7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Амангелді батырым(3сынып(

Ашық сабақ Амангелді батырым(3сынып(

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы : Нұрпейіс Байғанин « Амангелді батырым»

Сабақтың мақсаты : Өлеңді түсініп оқи отырып ,мағынасын меңгерту

Сабақтың міндеттері : 1.Амангелді батыр, Нұрпейіс Байғанин ,

А.Қастеев туралы мағлұмат беру.

Өз ойларын қорытындылай білуге дағдыландыру.

2.Оқушыларды еркін сөйлеуге , ойларын еркін

жеткізуге баулу, тіл байлықтарын ,

шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Батырлыққа ,ерлікке , елін ,отанын қорғай білетін

азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер : А.Имановтың , Н.Байғаниннің , Ә.Қастеевтің портреттері , таратпа материалдар , Ә.Қастеевтың салған портреттері , ақ парақтар , бағалау парақтары .

Сабақта қолданылатын стратегиялар :

Қаламды ортаға ,Елес жетелеу , ЖИГСО ІІІ , эссе,

Сабақтың барысы :

І. Қызығушылықты ояту.

1.Психологиялық дайындық. « Мен мақтанамын .....»

2. Үй тапсырмасын тексеру .

-Махамбет пен Исатай туралы мағлұмат жинау. Мәтінді мазмұндау

3. Қаламды ортаға стратегиясы .

- Сен жас батырсың екен дейік. Сен бастаған қол абайсызда жау қолында қалып қойды. Қоршаудан құтылып шығу үшін қандай әдіс -айла ойлап табар едің?

Берілген тапсырма бойынша оқушылар ойларын қысқаша жазып алады да , қаламдарын ортаға қояды . Мұғалім ортаға жиналған қаламдардың бірін көрсетеді. Сол кезде қалам иесі тапсырмаға жауап береді.

ІІ. Мағынаны ажырату .

  1. -Елес жетелеу. Көзімізді жұмып Амангелді батырдың бейнесін елестеу.

  • Амангелді батырға қысқаша тоқталып өту.

Оқушыларға Амангелді батыр туралы мәлімет жазылған таратпа материалдар таратылады.

2.Балалар Амангелді батыр туралы жазғандардың бірі Нұрпейіс Байғанин. Авторға қысқаша шолу.

Нұрпейіс Байғанин ( 1860- 1945)- ақын, жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ақтөбе облысында , Темір ауданында( қазіргі Байғанин ауданында) дүниеге келген .

Нұрпейістің анасы тамаша әнші, домбырашы , ақын болған. Ән айтуды осы анасынан үйренген .Ол суырып салма ақындар айтысында көзге түсіп, «бала жыршы» атанады.





  1. -ЖИГСО ІІІ.

  • Өлең жолдарын әр жақтан жинап , өлеңді

құрастыру.

- Құрастырған өлеңдерін оқу мәнерлеп .

- Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп тізбектей оқу.

4. Сергіту сәті. Оқушылар парақшаларға тілектерін жазады да ,

бір- бірлеріне лақтырады.

ІІІ. Ой толғаныс

  1. Суретпен жұмыс. Суреттің авторы Әбілхан Қастеевпен таныстыру, сонымен қатар оқушыларға Ә.Қастеев туралы қысқаша мәлімет жазылған таратпа материалдар үлестіріледі.

Ашық сабақ Амангелді батырым(3сынып(Ашық сабақ Амангелді батырым(3сынып(Ашық сабақ Амангелді батырым(3сынып(

-Ә.Қастеев ( 1904- 1973)- әйгілі кескіндемешісі ,график -суретші , қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.

Әбілхан қолөнерге , суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем , алаша тоқуға , сырмақ сыруға шым ши жасауға шебер адам болған екен .Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып , анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Танымал туындылары « Мақта жинау» , «Түрксіб» , « Колхоздың той», сонымен қатар Абайдың , Шоқанның , Жамбылдың портретін салған . Соның ішінде ерекше танымал болып табылатын портреті « Амангелді Иманов» портреті.

3.Сурет бойынша эссе жазғызу.

4. Кері байланыс.

3. Үйге тапсырма өлеңді жаттау.

4 .Оқушыларды бағалау парақтарына өздерін бағалады..











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал