- Учителю
- Урок по теме Әдептілік -тәрбие бастауы
Урок по теме Әдептілік -тәрбие бастауы
Тақырыбы: «Әдептілік тәрбие бастауы»
Мақсаты:
Оқушыларды әдептіліктің алтын ережелерін қастерлеуге, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.Адамгершілік қасиеттерге тәрбиелей отырып, оқушылардың рухани көзқарасын байыту.Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: гүлдер, жүрекшелер, жұлдыз, күн суреттері, слайд
«Шаттық» шеңбері
- Оқушылар бәріміз бірге әдептілік, мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік.
Сәлем Күн-Анамыз! /қол жоғарыда/
Қуанатын күн бүгін / қол ұстасады/
Қайырлы таң! Қайырлы күн! /қол көкіректе/
Күліп шықты күн бүгін! /қол жоғарыда/
«Көңілашар» сәті
Сабақтың алдында қағаздан қиылған жүрекшелер қобдишаға салынып қойылады.
- Балалар мен бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп, сүйсініп тұрмын. Сол себептен мен сендерді көңілашар сәтіне шақырамын! Бұнда түрлі-түсті жүрекшелерге толы. Есімізде түстерді сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен. Қызыл-адамгершілік, сары-адалдық, қызғылт- мейірімділік, көгілдрі- сүйіспеншілік, жасыл- әдептілік, көк-ізеттілік, ақ- қайырымдылық.
- Балалар осы жүрекшелерді алып, биікке ұшыруға тырысайық. Балалар жүрекшелерді аспанға лақтырады.
- Қараңдаршы қандай керемет! Біздің сыныптың іші осы құнды қасиеттерге толды.
Инабат тобы. Қамқорлық тобы. Әдеп тобы.
Бейнетаспа: « Әли мен Айя» Дастархан басындағы көрініс.
-Оқушылар осы көрінске қарап не айтуға болады.Оқушылардың пікірлерін тыңдау.
Әр топ айтып шығу. Топқа қол шапалақтау 3 рет.
Шығармашылық жұмыс
Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттері бар суреттерді бір қағазға, жақсы қасиеттері бар суретті екінші қағазға жапсырамыз.
Жапсырып болсақ, жаман қасиеттерді жапсырған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді көрсетіп әңгімелеп айтасыңдар.
Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық.
Балалар, енді әдептілік алтын ережелері туралы не айта аласыңдар?
1-топ Әдептілік ережелері туралы айту.
Шұғыла: адамның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі-әдептілік сезімі. Өзіңді әр түрлі жағдайда эстетикалық және этикалық талаптарға сай ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі өзге біреудің жанына кірбің салмай, адамға қуаныш әкеле алатынның бәрін түсінуді және басқа біреудің уайым- қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам әр уақытта қоғамға, басқа адамға қиянат жасаудан бойн аулақ ұстайды. «Әдебі жақсы-әдемі» деген қанатты сөз осының айқын дәлелі.
Мектептегі әдептілік деген не?
Шәкәрім: мектептегі әдептілікке мектеп ережесін сақтау, сабаққа кешігіп келмеу, мұғалімдермен, жолдастарыңмен амандасу, мектеп мүлкін сақтау, үлкендермен, кішілермен қарым-қатынаста болу.
А. Арсен: Әдептілік амандасудан басталады. Амандасу үшін айтылатын сөз: Сәлеметсіз бе? Ассалаумағалейкум, Қайырлы таң, Қайырлы күн? Кеш жарық…
Балалар амандасудың тәртібі туралы не айта аласыздар?
Нұрила: Қол алысып амандасқанда, қолғапты шешу керек.
Тимур: Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасу.
Сұлтан: Үлкендермен және қыздармен сөйлескенде түзу түрып, дұрыс жауап беру керек.
Агланна: Қолыңды екі қалтаңа салып, шіреніп тұру сыйламаушылықтың белгісі.
Бой сергіту жаттығуы: өлеңді қимыл арқылы жасау
2- топ мақал-мәтел айту.
Оқушылар:
Жангелді: Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы жат-надандықтың белгісі.
Үніасыл: Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
М.Арсен: Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
Нұрдәулет: Әдептілік белгісі -иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі-келіп -кетіп жүргені.
Еркеш: Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.
Ақниет: Жаманнан жирен ,
Жақсыдан үйрен.
Мұғалім :Әдеп әліппесі туралы кім не біледі.
Әдеп әліппесі туралы айту.
Райаз:
Әдеп, тәртіп білемін,
Әдеппен сөйлеп күлемін.
Әрқашан жұрт алдында
Әдеппен сөйлеп жүремін.
Досан:
Досты сыйлау салтымыз,
Достық жасау шартымыз.
Достық жасап бар елмен,
Достасады салтымыз.
Аружан:
Иландырған әдепті
Иман- сенім әдепке.
Иманды жан біледі,
имандылық әдетті.
Кәусар:
Сабырлы жетер мұратқа,
Сабырсыз қалар ұятқа.
Сабырлық ақыл туындай
Сабырдың туын құлатпа.
Төребек:
Әдеп-алтын сабырың,
Жетелейтін мұратқа.
Әдеп-талап,жалының,
Ақ желкенің құлатпа.
Диас:
Сыйластықты іздеген,
Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі,
Үлкендерге сіз деген.
Сөзжұмбақ шешу. Әдептілікке байланысты сөздер табу.
Ж- жақсы бол
А - ақылды бол
Қ - қамқор бол
С - сабырлы бол
Ы - ынтымақты бол
Ә -әдепті бол
Д - дос бол
Е - еңбекшіл бол
Т - тәртіпті бол
Ән: «Мен талапты баламын»
Би: «Вальс»
Қорытындылау.
</