7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты 'Қош бол, сүйікті Әліппем!'

Тәрбие сағаты 'Қош бол, сүйікті Әліппем!'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 19 орта мектебі


(Ертеңгілік)


1 «Ә» - сынып


Бастауыш сынып мұғалімі: Иркенова Р.И.


Ақтөбе қаласы -2015 жыл

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың әліппені оқу кезеңінде алған тәлім-тәрбие-сін, білімін, білігін және дағдысын байқату; өнерлерін көрсетіп неге үйренгендерін көрсету.
Тәрбие сағатының барысы:
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, сүйікті шәкірттерім!
- Бүгін сіздер 1 «Ә» сынып оқушыларының «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты әліппемен қоштасу кешіне жиналып отырсыздар.
- Төрт ай бұрын олар мектеп табалдырығын жүрексіне аттап, кіп-кішкентай жүректері бұлқына соққан балғын бүлдіршіндер еді. Қолдарына алған тұңғыш оқулықтары Әліппеге тамсана қарап, оның әр бетін қызыға парақтаған болатын. Ал қазір ше? Қазір олар бойлары да, ойлары да толысқан, әр бетін тамсана тамашалаған Әліппе оқулығындағы 42 әріпті жатқа білген, кез-келген әңгіме, ертегіні өзі оқи алатын дәрежеге жеткен оқушылар - Сүйікті Әліппелерімен қимай-қимай қоштасқалы тұрған балғын бүлдіршіндерге сөз берейін.
1-оқушы Жангүл: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата-аналаор, құрметті оқушылар!


2-оқушы Али: 1 «Ә» сыныбының « Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігіне хош келдіңіздер!


3-оқушы Кәусар: Өтті оқу сан сабақ.

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достассақ

Әліппемізбен қоштаспақ.

Бәрі: Құтты болсын тойымыз!


Мұғалім: Балалар естеріңдеме, ең алғаш мектеп табалдырығын жасқана аттаған күндерің қай күн еді?

Оқушылар: 1- қыркүйек.

Оқушы- Нұрасқан: Күмбір-күмбір қоңырау

Соғылған ай қыркүйек

Қалам ұстап қолыма

Жазылған ай қыркүйек.


Мұғалім: Мұнан соң ең алғаш қолымызға алған алғашқы кітабымыз туралы не айтар едіңдер?

Оқушы-Бекзат: Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзін көріп пе ең

Том-том қалың кітаптың

Басы болар әліппең


Мұғалім:

Іші толған әріпке Білімдіге жарық не?

Оқушылар:

Болашаққа жол бастар.

Ол сүйікті, әліппе!

Ол сүйікті, әліппе!

Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық.

Оқушылар: Әліппе, әліппе, әліппе..


Ортаға Әліппе шығады. - 5 кластың оқушысы Жансая.



Армысыңдар, жас достар,

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Балалар сәлемдеседі. Әліппе әріптердің формасын киген балаларға қарап, түгендегендей қалып танытады.

Әліппе: Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын. Дауыстылар қайдасыңдар?

Дауысты дыбыстар формасындағы балалар:- Біз мұндамыз!

Дауыссыздар қайдасыңдар? - Біз мұндамыз!.

Әліппе: Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі жоқ қой?

Балалар: Олар ойнап жүр.

Әліппе: Олар тойға неге қатыспай ойнап жүр?


1-бала: Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп, өкпелеп жүр.

Әліппе: Біреуің барып шақырып келе қойыңдар.

Бір бала екеуін қолынан ұстап жетектеп келеді., Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі формасындағы балалар өкпелегендей, тартыншақтап кіреді.

Әліппе оларға қарап: Жіңішкелік белгісі, айыру белгісі, сендердің де өз орындарың бар. Тәртіпсіздік жасамай, орындарыңа барыңдар.


Оқушы - Інжу:

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты,

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет ұстаз алғашқы.


Оқушы - Сымбат: Ғұлама білгіш ғалымнан,

Оқушы жас жалыннан,

Аса ірі ойшылдан,

Президент, ақыннан,

Ғарышкер, ұлы батырдан,

Өнері асқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Мың бұралған бишіден,

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас кәріден,

Оқушының бірінен,

Хор: Ұстаздарға мың алғыс.


Ән: Әліппе.

Әліппе- Жансая 5 кластың оқушысы.


Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп не білдік,

Қане ортаға салайық.


Мұғалім:

Сенің нұрың сөнбесін,

Ашық аспан жарық күн.

Келешегі сөйлесін,

Қазақ деген халықтың.

Тілі балдай баланың

Талабына жарық бер.

Ертеңгілік сабағын

Жүргізеді мына отырған әріптер.


Әліппе: Алфавит біліңдер

Онда қалып жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде,

42 әріп бар.

  • Қәне, кім маған алфавитті жатқа айтып беред? ( алфавитті жатқа айту)


Оқушы- Айсұлу:

Алфавиттің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадыңба? Б тұрады үшінші.

Ал осының сыры неде? Түсінші.

Оқушы- Шыңғыс:

А - деген ол - аналар ғой аардақты,

Ә деген ол- әкелер ғой салмақты

Б- деген ол балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.


Хор: Алшақ кетпей сондықтан да расында,

Тұрады олар, алфавиттің басында.


Оқушы - Ділнұр:

Ғ- ғалым, ғылым, ғасырды

«Ғ» білімге асырды.

Оқушы - Али:

Д- дүлдүл аттар баптаған,

Дәркеңді жұрт баптаған


Оқушы- Мұхаммедали;

Е- Елге есті ер керек

Ержет өсіп ертерек


Оқушы- Аружан:

И-Ирина ені іздейді

Инженер мына біз дейді.


Оқушы - Ахат:

К- Кекілік - ау кекілік

Кетіп қалма секіріп.


Оқушы - Салтанат:

О- озат болып оқыңдар.

Ойға білім тқыңдар.


Оқушы- Гүлназ:

Ө - өсті міне бойларың

Өсті ақыл ойларың.


Оқушы- Ильяс:

Т- тырау- тырау тырналар

Тамаша әнін тыңдап ал.


Оқушы- Ақжибек:

Ы- ыдысты саздан жасаған

Ықылас біздің жас маман.


Би- « Әліппе».


Хор: « Әліппе»


Оқушы - Томирис:

Әліппем менің әліппем

А деген бастап әріптен

Сөз құрап жаза бастадым.

Тақылдап таңба танып мен.

Оқушы- Абдуррахман:

Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Оқушы-Аянат:

Ыстық әрбір беттерің.

Жазуыңды ұғамын.

Ақыл бердің әліппе,

Ақылшы сен мұғалім

Әліппем менің әліппем,

Өмірді келем танып мен

Қайталап айтам мың рет.


Хор: Өзіңе көп-көп рахмет!


Оқушы - Нұрдаулет:

Қош бол, құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


Хор: бізге білім салып берген,

Қош-қош енді әліппем!


Әліппе-5 кластың оқушысы Жансая:

42 әріпті игердің,

Әріптен буындап сөз терген.

Ризамын, балалар сендерге

Қош бол деп айтар да кез келді.

Әліппе кетеді. Хор: « Әліппе»

Оқушы- Алинура:

Терең ғылым сананың,

Тегі деп ой саламын.

Маңыз беріп оқимын,

Математика сабағын.


Цифрлар шығады:



  1. Жангүл:

Мені келсе білгің

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап

Ең басында тұрамын.

  1. Сымбат:

Бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрағым

Бірге бірді қосқанда

Мен шығамын шырағым.


  1. Мақпал

: Екіден соң әрқашан

Үш саны мен тұрамынОрныма барамын

Екі айшық саламын. (ауада жазады 3)

  1. Кәусар:

Үш сызықтан таяғым

Оқушылар қояды

Төрт дегенің баяғы

Төрт түліктің аяғы. ( 4 цифрын көрсетеді)

  1. Нұрқанат:

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десті.

Санашы бір қолыңның саусағын

Оңай табасың бесті. (5 саусағын көрсетеді)

  1. Аянат:

Мен өзімді қатарға

Бестен кейін қоямын

Басым бірден басталып,

Нольмен бітер аячғым. (ауада жазады 6)

  1. Шыңғыс:

Қара мына қызықты,

Көсеуді кім ұмытты?

Жеті болам бір тартсаң

Бел ортанан сызықты (7 цифрын көрсетеді)

  1. Айсұлу:

Менің атым сегіз

Жетіден соңғы деңіз

Жазылғанда қос дөңгелек

Мен боламын сегіз.

  1. Алинура:

Сегізден кейін - тоғыз

Алтыны төбесінен тұрғыз

Сонда болам мен тоғыз.

  1. Бекзат:

Әліппеде О - ға ұқсаймын

Сонда 0 ұқсаймын

Жеке тұрсам мәнім жоқ

Бір орынды ұстаймын.


Мұғалім: Ал, енді балалар «Ормандағы мектеп» ойынын ойнайық.


Оқушылар аңдар киімін киген.Мұғалім - кірпі, Дөңгелек үстелді жағалай отырады.

Ойынға қатысушылар: Кірпі, қоян, аю, қасқыр, түлкі, шыбын, бақа.


Кірпі- Зарина: Сәлеметсіздерме, балалар! Қане, отырыңдар!

Біз сабақты бастаймыз.

Қайталаудан аспаймыз

Қане, көжек, ойланып,

Екіге үшті қоса ғой.

Көжек - Жангүл:

Қос көрінер қорыққанға

Қорқу деген жаман іс.

Екіге үшті қосқанда

Шығады міне үлкен «5!

Кірпі тақтадан бес санын көрсетеді.

Кірпі: Енді түлкі сен келші.

Өнеріңді көрсетші

Екіге екіні қосқанда

Не шығады тез айтшы?

Аянат: Түлкі жалма жан дәптерін ақтарғыштайды.


Кірпі-Зарина:

Дәптерге үйтіп қарама

Алдауға бізді болама?

Аспай-саспай ойланып

Шешуін тап толғанып.

Кірпі-Зарина:

-Енді қонжық келе ғой

Үшке үшті қоса ғой.

Аю-Бекзат:

Аю орнынан тұрып басын екі алақанымен соққылап, бір орында теңселіп, айналып шығады.

Аю-Бекзат: Үшке үшті қосқанда у-у-у

Кірпі- Зарина: Көп ойландың достым-ай

Жауабың сенің осы ма ай?

Осы кезде Шыбын өз орындығынан тұрып, айналып ызылдап ұша бастайды.

Кірпі-Зарина:

Ал, шыбыным ызылдайсың,

Жаздың айқын белгісі

Екі мен бірдің қосындысын

Келеді жұрттың білгісі. Шыбын 3 рет ызылдайды.


Кірпі-Зарина: Міне, дұрыс жауап бердің,

Сұрағымды беске білдің

Енді бақаға назар аударады.


Кірпі- Зарина: Бақа саған кезек келді.

Шешуін айт мына өрнектің ( 2+3=? Карточкамен көрсетеді. Бақа 5 рет бақылдайды)


Кірпі- Зарина, қасқырға қарап: - Қасқыр енді өзің айт,

Аңдарда бар неше аяқ?

Қасқыр- Нұрдаулет:

-Оң аяқ пен сол аяқ

Болады міне екі аяқ

Оң аяқ пен сол аяқ

Болады міне екі аяқ

Барлығы міне төрт аяқ

Білеміз мұны айтпай-ақ


Кірпі барлық аңдарға қарап:

Міне осылай тапқыр бол,

Ақылды бол, күшті бол.

Сұрақ бердім саспадың

Осы еді ғой тосқаным

Сабақ бітті осымен

Сау болыңдар достарым!


Мұғалім: Ендігі сендердің оқитын пәндерің сендермен танысқысы кеп, қонаққа келіп тұр.

Ана тілі- Мейіржан:

Туған елдің тілімін.

Ақылы мен танымын

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

  1. Оқушы-Кәусар:

Ана тілім-ұраным.

Ана тілім құралым.

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

  1. Оқушы- Айсұлу:

Ана тілім - елдігім

Ана тілім - ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

  1. Оқушы - Айжан:

Ана тілің арың бұл.

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

  1. Оқушы- Шыңғыс:

Қазақ тілі, өз тілім, ана тілім.

Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені

Болашаққа бастаған дана тілім.

Ойын: « Ұйқасын тап»

Ыз-ыз-ыз Айгүл жақсы қыз.

Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр.

Ыс-ыс-ыс келіп қалды қыс.

Із-із-із сатып алдым біз.

Ір-ір-ір сен бөгелме кір.

Ма-ма-ма апорт тәтті алма

Ла-ла-ла Асан жақсы бала

Ме-ме-ме жүзіп келеді кеме.

Ле-ле-ле ұнды елекпен еле.


Мұғалім: Енді, осы отырған ата-аналарымыздың балаларына қаншалықты көмектескендерін тексеріп көрейік.

Жұмбақ:

  1. Шипалы мұртты.Томпиған ұртты (Итмұрын)

  2. Құстай ұшар. Қанатты тұлпар. (Ұшақ)


Жалғасын тап: ойын.

  1. Отан жерім, Отан суым,

Отан қуат нәр береді........ (Отан. М. Хакімжанова)


  1. Мектебің мынау класың,

Осында он жыл тұрасың..... (Әліппе. М. Мақатаев.

  1. « Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын әр ата-ана жалғастыру. (Ы.Алтынсарин)

Мұғалім:
- Сендердің Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-аналарың, әжелерің де қосқан үлесі мол. Кәне, бәріміз қосылып рахмет айтайық.
- Бақытты балалық шақтары үшін қымбатты ата-ана, әжелер сіздерге:
Оқушылар хормен: Рақмет!


Мұғалім:
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам - Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
Мұғалім:
-Ал енді балалар сендерді «Әліппе» оқулығын аяқтауларыңмен марапаттауға болады.
Құттықтаулар.
Ата-аналарға сөз беру.
Назарларыңызға көп рахмет!




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал