7


  • Учителю
  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен бала тәрбиесіндегі ата-аналарға педагогикалық білім берудің маңызы.

Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен бала тәрбиесіндегі ата-аналарға педагогикалық білім берудің маңызы.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен бала тәрбиесіндегі ата-аналарға педагогикалық білім берудің маңызы.

Ата-ана туралы аңыз

Сәби жарық дүние есігін ашар алдында жаратушыдан сұрады:

-Мен бұл әлемге не үшін бара жатқанымды білмеймін,мен оған баруға қорқамын.

Сонда жаратушы:

-Ештенеден қорықпа,балақай!Мен әрдайым сенің жаныңнан табылатын мейірімді қамқоршылар сыйлаймын.Олар сенің үнемі жаныңнан табылар!

-Бірақ мен олардың тілін түсінбеймін ғой!

-Қорғаушылар сені өздерінің тілінде үйрететін болады.Ол сені қанаттыға

қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай,бауырларына басып,барлық пәле-жала-

дан қорғайды.

-Ал,менің қамқоршыларымның есімі кім?

-Ол маңызды емес,олардың есімдері көп болуы мүмкін.Сен оларды Әке және Ана деп атайсың!

Олай болса,біздің оқушыларымыздың ең жақын қамқоршысы ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық тұрғыдан білім беру жөніндегі жалпы әдістемелік жұмыстар әр алуан.Ата-аналар жиналысы - бұл өз балаларының тәрбиелеу, дамыту, бейімделу мәселелері мен міндеттерін шешу үшін біріккен адамдар тобы.Ата-аналар жиналысы - жұмыстың көп қырлы түрі, өйткені ол көптеген қызметтердің жүзеге асырылуына мүмкіндік береді. Олар: өте маңызды мәселелердің тиімді шешіліп, білімдерін жетілдіру, ата-аналар ұжымын ұйымдастыру жағдайы, тәрбие процесін басқару, кикілжіңдердің алдын-алу және т.б. мәселелерге арналады.

Дискуссия.

Топтық дискуссия - қандай да бір пікірталасты туындаған сұрақтың бірлескен талқылауы, ата-аналардың құндылықтары, белгілері, бағыттары мен ой-пікірлерін түсіндіруге, өзгертуге мүмкіндік беретін ақиқаттың ізденісіне өтуге тырысу.

Тақырыбы:Оқушының сабақ үлгеруіндегі ата ананың рөлі.

Мақсаты: Ата - аналарды пікір айтуға ынталандыру, ортақ шешімді анықтау, болашақта баламен жұмыс істеу міндетін белгілеу.

Баға дегеніміз не?

Қандай бағаны жақсы, қандай бағаны жаман деп айтамыз?

Бала "5" алғанда ата -ана не істейді, бала не істейді?

Бала мен қарым - қатынастағы кейбір қателіктер

Баланың астар санасында қабылдануы

Дұрысы

Жылама! Жаман балалар ғана жылайды

Мен әлсіз, жаман баламын!

Жарайды, кішкене жылап ал, жеңілденіп қаласың!

Әкесіне (шешесіне) ұқсап сүймірейіп тұрғанын қарашы!

Әкемді (шешемді) жек көреді

Сенің әкең (шешең) ең жақсы адам. Қандай ақылды еді! (жақсылықтарын айтып отыру).

Ой, ақымақ - ай!

Менің ақымақтығымды жақсы көреді.

Бала менің ақылды, әдемі...

Біз сені жақсы болсын деп...

Сен болсаң...

Мені ата - анам да жек көреді. Үмітін ақтай алмайтын босбелбеумін

Біз сені жақсы көреміз, түсінеміз. Әлі - ақ бәрі орнына келеді

"Бәленбайдың баласын қарашы..."

Мен одан кеммін

"Менің ойымша ондайды сен де, жасай аласың! "

"Әйтеуір бәрін былықтырасың да жүресің!"

Келесі жолы өздері істесі. Енді ештеңе істемейсін!

"Әрбір адамның қателесуге құқығы бар. Ештеңе етпейді келесіде байқап істе!"

"Сенің ақылың жететін іс емес..." үлкендердің ісіне араласпай жайыңа отыр

Менің қолымнан ештеңе келмейді. Мен түкке тұрмайтын байқұспын.

Менің ойым ешкімге қызық емес.

Араластыруға болатын іс болса: "Қане, сенің ойы қалай?" - деп болмаса, "Бұл істің шешімін өзімізге қалдыр!"

«Дөңгелек үстел» - шағын адамдар тобы қатысатын әңгімелесу.Осы арқылы

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ал,кәнеки,қыздыр!»

атты сайыс,22-наурыз ұлыстың ұлы күніне қарай ұйымдастырылған «Ақыл,ой,жігер,талап серік болар жігітке» атты сайыс откізетінімді,жалпы топқа бөліну арқылы класс оқушыларын түгел қатысатынын айттым.

1-шарт. «Сәлем - сөздің атасы» - деп аталады, әр топ атымен, ұранымен эмблемасымен таныстырады. (4 мин)

2-шарт. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы. (5 мин)

3-шарт. «Кім жылдам?» (8 мин)

Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.

а) «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (қағаздан ою ою)

ә) картоп ашу

б) Инені сабақтап түйіндеу

в) түйме қадау

г) 1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп шығады).

4-шарт. «Тіл өнері» (5 мин)

Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.

5-шарт. «Ас - адамның арқауы» (10 мин) салат түрлерін дайындау.

6-шарт. «Білімді мыңды жығар» әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі. (Оқушының ой өрісі қандай)

7-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпақпыз» - қолөнер бұйымдарын көрсету және үй тапсырмасы (сөзжұмбақ 2 мин).

8-шарт. «Әдемі-ай» сән үлгілерін көрсету.(2 мин)

«Ақыл-ой,жігер,талап серік болар жігітке!» атты сайыстың турлары:

І бөлім: «Таныстыру»

2 бөлім: «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )

3 - бөлім «Бәрекелді, сайыпқыран» (күш, білек сайысы, гир көтеру)

4 - бөлім. «Көңілі ояу, көзі ашық» (салт-дәстүрге байланысты сұрақ - жауап)

5 -бөлім: «Мақал - мәтелдің жалғасын тап»

6-бөлім:Ұлттық киімдерден сән үлгісі

Тренинг сабақтар.

Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып - тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

Сізге өте жайлы, тып - тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңызда орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба - оны өзіңіз таңдайсыз...

Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз - алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз - сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

Келе жатырсыз - алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба - оны да өзіңіз білесіз.

Сіз келе жатырсыз - алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе - оны да өзіңіз шешіңіз.

Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңызда үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

Енді алдыңыздан өзен көресіз - ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? - оны да өзіңіз таңдаңыз.

Сұрақ-жауап кештері.

Лекцияларда ата-аналар өздері қызықтыратын сұрақтарға әрдайым жауап бере бермейді. Үлкен аудиторияда олар не ұялады немесе лектордан сұрап алуға мүмкіндік болмайды. Бұл шараны өткізуде ата-аналар өзін мазалайтын Кез келген уақытта өзіңіздің бар ісіңізді тастай салып,

балаңызға көңіл бөлесіз бе?

Баланың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

Балаңызбен арадағы қарым - қатынас барысында

жасаған қателігіңізді мойындай аласыз ба?

Балаға берген уәдеңізді мойындай аласыз ба?

Балаңыздың достарын білесіз бе?

Сізді және балаңызды қызықтыратын ортақ

істерді білесіз бе?

Сабақтарын орындалуын тексересіз бе?

Сіз балаңыздың қандай азамат болғанын қалайсыз?

Балаңызды қандай баламен жолдас болғанын қалайсыз?

Балаңызға кімді үлгі тұтасыз?

сұрақтарды қойып жауаптар алады.

«МЕКТЕП - ОҚУШЫ - АТА- АНА» үштік одақ құру үрдісін оңтайландыру мақсатында, Эдвард де Бононың "ойлаудың алты қалпағы" бойынша тренинг өткізілді. Қалпақ түстеріне байланысты ата - аналар топқа бөлініп, топтарға ақ, қызыл, қара, сары, жасыл, көк қалпақтарды таратып, кім қандай түсті алса, сол түске байланысты өз ойларын білдіретінін түсіндіріп өттім.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән- маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» дейді. Ендеше бала тәрбиесіне тобасы ,мектеп,оның араласатын ортасы әсерін тигізбек. Жалпы бала тәрбиесі назардан тыс түспейтін ең маңызды да өзекті мәселе. Сондықтан да, мұғалім - оқушы - ата-ана тығыз байланыста жұмыс жасау керек деп есептеймін.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал