- Учителю
- Пайдалы қазбалар деген не?
Пайдалы қазбалар деген не?
</<font face="Times New Roman, serif">Сыныбы 4 |
Күні | ||
Сабақтың тақырыбы
|
Пайдалы қазбалар деген не? | ||
Мақсаты
|
Оқушыларға пайдалы қазбалар туралы білім беру және олардың маңыздылығын түсіндіру, табиғаттағы заттар мен құбылыстардың арасындағы қатынас түрлерін бақылату арқылы оқушының жүйелі ойын жетілдіру. | ||
Күтілетін нәтижелер
|
| ||
Керекті жабдықтар
|
суреттер, АКТ, флипчарт, маркер, бояу, пайдалы қазбалар картасы. | ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
|
Түстер таңдау арқылы топқа бөлу
Психологиялық дайындық. - Оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге өлең жолдарын қайталап айтады. Оқушылардың сабаққа қатысу дәрежесін жетондар арқылы бағаланатынын ескерту. Өткен тарауды қайталау ретінде тест сұрақтарын беру. |
- Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады.
Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанайық күнге, Шуақ шашқан елге. Бәрімізде бірге! Жетондар арқылы бағаланудың мәнісін ұғыну.
Тестке жауап. Дұрыс жауап үлгілеріне қарап көршілерін тексеру. | |
Тұсаукесер
|
Суретпен жұмыс. Суреттерден нені көріп отырмыз? Олар жерді неліктен қазып жатыр деп ойлайсыздар? Дұрыс айтасыз, бүгінгі сабақта «Пайдалы қазбалар деген не? » тақырыбымен танысамыз. |
Топтағы оқушылардың ықтимал жауаптары:
| |
Негізгі бөлім
|
3-сыныпта өткен пайдалы қазбалар туралы тақырыбымызды еске түсірейік. Пайдалы қазбалар дегенді қалай түсінеміз? Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді? Неліктен кенді пайдалы қазба дейміз? Жанғыш деп аталу себебі неде? Кенсіз пайдалы қазбаларға нелер жатады? Кен орыны деген мағынаны түсіндіру. Қазақстан кен орындары туралы қысқаша мәлімет беру.Пайдалы қазбалардың шартты белгілеріне тоқталу. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқу. Ассоциация жасау. Топтық жұмыс.
кенді кенсіз жанғыш
|
Себебі:адамға пайдасы көп, жерден қазып алынғандықтан пайдалы қазба дейді. Кенді, кенсіз, жанғыш. Құрамында металдар бар қатты тау жыныстары кенді пайдалы қазба дайді. Себебі, жанғыш пайдалы қазбалар жанады. Кенсіз пайдалы қазбаларға тұздар,мәрмәр,гранит,құм,саз,әктас және басқалары жатады.
Топтар мәтінді оқып танысады. Өз ойларын ортаға салады. Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.
қорғасын саз әктас мұнай
кенді кенсіз жанғыш
темір мыс әктас газ көмір | |
Қорытынды
|
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Жинаған жетондар бойынша өзін-өзі бағалауды ұсыну. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу,кескін картамен жұмыс, қосымша іздену |
Пайдалы қазбалар өндірілетін жер кен орны деп аталады. Өз қажеттілігіне пайдалану үшін өндіреді. Қазақстанда 6 мыңға жуық кен орны бар. Әр оқушы өзінің жинаған жетондары бойынша өзін-өзі бағалайды. |