- Учителю
- Текті білу тегін емес (2класс)
Текті білу тегін емес (2класс)
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Тақырып: Текті білу тегін емес.
Құндылық: дұрыс әрекет,ақиқат
Қасиеттері:сыйластық,адалдық,ізеттілік
Мұғалім:
Класс:2
Сабақ мақсаты:
Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтыры туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
ата тегі,жеті ата туралы түсінік беру;
-
ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
-
ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.
Сабақ барысы:
1.Алғашқы ұйымдастырукезеңi.Сәлемдесу.
Оқу құралдарына назар аудару.
Тыныштық сәтi. Орманға саяхат
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап! Оны қалайша сүйетінімізбен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Сабақ барысын талдау:
2. Дәйексөз
Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл
Халық даналығы
3. Әңгімелесу
-
Өз аталарың туралы не айтасыңдар?
-
Нағашыларың туралы не айтасыңдар?
-
Жеті атаңды айта аласың ба?
Өзара қарым-қатынас
4. Мәтінмен жұмыс.
Ж.Дәуренбековтың «Арұлан»атты әңгімесін оқу.
-
Арұлан қандай бала? Аружан ше?
-
Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?
5.Шығармашылық жұмыс. Оқушыларға өз отбастарында қалыптасқан тәлім-тәрбие, дәстүрге сүйеніп, «Біздің отбасымыздағы дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып,әңгімелейді.
</<font face="Times New Roman, serif">6.Топпен ән айту
Келші,келші,балашым
7.Соңғы тыныштық сәтi. Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.