7


Урок, Мынау - мектеп (1-класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

БЕКІТЕМІН: _______________

директордың о.т.ж.орынбасары



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫқазақ тілі

МЕКТЕП:№5 орта мектеп

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Еспембетова А.Ж.

СЫНЫП:

1 «Е», 1 «Ж» класс

ҚАТЫСҚАНДАР:

ҚАТЫСПАҒАНДАР:

Сабақтың тақырыбы

Мынау - мектеп

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету, (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).

1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1.Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.4.1.1.Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу немесе постерлер жасау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Өзінің мектебі қандай екенін айта алады, үлкен, кішкентай сөздерін орынды қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақ қою үлгілерін қолдана алады, сұрақтарға дұрыс жауап бере алады, сөйлесу жағдаятында өзін еркін сезінеді.

Кейбір оқушылар орындай алады: Мектепті басқа да сөздер қатарымен сипаттай алады, сабақта үйренген сөйлеу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:







Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:







Диалог құруға /шығарма жазуға/ арналған пайдалы тіркестер:





Алдыңғы оқу:



ЖОСПАР

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.



Сабақтың ортасы

(6-40 минут)

(МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретке аударады, сурет бойынша оқушылар мектеп, сынып сөздерімен танысады, мұғалім сөйлеу үлгілері бойынша тыңдау, қайталау жұмыстарын жүргізеді. Тапсырмада сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.

(Ж) Сұрақ/жауап үлгілерін сыныптағы оқушылар бір-біріне қою арқылы жаттығады. Сонымен бірге оқушылардың назарын «әдемі» сөзіне аударып, оның аудармасын беріп, бірнеше рет қайталатып, есте сақтау жұмыстары жүргізіледі.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суреттердің көмегімен мектептерді салыстырады, тапсырма бойынша оқушылар «Мектеп қандай?» деген сұрақ үлгісімен және «үлкен-кішкентай» сөздерімен танысады. Оқушылар топтасып, жұптасып бір-біріне суреттерді көрсету арқылы (алдын ала мұғалім суреттерді дайындап, оқушыларға таратып береді) сұрақ пен жауаптарды дұрыс айтуға дағдыланады.

(Ж) 3-тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар осы тапсырмада берілген диалогті тыңдайды, қайталайды, соның негізінде бір-бірімен сөйлеседі. Диалог арқылы (Мынау не? Мектеп қандай? Сынып қандай?) сұрақ үлгілерін қайталайды. Берілген сұрақтарға жауап беру дағдылары қалыптастырылады.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға «Менің мектебім (сыныбым), Сенің мектебің (сыныбың)» деген үлгілер арқылы тәуелдік жалғауының жекеше түрінің бірінші, екінші жағын түсіндіреді.

(Ж) 4-тапсырмада оқушылар сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын жетілдіре түседі. Жұптасып өзара «Сенің мектебің қандай?» деген сұраққа «Менің мектебім үлкен, әдемі» деп жауап беруге жаттығады.

(ОТ) Мұғалім оқушыларға өз мектебінің суретін салу сияқты шығармашылық жұмыс тапсыра алады (постер жасау.) Осы арқылы оқушылар сөздерді қайталайды, салған суреттерін үйренген лексика негізінде сипаттайды.

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушыар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқулық



аудиодиск:

2.1.1.; 2.1.3.; 2.1.4.













А4 форматты ақ қағаз, қарындаштар













































№1 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 2.1.

Соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Саралау - оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс -денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері)

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті?



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал