7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу ашық сабақ: «Ақ шаш» В.А.Сухомлинский

Әдебиеттік оқу ашық сабақ: «Ақ шаш» В.А.Сухомлинский

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Ақ шаш» В.А.Сухомлинский

Сабақтың мақсаты: В.А.Сухомлинский жайлы мәлімет беріп, «Ақ шаш»

мәтінінің мазмұнын ұғындыру.

Сабақтың мазмұнына байланысты міндеті:

1. «Ақ шаш» мәтінінің мазмұнын түсінеді.

2. Мәтіннің мазмұнын айта алады.

3. Мәтіннің мазмұнына байланысты өлең, мақал-мәтелдер айтып, ой бөлісе алады.

Сабақтың түрі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау сабағы

СТО-ға байланысты міндет: Негізгі мәселені жеке, жұппен, топпен анықтай алады.

Стратегиялар: «Болжау» стратегиясы, «Топтастыру» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

1. Шаттық шеңбері

Әрбір адам - туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ - үйрену, ұғу, ұлағат

Әрбір ісім - тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім - шындық, бірлік, адалдық.

2. Топқа бөлу.

Оқушыларды топқа әр түсті текшелер арқылы бөлу. Текше түстес көрсеткіші бар партаға отыру.



3. Жаңа сабақ.

В.А.Сухомлинский деген кім?

«Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. (Ана)

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы - өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.

«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.

«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.

Сонымен ана дегеніміз - төзімділік пен адамгершііліктің тәңірісі.

</<font face="Times New Roman, serif">4. Қазір Ана сөзінің мағынасын ашып алайық.

І-топ. «Ана тілі» деп неге айтамыз?

ІІ-топ. «Отан ана» деп неге айтылады?

ІІІ-топ. «Жер ана» деп неге айтылады?

5. Жалпы ана атаулыға тән, біріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.

В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.

Оқулықпен жұмыс.

«Болжау» стратегиясы.

а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.

ә) Оқулықтағы мәтінді оқып беру.

б) Мәтінді оқушылар ойымен салыстыру.

в) Сұрақ-жауап.

- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған ?

- Мишаның байқампаздығын қалай аңғар

1-топ. Мәтіннен өздеріңе әсер етіп, ойыңда қалған үзіндіні жаз.

Сұрақ: Анының жүрегі қай кезде ауырады? (бірденеге қапаланғанда, ренжігенде, уайымдағанда).

2-топ. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап берді деп ойлайсың, соны жаз.

Сұрақ: Ананың жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда).

3-топ. «Ананың көңілі балада. Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар?

Сұрақ: Сөз анасы не? Сөз анасы - құлақ.

Су анасы не? Су анасы - бұлақ.

Топтастыру стратегиясы.

1 топ - Дүниеде не қымбат? (Ана)

Ана неден қымбат? (Бәрінен)

«Бәрі» ұғымына не кіреді? (Ананың аялы алақаны, мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін тіпті жалпақ дүниеден де қымбат).

2 топ - Анаға деген махаббат қай күннен басталады? (Құндақта жатқан кезден)

Құндақта сөзін қалай түсінеміз? (Жөргекте жатқанда, нәсертелік шақ)

3-топ. Жылап, уанбай, шырылдағанда кімді іздейсің? (Ананы)

Уанбай сөзімен мағыналас қандай сөздер бар?

жұбанбай

Уанбай жылай беру

еш нәрсеге көнбеу

1 топ «Жүрекшелерге арнап тілек жазады»

2 топ «Аналарының жиі айтатын сөздерін талдау»

3 топ « Өлең ұйқасын тап»

Ана дүниеге жарық сыйлаушы ғана емес, бүгінгі таңда ана - жұмысшы, ана - ақын, ана - жазушы, ана - батыр, ана - әнші, ана - дәрігер, ана - депутат, ана - мұғалім, ғалым, ел басқарушы болып әр салада қызмет етуде.

11. Қорытынды

«Үйдің алтын қазығы кім?»

«Ананың жүрегі қандай?»

Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы - ананың қолында.

Ана - бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді.

Қорыта айтқанда барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы пейілді жандардың бақытты юолуын ойлау керек. Оқушыларға жүрек қима қағаздар таратып, соған өз аналарына деген тілектерін жаздырып тақтаға ілгізу.

Жүректен - жүрекке

Топ басшыларына бағалату.

Үйге тапсырма.

1) Автор орындығында отырып оқитын осыған ұқсас оқиға немесе әңгіме жазып келу.

2) В.А.Сухомлинский жайында мәлімет жинау

3) Мәтінді мазмұндау

4) Ана туралы мақал - мәтелдер жаттау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал