдар? -Балабақшадан.-Мазамды алдыңдар ғой,орманда тыныштық сақтау керек екендігін білесіңдерме.-Иә.Қайда бара жатсыңдар?-Қоянның уйіне.-Бірақ сендер білесіңдерме қоянның үйіне кез келген адам жете алмайды ,қоянның үйіне жету үшін тапсырмалар орындауларың керек , орындайсыңдарма тапсырмаларды?-Иә Олай болса жолдарың болсын. Балалар әрі қарай жүріп кетеді. 1.тапсырма: «Ну орман» шарты:ормандағы ұйықтап жатқан аңдарды ояту керек.(аңдардың суреті бар умаждалған қағаздарды алақанмен жазу ). 2.тапсырма: «Гүлді алқап»шарты:гүлді алқаптан гүлдер теру. (ағаштарға тимей, тек гүл тереді ). Содан соң қоянның үйі көрінеді . қоянның үйіне келеді.-Міне қоянның үйіне де жеттік. Қоянмен амандасады , -Туған күнің құтты болсын. Балалар қоянға арналған тақпақтарын айтып сыйлықтарын береді.
Дильяра: Нұр ойнаған жүзіңнен Құшақ толы гүліммен Құттықтаймыз қоянды , Бүгінгі туған күнімен Б.Анеля: Балдай тәтті баламыз Ақылдымыз данамыз Туған күнін достардың Бірге қарсы аламыз.
Манас: Ақ қоян ау,ақ қоян Үркек қоян сақ қоян Қаша берсең қалыңға , Қорқағым деп ат қоям.
Балалар мына жерде тұрған күнді байқадыңдарма, ол көңілсіз ғой және шуақтары да жоқ ,қане күннің шуақтарын қондырып көңілін көтерейік. Балалар күннің айналасына қыстырғыштар жапсыру арқылы саусақ моторикасын дамытады.Күннің көңілі көтеріледі. Күнмен бірге «Күнді қоян »ойыны ойналады.
Әдемі: Көжегім ау көжегім, Талған жоқпа өзегің Қарның ашып қалмасын Шөптен өзге не жедің?
Шахнура:Көжегім ау,көжегім.
Айтпай қалай сеземін
Айтпайсыңба тезірек,
Келіп отыр не жегің
Мұхит:өжегім ау,көжегім
Қазір тамақ беремін
Жыбырлайды ерінің ,
Келіп отыр не жегің?
-Жарайсыңдар,рахмет.
-Балалар қараңдаршы қоянның бақшасында сәбіздер өсіп тұр екен,қоян оны өзің ектің бе?
-Иә оларды теретін уақыт болды,сіздер маған теруге көмектесесіңдерме, мен біршама егіп едім, нешеуі шықты екен санап беріңдерші.
Балалар сәбіздерді жұлып отырып санайды.
-Балалар енді қоянға сергіту сәтін орындап берейік . Сосын қайтайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді,
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Ал енді балалар балабақшамызға қайтайық. Паравозға отырып кейінқарай жүреді. Жолда «Иә-Жоқ » ойынын ойнайды.Қорытынды сұрақ жауап. Балабақшаға келген соң бастарынан өткен оқиғаларды ертегі қылып ойдан құрастырып береді.
Жарайсыңдар . Үш тілде қоштасып шығып кетеді.