- Учителю
- Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысы мен әрпі
Е дыбысы және әрпі.
С/т: Е дыбысы және әрпімен таныстыру.Е дыбысын меңгерту. Сөзге дыбыстық талдау жасату,оқуға жазуға жаттықтыру, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. Ойын арқылы балалардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Суреттер арқылы әңгіме құрастырып,сөздік қорын молайту. Балаларды адамгершілікке,ізеттілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдерді: сұрақ-жауап әңгімелеу ойын түсіндіру. С/к:кеспе әріптер ойыншық суреттер.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Тәрбиеші апайлар! сәлем бердік сіздерге! оқу білім егіз деп тәрбиелеп қараған. Армысыздар қонақтар!мейірімді жүрекпен,ақ пейілді тілекпен амандасып алайық,бір жадырап қалайық.
Шаттық шеңбер жасау
Достарды біз қолдаймыз,қыйын шақта қорғаймыз.Біздің топта ұл-қыздар тату-тәтті ойнаймыз.
Оқу құралын алғызу сабаққа назарын аудару. Жаңа сабақты бауырсақ ертегісімен бастаймын.Әңгімелеп беремін.Балалар еретегі ұнадыма?. Бауырсақ ертегі ұнады.
Олай болса жұмбақ жасырамын шешуін табасыңдар.
Басында екі таяғы бар
Төрт аяғы бар
Сегіз тұяғы бар
иегінде сақалы бар. (Ешкі) Осы ешкі сөзінің басында қандай дыбыс естіледі?
- Е дыбысы. Біз бүгін Е дыбысымен және оның әріп таңбасымен танысамыз. Е е-дауысты дыбыс сондықтан қызыл текшемен бел-гілейміз. Кеспе әріптен Е дыбысын тауып Л дыбысын қосу арқылы ел буынын жасау және сөз құрастыру.Ер,Е е дыбысына байланысты айтылатын сөздерді айтқызамын. Балалардың жауаптарын толықтырамын. (Ешкі,есек,ертоқым,емен,ерін,ер,ел,кесе,зерле,терезе,есік,еден,егеу т.б).
Е дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі.
Ол сөздерді буынға бөлу. Мысалы: Еш-кі,е-мен,ер-мек,е-сек,сөздеріне дыбыстық талдау жасау. Сергіту сәті сұр қоян.
Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлерден
Ытқып-ытқып жүгірді Қарап едім артыма
Қиығын салып көзімнің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің. Балалар бауырсақ ертегісін сақналап ойнады.
Дид ойын: «Кім шапшаң» А,Т,С,О әріптері келетін сөздерді айту. Оқулықпен жұмыс.Суреттердің аттарын ататып буынға бөлгізу.Сөйлем құрастыру.Е дыбысын ауада жазу.
Е дыбысын таяқшамен құрастыру. Е дыбысының баспа түрімен таныстыра отырып, қолдарын жазуға даярлау. Дәптерге екі жолаққа е әрпін жазып шығу. Е дыбысы қатысатын сөзді оқу. Хормен оқыту.Е дыбысы дауысты дыбыс.Балалар «екі дос» ертегісін ойнайды.
«Ешкі мен түлкі» ертегісін айтады.
Жаңа сабақты бекіту,ешкінің суретін көрсету мақал-мәтел айту. Еңбек етсең ерінбей
Қарының тояр тіленбей
Ердің атын еңбек шығарады.