7


1 маусым балалар мерекесі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Кубан бастауыш мектебі



Балалар мерекесі



Құрметті оқушылар сендерді бүгінгі мерекелеріңмен шын жүректен құттықтап дендеріңе саулық, оқуда озат болуыларыңды тілеймін. Осы 1 маусым балалар күніне және мектеп алаңының ашылуына орай шағын сайыс өткізбекшімін. Келесі кезекте мектеп меңгерушісі: Баймурунова.Ұ.Х сөз берейік. Олай болса сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлайық:

  1. Мектеп меңгерушісі: Баймурунова Ұмсын Хасановна

  2. Аятова Алма

Ендігі кезекте сайыскерлерімізді ортаға шақыру.

Ортаға Достар тобын шақырайық, Жемістер тобын қарсалайық.

Енді сайысымыздың бірінші кезеңін бастайық

  1. бірінші кезең ТАНЫСТЫРУ

  2. ТАҚПАҚТАР сайысы. Бұл сайыста осы оқу жылында өзіңе ұнаған ең әдемі тақпақты айтасың

  3. СУРЕТ САЛ сайысы.

1ком. Ұзын құлақтары бар, жай жүрмейді, тек секіреді, құйрығы ешкінікіндей. Бұл не?

(қоян)



2ком. Басы жалпақ, бұты талтақ, суда жүреді.бұл не? (бақа)



4.НЕ ДЕУ КЕРЕК? Сайысы



1ком. Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

(Рахмет)



2ком. Үй артында қоқысты

Жатқан көптен үйіліп.

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға бүгіліп.

Не дегенің жөн еді?

(Көмектесейін)







1ком. Балалар жүр көшеде,

Естілді шу-айқай.

Сен де шықтың көршіңді,

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

(Кешір)







2ком. Осы келген бетіңнен

Допты қудың, жарастың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуге?

(Сәлемет пе?)

  1. ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІ туралы жұмбақтар.



1ком.

1. Ти десем - тимейді,

Тиме десем - тиеді.

(ерін)



2. Қос батыр қатар тұрса да,

Бірін - бірі көрмейді.

(көз)



2ком

1. Бірі үлкен, бірі кіші-

Бес туысқан бірге ісі

(саусақтар)



2. Қосылғанда қос шебер-

Қыруар-қыруар іс өнер

(қол)





  1. СУРЕТ САЛУ сайысы. Көзді байлап тақтаға адамныңбет пішінін салу.



  1. ЕСЕПТІҢ ШЕШУІН ТАП сайысы.



Осымен біздің сайыс кезеңдері аяғына жетті. Әділқазы алқаларына сөз берейік





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал