7


  • Учителю
  • Конспект вне классный мероприятий на тему Білім тарландары 4 класс

Конспект вне классный мероприятий на тему Білім тарландары 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға бағыттау. Кез келген ережелерді әр түрлі есептерде пайдалана білу, өтілген сабақтарды оқушы санасына бекіту, тиянақтау.Белсенді шығармашылық жұмысқа іскерліктерін арттырып, өз бетімен еңбектені
предварительный просмотр материала

Топтар


4 сынып

Уақыты


27.12.2015

Іс- шараның тақырыбы


Білім тарланы

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзыреттілік


ә) коммуникативтік құзыреттілік

б) проблеманы шешу құзыреттілігі


Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға бағыттау.

Кез келген ережелерді әр түрлі есептерде пайдалана білу, өтілген сабақтарды оқушы санасына бекіту, тиянақтау.

Белсенді шығармашылық жұмысқа іскерліктерін арттырып, өз бетімен еңбектеніп, ұйымшыл болуға дағдыландыру.

Оқушының зейінін шоғырландыру, ұқыптылыққа, дәлдікке, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.


Іс- шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар

Білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық, АКТ, ойын.

Шараның түрі

Сайыс

Іс- шараның әдісі

Ұжымдық және топтық жұмыс, ішінара ізденіс, білім, білік, дағдыларын қолдану


Пәнаралық байланыс

Математика, геометрия, математикалық логика, қазақ әдебиеті


Оқыту құралдары

Интерактивті тақта, проектор



Іс- шараның барысы:

Оқытушының қызметі

Студенттің қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі


1-жүргізуші

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Олай болса, оқушылар 4 сыныптар арасында өткізгелі отырған «Білім тарланы» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың,-келе ортаға «Білім тарланы» ойынына қатысушыларды шақырамыз.

2-жүргізуші

Олай болса не тұрыс

Кешімізді бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы

Әділ қазыларды шақырамыз.


Амандасу, сайысқа қатысушылардың тізімін алу.


Әр топтың сайысқа қатысушылары назарларын аударып, әзірленеді.


Көрермендердің қошеметімен 2 топтың оқушылары ортаға шығады.


Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелері сайланады.

ІІ. Негізгі бөлім



1 тур: «Таныстыру»


2 тур«Викториналық сұрақтар»

3 тур.



4тур..«Біз үшін жаңалық»




5 тур


6 тур.Математикалық жұмбақтар

7 тур


8 тур.


1-жүргізуші

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім терең оймен сыналады

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғады.

2-жүргізуші:

Сайысымыз 7 турдан тұрады.

1-тур «Таныстыру»

2 тур«Викториналық сұрақтар»

3 тур «Тіл - өнер»

4 тур «Біз үшін жаңалық»

5 тур «Түсін мені»

6 тур «Жұмбақтар»

7 тур «Логикалық есептер»

8 тур «Кім тапқыр»

Сайыскерлеріміз дайын болса

1-тур «Таныстыру»-ды бастаймыз.

(Бұл турда математикаға байланысты сайысқа қатысушы әр топ өздерін жеке-жеке

Немесе топ болып таныстырып,.)

1-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, ойынымыздың

2 тур«Викториналық сұрақтар»- деп аталатын ІІ турды бастаймыз.

Мұнда әр топқа сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай..

1-топ сұрақтары:

1. 23

2.Сағат тәулігіне неше рет тікбұрыш жасайды?

3.Ауданның формуласы

4.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш?

5.Ең кіші үш таңбалы сан?

6.80*50 ?

7.Ғылымдардың патшасы не?

2-топ сұрақтары:«Тапқырлар»

1. Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады?

2. Бойы екі қарыс,сиып тұр 25 арыс

3. Ұзындық өлшем бірлігі? ?

4. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда 4 бала жолықты.

Мектепке неше бала барды?

5.Менің жасым қызымнын жасынан 4 есе артық 20 жылдан кейін мен қызымнан екі есе үлкен боламын. Қазір біздің жасымыз нешеде?

6.Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?

7.1 тәулікте неше сағат бар?

3-топ сұрақтары:«Алғырлар»

1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

2. Ең үлкен үш таңбалы сан мен ең кіші бір таңбалы санның қосындысын тап

3. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1 әкесі, 1 анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам

4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Әрқайсысы неше сағат ойнады.

5.1000 санының 0 дәрежесі?

6. Сағаттың төрттен бір бөлігінде неше минут бар?

7. Төрт қойдың неше аяғы бар?

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізеді.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер - дей келе,

3 тур «Тіл - өнер» деп аталатын ІІІ турда мақал - мәтелдер айтылады.

2-жүргізуші:

Мен сіздерге мақалдың басын айтамын, сіздер жалғастырасыздар. сайыскерлеріміз дайын болса ойынымызды жалғастырайық

1-топқа:

1. Алтау ала болса

Ауыздағы кетеді

....................

2. Жүз сомың болғанша,

................................

3. Отыз тістен шыққан сөз,

.................................
4.Досыңның мың болғанына мақтан.

......................................


5. Білекті бірді жығар

...................................

2-топқа:

6. Екі жақсы қас болмас

.....................

7.Досынды үш күн сынама, .....................

8. Жеті жұрттың тілін біл,

................................

9.Ер бір рет өледі, ......................

10.Бір кісі қазған құдықтан ....................


11. Білгенің бір тоғыз,

...............................

3-топқа:

12. Қырық кісі бір жақ,

..............................

13. Мың малың болғанша.

..............................

14. Екі жүзді пышақтан сақтанба,

..............................

15. Жігітке жеті өнер аз.

..............................

16. Елдің аузы .............................


1-жүргізуші:

4 тур.«Біз үшін жаңалық» турында әр топ үй тапсырмасында өздерінің дайындап келген жобаларын не қызықты есептің шешімін таныстырып, таң қалдыруы керек.


2-жүргізуші:

Енді көрермендермен ойын ойнаймыз, жеңімпаз өз ұпайын қалаған тобына бере алады


Келесі турымыз «Түсін мені». Мұнда парақта жазылған терминдерді көрермендерге қимылмен көрсете білу қажет. Егер көрермендер дұрыс әрі қатесіз айтса,онда 10 ұпай беріледі.

1 топка

Жазу: циркуль,сызғыш,

калькулятор, цифр, 2 топқа.төртбұрыш, , шеңбер, санның квадраты,

3 топқа. үшбұрыш, бұрыш, нүкте, түзу.


1-жүргізуші.

Ой-өрісті дамытатын

Өнердің бір түріне жататын

Жасырылып,бір нәрсені меңзейтін

Өнер түрі жасырылған жұмбақ деймін

Оймен қане, көк теңізді кешіңдер

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер

Айтылғанда математикалық жұмбақтар

Зейін салып зердеменен шешіңдер


1-топ сұрақтары:

1. Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз.

2. Бір,үш,бес,он,жиырма

Елу,жүз,екі жүз,мың бар

Әрқайсысының құны бар

3 Көк құтанша ақ айдында,

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.

2-топ сұрақтары:

1 Санау үшін адамды,малды,талды

Ертеден мұра болып қалды

Көбейтіп,бөліп азайтып

Қосамыз күнделікті ол санды

2. Бір нүктеден бірдей

Қашықтықта жатқан

Нүктелердің жиыны

Геометриялық фигура

Болғанымен

Ауданы жоқ қиыны

3 Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді

Шыққан тегін білсе де.

3-топ сұрақтары:

1. Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.

2. Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.

3. Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,

Демейді ешкімге ешкім кес бұтақты.

Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,

Бұтағы бестен артық өспей қапты.

«Логикалық есептер»

1-топқа:

1.Екі нүктенің арасында қанша түзу жүргізуге болады?

2.Автобуста 27 адам болды. Бірінші аялдамадан 3 адам түсті, екінші аялдамадан 4 адам түсті де, 2 адам мінді. «Жазирадан» 7 адам түсіп, 6 адам мінді, «Вокзалдан»10 адам түсіп, 8 адам мінді. «Саяхаттан» 1 адам мініп, 2 адам түсті, « Кировадан» 13 адам түсіп, 8 адам мінді.Автобус неше рет тоқтады?

3.Бөлменің 4 бұрышы бар. Әр бұрышта 4 мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысықтан отыр.Бөлмеде неше мысық бар.?

4.Үш түйеқұс ұшып келе жатты.

Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды?

5.Жасы 100-ге келген қария өмір бойы өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен екен.Себебін анықтап?


2-топқа:

1. Егер түнгі сағат 12-де жаңбыр жауса, 72 сағаттан кейін күн ашық жарық болады деуге бола ма?

2.Егер қыркүйек айында құрамында жұп цифры бар сандардың барлығы демалыс күндері боп жарияланса,онда бұл айда сабаққа неше күн бару керек еді?

3..Оқушыларды экскурсияға апарғанда оларды жұбымен,3-3 тен,4-4 тен сапқа тұрғызғанда бір оқушы артық қалып отырды.Тек 5-5 тен сапқа тұрғызғанда ғана оқушы артық қалмады?

4.Өзі менің әкемнің баласы,бірақ маған аға да,іні де емес.Бұл кім?

5.Кім барлық тілде сөйлейді?

3-топқа:

  1. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді

  2. Бір жанұядағы 5 ұлдың бір бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар?

3.70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?

4. Қандай екі санды бір-бірімен көбейткенде олардың нәтижесі осы екі санның қосындысымен бірдей?

5. 3кг ет 3 сағатта піссе,5 кг ет неше сағатта піседі?


Мұқият тыңдап, ойынның

шарттарымен танысады


Бұл турда сайысқа қатысушы әр топ өздерінің қалаулары бойынша таныстырады.

