7


  • Учителю
  • К. Әбілмәжінқызы Мысықтың қоңырауық ертегі

К. Әбілмәжінқызы Мысықтың қоңырауық ертегі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мұғалімі: Сержанова Г.Ж.

Пән атауы: Сауат ашу

</<font face="Calibri, serif">Сабақтың тақырыбы: Мысықтың қоңырауы. (ертегі) К. Әбілмәжінқызы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мысықпен таныстыру, балаларға мысықтың үй жануары екенін айтып түсіндіру, балалардың тіл байлығын, танымын, өнерлерін дамыту.

Көрнекілігі: Мысықтың суреті, интерактивті тақта,слайдтар,жұлдызшалар,кеспе қағаздар.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, мадақтау, қорытындылау.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Кәне, балалар, біз сабақта қалай отырамыз, өте әдемі болып түзу отырамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Қ.Мырза Әлидің «А» өлеңін жатқа айту.

2. Спандияр Көбеевтің «Қарға мен көлбақа» мәтінін оқып,мазмұндау.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым білім жолына

Енді қайық саламыз.

(Бейне жазба)

ІҮ.Актуалдау.

Е- «А»өлеңінің авторы кім? (Қ.Мырза Әли)

Р- Қ.Мырза Әли қайда дүниеге келді? (Орал обл. 1935ж)

Т-АҚЫЛ сөзіне дыбыстық талдау жасау.

Е-Қарға мен көлбақа мәтінінің авторы кім? (Спандияр Көбеев)

Г- Спандияр Көбеев қайда дүниеге келді? (Қостанай обл.1878ж)

І-Көлбақаның Қарғаны мақтаған жерін әңгімелеп бер.

Сұрақтарды шешкенде ЕРТЕГІ сөзі шығады.

Ү.Жаңа сабақ.

Ертегі халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі.Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесі тудырған. . "Ертегі" деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Кейде "ертек" деп те айтылады. Содан ертегі айтушыны "ертегіші", "ертекші" дейді. Осы аты көп ертегінің басында әдейі айтылып, аумай аталып та отырады. Қазақ ертекшісінің де көптен-көп ертегісін: "ертеде бір бай бопты", "ертеде бір хан бопты", "ертеде бір кемпір мен шал бопты" деп бастайды. Немесе "ертек-ертек ерте екен" деген сияқты көп ертектерге ортақ, ерекше өлеңше бастаумен келеді.

Бүгін біз Мысықтың қоңырауы ертегісімен танысамыз.Ертегі авторы Әбілмәжінқызы.

Ертегіні мазмұндап айтып беремін.(слайдтар)

ҮІ.Оқулықпен жұмыс.

*Ертегіні оқу.

*Мазмұнын түсіну.

*Мақал оқып, мағынасын түсіну.

ҮІІ.Сергіту сәті. Мысық күй орындайды.

ҮІІІ.Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашамыз

Қолға қалам аламыз.

Әдемі етіп жазамыз

Кілең бестік аламыз.

Мақалдар жазу.

Оқу -білім азығы,

Білім-ырыс қазығы.



Кітап -асыл қазына.



ІХ.Сабақты бекіту.

Дұрыс оқы, жазылуын есіңде сақта.

Ақкөңіл,тыныштық,жаншып,тәкаппарлана,бұрышбұрышта,ұйқышыл,қорылдай,оятса,

дұшпанының,сылдырлайтын,алаңсыз.

Мысық, тышқан, қоңырау сөдерін буынға бөліп дыбыстық талдау жасайды

Қоңырау сөзіне сөйлем құрау

Қорытындылау.

Қандай мәтінмен таныстық?

Мәтінде нелер туралы айтылған

Х.Үйге тапсырма

*Ертегіні оқу.

*Мазмұнын айту.

*Достық туралы мақал жазып келу.

ХІ.Оқушыларды мадақтап, сабақты аяқтау.





Ақтөбе облысы Шалқар ауданы І.Үргенішбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сержанова Гульмира Жеткергеновна









































































Балалар, мысықтың көзі нешеу?

- Екі көзі бар.

- Құлағы нешеу?

- Екі құлағы бар.

- Мынау құйрығы, аузы, мұрны.

- Неше аяғы бар, санайықшы?

- Төрт аяғы бар.

- мысықтың түсі қандай?

- Мысықтың түсі сұр.

- Барлығымыз бірге айтайық.

- Сұры

- Жүні жұмсақ, кәне барлығымыз ұстап қарайықшы. Мысықтың пайдасы өте зор. Мысық үйдегі тышқандарды жеп, жоқ қылады. Мысық сүт ішеді. Кәне, балалар барлығымыз мысықтың сүтті қалай ішетінін көрсетейік. Балалар, сендер мұқият тыңдап отырыңдар. Мен сендерге тақпақ айтып беремін.

Үстінде үйдің

Тұр еді мысық

Қасына келді

Бір торғай ұшып

Бас салмақ болып,

Ыршыды мысық

Жөнелді торғай

Пыр етіп ұшып.

Балалар, сендер шаршаған боларсыңдар. Кәне, енді сергіту жаттығуын жасайық.

Орнымыздан тұрайық

Алқанды созайық

Бір отырып, бір тұрып

Тынығып бір алайық (2-рет).

- Оқушылар, енді мысықтың ізін саламыз. Кәне, мысықты жүргізіп көрейік.

Мысықтың ізін қағаз бетіне қарандашпен емес, бояу арқылы саусақпен саламыз.

Біздер өткен сабақтарымызда қарындашпен салатын едік, енді қазір саусақтарымызбен жұмыс жасап, моторикамен яғни саусақтарды біріктіре отырып жұмыс жасаймыз.

Кәне, барлығымыз саусақтарымызды көрсетейік, осы саусақтарды бір жерге біріктіріп, мысықтың ізін осы саусақтар арқылы қағаз бетіне түсірейік. Алдымен өзім көрсетемін. Міне, қараңдаршы.

• Оқушыларды жеке-жеке шақырып, қолдарын жаттықтырып, жұмыстарын тексеру.

• Оқушылардың жұмыстары тақтаға ілінеді.

• Оқушыларды мадақтап, сабақты қорытындылау.

Сабақтың толық нұсқасын мына жерден көшіріп алуға болады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал