- Учителю
- Қазақ тілі пәнінен Тұрлаусыз мүшелер тақырыбына сабақ жоспары
Қазақ тілі пәнінен Тұрлаусыз мүшелер тақырыбына сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.
Сабақтың мақсаты: тұрлаусыз мүшелер туралы білімдерін толықтыру; оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; үлкенге және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Түрі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек-сызба, ойын құралдары
Сабақтың барысы:
1. Мотивациялық - бағдарлау кезеңі.
Тақтаға бетіне «ағаштың», «ағашқа», «ағаштан», «аз», «жасыл» сөздері жазылған гүлдер ілінеді. Оқушылар әрбір сөзге өзіне қатысты сұрақтары бар араларды қондыруы керек.
Қондырған сөздерінің дұрыстығын дәлелдету.
2. Операциялық - орындаушылық кезең.
Өз бетінше жұмыс: «Ойлан, тап» .
Мына өлең жолдарындағы «тіл» сөзі сөйлемнің қай мүшесі болып тұр?
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
(Қ.Мырза Әли)
Жан-жақты білімдерін тексеру.
Мысалдар келтіріп кету.
Тірек сызба бойынша алған білімдерін тиянақтау.
Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс
ә) дәптермен жұмыс
Күн ретін жазу. Көркем жазу жолы.
72-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаздырып, оларды сөйлем мүшелеріне талдату.
(Тақтаға орындату)
73-жаттығу. Мақалды көшіріп жазғызу. Мәнін ашу, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызу.
74-жаттығу.
Жұмбақтарды оқытып, олардың шешуін тапқызу. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауышты табу. Тұрлаусыз мүшелерді тапқызып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айтқызу.
Сергіту сәті
75-жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрату. 2-3 сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдау.
76-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жаз.
«Бір сөз сөйлемнің әр түрлі мүшесі» ойыны.
Ойынның шарты: ойынға қатысушыларға суреттер беріледі. Суреттегі зат атауын бірде бастауыш, бірде тұрлаусыз мүше болатындай етіп сөйлем құрау.
3. Рефлексиялық- бағалау кезеңі.
Сәйкестендіру тесті.
Екі бағанда орналасқан сөйлем мүшелері түрлерінің атаулары мен сөздер тобын топтпстырады, сәйкестендіреді.
Тұрлаулы мүше қатты ренжідім
тәжірибелі мұғалім
мен қуандым
тұрлаулы мүшесі бар
Тұрлаусыз мүше жерді өлшеді
«Кім жылдам?» сұрақтарға жауап беру
1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2. Бастауыш дегеніміз не?
3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына неге сызықша қойылады?
4. Асқар оқыды сөйлемінен баяндауышты тап.
5. Маржан жазды сөйлемінен бастауышты тап.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: 78-жаттығу. Ережелерді жаттау