1-топ: «Ойшылдар»

2-топ: «Тапқырлар»

3-топ: «Алғылар»


1-топ жауаптары:

1. (8)

2. (4)


3. (S=ab)

4. (шаршы)

5. (100)

6. (4000)

7. (математика)

2-топ жауаптары:

1 үтір)

2.(сыызғыш)

3.(метр)

4.(5 бала)


5.(40, 10)

6.(0)


7.(24 сағат)

5 бұрыш


999

6 адам

4 сағат

(1)

(15 мин).


(16).


1-топ жауаптары

1. Алтау ала болса

Ауыздағы кетеді

Төртеу түгел болса

Төбедегі келеді

2. Жүз сомың болғанша,

Жүз досың болсын
3. Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз елге тарайды
4.Досыңның мың болғанына мақтан.

Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
5. Білекті бірді жығар

Білімді мыңды жығар?

2-топ жауаптары

6. Екі жақсы қас болмас

Екі жаман дос болмас

7.Досынды үш күн сынама, үш жыл сына.
8.. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім іл

9.Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.
10.Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді.

11. Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз

3-топ жауаптары

12. Қыңыр кісі бір жақ.

13. Бір балаң ғалым болсын.

14. Екі жүзді адамнан сақтан.

15. Жетпіс өнер көп емес.

16. елу.

Бұл турда әр топ үйге берілген тапсырма бойынша өз жауаптарын көрсетеді.


Алып келген тапсырмаларын өздері түсіндіреді.

Бұл турда әр топ парақта жазылған терминдержі ым-ишарамен көрсетеді.


Көрермендер ойланып жауап береді.

1-топ жауаптары:


1. (цифрлар)

2. (теңге-ақша)


3. (циркуль )


2-топ жауаптары:


1. (натурал сан)

2 (шеңбер)

3. (түзу)


3-топ жауаптары:

1.(Аптаның жеті күні)

2.(Он саусақ)


3. (Қол, бес саусақ)

1.(бір)


2.(6)

3.(4 мысық ба.)


4.(ұшпайды)

5.(туған күні ақпанның 29-і)

1. (жоқ,себебі ол кезде түн болады)


2.(15)

3.(25)


4.(мен өзім)


5.(жаңғырық)


1.. (атасы, баласы, немересі).


2.( 6 бала ).

3.(тең)

4.(2 мен2)


5.3 сағат

Әр топ «математика» сөзінің әріптерінен 1минутта әртүрлі сөздер құрастырады.

Ата, мама, ит,мата, ...

Мұқият тыңдап, ойынның

шарттарымен танысады

Әр топ өз аттарын, ұрандарын айтып, өз топтары туралы мәлімдемені таныстырады

Оқушылар іс- шараға белсене араласады.

Өз белсенділіктерін, білімдерін көрсетіп, топ болып жұмыс істейді.


Өткен материалды еске түсіреді, пысықтайды.

Жүргізушінің айтқанын мұқият тыңдайды.

Ақпаратты сұраққа жауап беру арқылы алады.


Өз беттерімен тапсырмаларды орындайды, талқылайды


Сұрақтарға нақты, әрі жылдам жауап беруге тырысады.

Мақал сайысынан білімдерін шыңдайды.


оп болып ақылдасады

Сөз ұйқастарын құрастыруды, ана тілінің құдіретін, әр сөздің тәрбиелік маңызын түсінеді.


Математикалық мақалдың мағынасын түсінеді, тәрбиелік мақсатын біледі.

Өмірде өз қажеттеріне пайдалана алады.

Жанкүйерлерге логикалық сұрақтар қою арқылы жанкүйер болып отырған командасының қоржынына ұпай көбейтуіне мүмкіндік беріледі.

Қимыл арқылы

өз өнерлерін көрсетіп, жанкүйермен байланысын анықтайды.


Жұмбақтарды шешіп, екі тілге аударады. Оқушылардың тілді қаншалықты меңгергендіктері тексеріледі.


Математика сабағы барысында өткен терминдерді еске түсіреді, білім, білік, дағдыларын пайдаланады.

Жұмбақтарды шешеді.. Оқушылардың тілді қаншалықты меңгергендіктері тексеріледі.

Логикалық сұрақтарға жауап бере отырып, ойлау қабілеттерін, шапшаңдықтарын шыңдайды.


Танымдық және шығармашылық тапсырмалар арқылы логикалық қабілеттерін дамытады


Өз беттерімен тапсырмаларды орындайды, талқылайды.


Топ болып, жылдам, дұрыс жауап беруге, уақытты үнемдеуге, жауапкершілікті сезінуге үйренеді.

Ойларын ортаға салады.

ІV. Қорытынды.


Бүгінгі кеште талай шабыт шыңдалды Кеш қызығын талай адам тыңдады. Тәрбиелер тәлімі мол әсерлі, Болса егер көңіл жанын тыңдады. Көңіл бөліп бұл кешке, Келгендерге көп рахмет.

Әділқазылардың шешімін тыңдау.

Сайыс соңында жеңген топ марапатталады.

Шараға қатысқан студенттерді мадақтап, марапаттау.







Топтардың үй тапсырмалары

1топтың есебі


3 топтың есебі


2 топтың есебі




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал