- Учителю
- Сөйлеу мәдениеті қазақ тілі (2 класс)
Сөйлеу мәдениеті қазақ тілі (2 класс)
Күні:03.11.2015 ЖЫЛ
Сыныбы: 2Б
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті
Мақсаты:
1.Оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту;
2.Алған білімдерін өз тәжірибелеріне қолдана алу дағдыларын және есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру;
3.Бойларына адамгершілік тәрбиені сіңіре отырып, мәдениеттілікке, әдептілікке баули отырып, сауатты, әдемі, таза жазуға тәрбиелеу;
Сабақ түрі : қайталау
Көрнекіліктер: сюжетті суреттер т.б
Әдіс-тәсілдер: СТО әдістері,көрнекілік,талдау,түсіндірмелі,сұрақ-жауап т.б
Пәнаралық байланыс: дүниетану,әдебиет.
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру
2. Үй тапсырмасын тексеру. 3-4 оқушыға оқыту
Дәптермен жұмыс.
Ой қозғау.
-Мәтін дегеніміз не?
-Мәтін неше бөліктен тұрады?
-Әр жол қалай жазылады?
-Мәтін неше түрге бөлінеді?
Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу.
3.Қызығушылықты ояту.
-
Әдептілік деген не?
-
Көпшілік жерде отырғанда бала өз өзін қалай ұстау керек? Үлкендермен қалай сөйлесу керек?
«Сиқырлы сөздер әлемі» ойыны:
Сәлем! Хош келдің! Мезгілінде келдің! Жоғары шық! Тамақ алыңыз!
-
Балалар сендердің үйлеріңе қонаққа досың келді. Осы сөздерді пайдаланып, қонақты қарсы алыңдар
4.Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс
159 - жаттығу өлеңді мәнерлеп оқыту, талдау.
-
Ерланның сөздерінен не байқадыңдар? Ерланға қандай мінездеме беруге болады?
-
Біздің сыныпта осы Ерлан сияқты ізетті балалар бар ма?
Дәптерге жаттығуды көшіріп, жазып алады.
Сергіту сәті:қимылды жаттығулар жасату
5. Тақтамен жұмыс:
160- жаттығу: берілген сөздерді көшіріп жазу.
Өзіндік жұмыс: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазыңдар:
Мына кітапты көруге ....
..., кіруге рұқсат па?! Мен байқамай қалдым, ...
... тағы да алуға бола ма?!
161-жаттығу: берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату:
Мүмкін болса, мақұл.
6.Ой толғаныс:
Топпен жұмыс
Сөз ойла, тез ойла" (ойын)
Бір сөзден көп сөз ойла.
Әдептілік Қамқорлық Кішіпейілдік Сыйластық
162-жаттығу (ауызша) сұрақтарға жауап алу:
-
Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер екен?
-
Олар қай жерде кездесіп қалды?
-
Ерден қандай бала?
-
Ал, Еркебұланның әрекетінен оның қандай бала екенін аңғаруға болады?
-
Сонда екеуінің қайсысы тапқыр, ақылды болғаны? Неліктен?
«Ұйқасын тап» ойыны арқылы сабақты қорытындылау:
-
«Әдепті бала - ...бала», «Әдептілік, ар-ұят, ... белгісі», «Сәлем - .... сөздің анасы»
7.Үйге тапсырма: 163-жаттығу «Әдепті бала - арлы бала» тақырыбына шығарма жазу
8.Бағалау: