7


  • Учителю
  • Білімділер сайысы сыныптан тыс жұмыс

Білімділер сайысы сыныптан тыс жұмыс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы 3 «б»



Тақырыбы: «Білімділер сайысы»

Мақсаты:

1. Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін ортаға салу,қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту;

2. Оқушылардың есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету.

3. Ұйымшылдыққа,білімділікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: слайдтар,постерлер,маркерлер

Сабақтың жоспары

1. Кіріспе:-Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі 3 «А»сыныбындағы «Білімділер»сайысына қош келдіңіздер!

Оқушылар өз білімділігімен,тапқырлығымен,шапшаңдығымен көзге түседі деген ойдамын.Топтарды таныстырып өтейін:

Топтарды таныстыру:

1-топ: «Жасыл жапырақтар» тобы: «Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады» .

2-топ: «Сарғалдақтар» тобы: «Ғылым деген бір бұлақ

Білімнің көзін ашасың.»

3-тобы: «Қызғалдақтар» тобы: «Білімнен озған,өмірден озады.»

-Ойыншыларға сәттілік тілей отырып,ойынымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

І кезең «Тездет , бірақ қателеспе!»

ІІ кезең «Поэзия минуты»

ІІІ кезең «Ұшқыр ой»

ІV кезең «Тапқыр болсаң талас жоқ»

V кезең "Тіл өнері"

VІ кезең "Кім жылдам?"

VІІ кезең "Көсемдер сайысы"

-Әр кезеңдегі дұрыс жауапқа бір ұпай беріліп отырады.

І кезең «Тездет , бірақ қателеспе!»

1-топ «Жасыл жапырақтар» тобына сұрақтар:

1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?(3)

2.Өмір сүру үшін адамға ең қажеттер.(ауа,су,жарық,жылу,қорек)

3.Судың неше күйі бар?(3)

4.Қандай,қай сұрағына жауап беретін сөз табы?(сын есім)

5.1тоннада неше центнер бар?(10ц)

6.7 квадраты нешеге тең?(49)

7. «Кел,балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім?(Ы.Алтынсарин)

8.Ұзындық өлшем бірліктерін атаңдар.(мм,см,дм,м,км)

9.Көбейтудің қасиеттерін атаңдар(Ауыстырымдылық,терімділік,үлестірімділік)

10.Математикада неше цифр бар?(10)

2-топ: «Сарғалдақтар» тобына сұрақтар:

1.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42)

2.Миллион санында неше ноль бар?(6)

3.1км-де неше метр бар?(1000 м)

4.Масса өлшем бірліктерін атаңдар.(г,кг,т,ц)

5.Мемлекеттік рәміздерді ата.(Гимн,ту,елтаңба)

6.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?(Есіл)

7.Сөздің одан әрі қарай бөлінбейтін мағыналы бөлігі?(түбір)

8.10 квадраты нешеге тең?(100)

9.Көкжиектің неше тұсы бар?(4)

10.Мемлекеттік тудың авторы кім?(Ш.Ниязбеков)

3-тобы: «Қызғалдақтар» тобына сұрақтар:

1. Екі немесе одан да көп адамдардың сөйлесуін....(диалог)

2.Қазақстанның валютасы(теңге)

3.Мемлекттік Гимннің авторлары(Ж.Нәжмеденов,Н.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов)

4.Не істеді?не қылды?қайтті? сұрақтарына жауап беретін сөз табы(етістік)

5.Кез-келген санды 0-ге көбейткенде...(0 шығады)

6.Уақыт өлшем бірліктерін атаңдар(сағат,минут,секунд,т.б)

7.Шаршы дегеніміз не?(барлық қабырғалары тең төртбұрыш)

8.Адам денесінің тірегі не?(қаңқа)

9.Мәтіннің неше түрі бар?(3)

10.ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?(1991ж16 желтоқсан)





-Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріліп отырады.

ІІ кезең «Поэзия минуты»(Әр топтан 1 оқушыдан шығып жатқа өлең оқиды)

-Әр топқа бір ұпай беріліп отырады.





ІІІ кезең «Ұшқыр ой»(Сөзжұмбақтар шешу)

-Әр топқа бір ұпай беріліп отырады





ІV кезең «Тапқыр болсаң талас жоқ»

(Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді)

Музыкалық сұрақтар:

1-топ: «Жасыл жапырақтар» тобы: «Жалқаубек»әні №298 2-2-топ: «Сарғалдақтар» тобы: «Қуырмаш»әні №297

3-тобы: «Қызғалдақтар» тобы: «Мен әдепті баламын»№170

-Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріліп отырады.

V кезең "Тіл өнері"

І топ

Қыс бойына жатады

Тәтті ұйқыға батады.

Қабат - қабат қаттама

Ақылың болса аттама.

Әкеге қарап ...... өсер,

Шешеге қарап ..... өсер.(Жауаптарын 3тілде айтады)

ІІ топ

Өз ойыңды жазасың,

Аласың мазасын.

Беттері біткен соң,

Бастайсың жаңасын.

Қалқиып ұзын құлағы

Елеңдеп, қорқып тұрады.

..... теңгең болғанша,

..... досың болсын. (Жауаптарын 3тілде айтады)













ІІІ топ

Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.





Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.





..... тал кессең,..... тал ек. (Жауаптарын 3тілде айтады)

-Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріліп отырады.





VІ кезең

"Кім жылдам?"

І топ "Ай" сөзімен адам аттарын ойлап тап

ІІ топ "Гүл" сөзімен адам аттарын ойлап тап

ІІІ топ "Ер" сөзімен адам аттарын ойлап тап

-Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріліп отырады.

VІІ кезең

"Көсемдер сайысы"(Топ басшылары сайысады)

Білімділер сайысы сыныптан тыс жұмысБілімділер сайысы сыныптан тыс жұмысБілімділер сайысы сыныптан тыс жұмыс

1-топ 2-топ 3-топ

-Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріліп отырады.





Қорытынды: Қай топтың ұпайы көп,сол топ жеңімпаз болады.

-Байқауымызды тамашалағандарыңызға көп рахмет!!!





































































«Жасыл жапырақтар» тобы

































«Сарғалдақтар» тобы





























«Қызғалдақтар» тобы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал