7


Әдебиеттік оқу Лейменова М.А

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақстан Республикасы

Шығыс Қазақстан облысы

Курчатов қаласы

«Курчатов қаласының №2ЖББОМ»КММ

Лейменова Мадина Ариновна

</ Бастауыш сынып мұғалімі1

Мерзімі

29.01.2015ж

2

Пәні

Әдебиеттік оқу

3

Сынып

3 -сынып

4

Тақырыбы:

Халыққа жеткіз күйімді

5

Мақсаты:

1. Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат алады,шәкірті Дина жайлы біледі.

2. Өз пікірлерін еркін, жүйелі жеткізе алады, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады;

3. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке, бірін- бірі тыңдауға, сыйлауға және тұлғалық қабілеттерін дамытуға талпынады.

6

Күтілетін нәтижелері:

Оқушылар:

Кейіпкер бейнесіне талдау жасай алады,олар туралы баяндайды.

7

Қамтылған

модульдер

- Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу

8

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

9

Сабақтың түрі

Топпен жұмыс.

10

Тақырыпты ашуға байланысты тәсілдер

Топтық/жұптық

12

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

13

Ұйымдастыру кезеңі.

(1мин)

  1. 1.Оқушылардың сабаққа дайындығы

  2. -Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек бізге қонақтар келіп отыр ,тұрып амандасайық.

2.Психологиялық дайындық

Ақ көңілді жүрекпен

Ақ ниетті тілекпен

Амандасып алайық

Қонақтарға ізетпен слайд 3

Оқушылар келген қонақтармен амандасып,сабаққа назары аударылады.



14

Үй тапсырмасы

(2мин)













Бағалау



Мәжит Сейфуллиннің «Сәкен аға» әңгімесі

Үй тапсырмасын тексеру слайд 4

«Кім жылдам?» слайд 5

1. Сәкен Сейфуллин кім? 2.Сәкеннің анасы мен қарындастарының есімі?

3.Іңкәрбек кім? (көп балалы, қолы қысқа адам)

4.Омар кім? (үйір-үйір жылқысы мен қора-қора қойы бар бай)

5.Бала Сәкенге сипаттама бер?

6.Анасының балаларына айтатын жылы сөздері?

Түйндеу: Осы мәтіннен қандай өнеге ала аласыңдар?





Түсті фишкалар арқылы бағалау.



Оқушылар үйге берілген тапсырманы айтады.













Жауаптарына сай бағаланады.





Қызығушылықты ояту 2мин

Жаңа сабақты жұмбақтан бастағым келеді сендер жауабын тауып көріңдер.

«Ой қозғау» стратегиясы

Тиіп кетсе ән салған,

Даусына ел тамсанған

(домбыра) слайд6

Құрманғазының «Көңіл толқыны» күйін тыңдату.

Сұрақтар қойып, оқушыларды сөйлету.

• Не тыңдадыңдар?

• Күйдің әннен айырмашылығы қандай?

Күй -аспаптық шығарма.Күй-қазақ халқының ұлттық өнері, сөзсіз қуанышы мен қайғысын күйі арқылы жеткізе білген. Күй - киелі де қастерлі өнер. Ұлы күйшілер: Қорқыт, Асанқайғы, Қазтуған, Құрманғазы, Дина.

Оқушылар күйді тыңдайды,

сұрақтарға жауап береді.























Мағынаны тану

2мин

















-Балалар мен сендерді ортаға шақырамын.

-Мына үстелде күй атаулары жатыр.

Өздерің таңдаған күй атауларын ала қойыңдар. Болсаңдар онда ,Сарыарқа күй атауы бар оқушылар қолымызды көтерейік ,сендер Құрманғазы тобы боласыңдар.Отыра қойыңдар.

Адай күйі атауын алғандар кім екен, сендер Дина тобы боласыңдар.

Бұлбұл күйі атауын алғандар қане,сендер Домбыра тобы боласыңдар,отыра қойыңдар.

Әсемқоңыр күйін таңдағандар «Аманат «тобы болады.Жайғасыңдар.

Топта жұмыс жасау ережесін айту.

Оқушыларға 4топқа Сарыарқа, Адай,Бұлбұл ,Әсемқоңыр.

күйшілердің күй атаулары арқылы топқа бөлінеді.

Әр үстелдегі Құрманғазы,Дина,Домбыра,

Аманат сөздері жазылған.



-Балалар, сендер топқа бөліндіңдер ,енді сендер өз басшыларыңды және уақыт бақылаушысын сайлап алыңдар (1мин)

Оқушылар ортаға шығады,күй атауларын таңдайды.



Күй атаулары арқылы Құрманғазы,Дина,Домбыра,

Аманат тобына бөлінеді.



Әр топтың спикері,уақыт бақылаушысы сайланады.





Топта жұмыс істеу ережесін еске түсіреді.



16

Жаңа сабақ

(2мин)

Күйшінің бір күйі баяу ойнап тұрады.

Кіріспе сөз: Бүгінгі жаңа сабағымызда -

Әбу Сәрсенбаевтың «Халыққа жеткіз күйімді» атты мәтінімен танысамыз.

Серінің селт еткізер жан шырағы,

селдетер сеңгірді де бар шуағы.

Ғажабы, азабы да күймен бірге,

ол біздің ұлы күйші - Құрманғазы.

- Ендеше, балалар, сабағымыздың кейіпкері - күй атасы Құрманғазы және оның шәкірті Дина Нұрпейісова туралы болмақ. Біз олардың өмірі жайлы әңгімелейміз, алған білімімізді ортаға саламыз.Алдарыңда мәтін бөліктері, әр топ мүшелері осы мәтінді оқып шығыңдар.

Топта талқылаймыз.Топ басшысы басқа топқа айтуға дайындалады.

Оқушылар мәтін бөліктерін оқиды.Топта талқылайды.











.







«Көрнекілік» стратегиясы

Құрманғазы мен Динаның суреттері

көрсетіледі

Оқушылар суреттерін көреді.



Мәтінмен жұмыс

2мин оқуға

2мин түсінік айтуға



1мин

«Сен маған ,мен саған»әдісі

Мәтінмен жұмыс: (үлестірмелі мәтін)

Мұғалім мәтін үзігін карточка арқылы топтарға бөліп таратып қойған ,соны алып оқу тапсырады.

Әр топ берілген абзац бойынша мәнерлеп оқып шығады,түсінгендерін талқылайды.

Әр топ бір біріне сұрақтар қояды.

Әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша

дайындалады.

Әр топтан бір оқушы келесі топқа барып түсінгенін айтады.





Топтар жауап береді



Сергіту сәті 2мин

Музыкалық сертгіту слайд арқылы

Оқушылар сергіту жаттығуларын жасайды.



Тапсырмалар

5мин постерге

2мин қорғауға әр топқа

Барлығына 10мин

-Балалар енді Құрманғазы мен Дина жайлы оқыған мәтін және қосымша ақпараттар арқылы постер құруды тапсырамын.Қосымша материалды оқып керекті жерлері белгілеп алсаңдар жеңіл болады.

1-топ Құрманғазы туралы постер дайындайды.

2-топ Дина туралы постер дайындайды.

3-топт Құрманғазы мен Динаның күйлерінің шығу тарихы туралы

постер дайындайды.





4-топ Құрманғазы мен Дина

жайлы ойлар,өлеңдер,аттарына берілген оркестрлер,көшелер туралы баяндайды.

Әр топ өзіне берілген тапсырмалар бойынша

постер құрайды.





1-топтың баяндаушысы Құрманғазы туралы баяндайды.

2-топтың баяндаушысы Дина туралы

баяндайды.

3-топтың баяндаушысы Құрманғазының күйлерінің шығу тарихы туралы баяндайды.

4-топтың баяндаушысы

олар жайлы өлеңдер,аттарына берілген оркестрлер туралы баяндайды.



Жаңа сабақты бекіту.

(1мин)

«Жүйрік ойлы, тапқыр кім?»

Мына сөздерді дұрыс орналастыру арқылы Құрманғазының Динаға мұра етіп қалдырған сөзін оқи аламыз

Шешуі:Мұрамды саған қалдырдым, халыққа жеткіз күйімді.





Рефлексия

3мин

Ой түйін

  • Бүгінгі сабақ мен үшін....

  • Мен сабақтың тақырыбын оқи отыра ойладым,яғни....

  • Мен үшін сабақ...

  • Сабақ барысында мен мынандай қосымша білім жинақтадым....

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.Өз ойын айтады.



Формативті бағалау 2мин

Мұғалім өз бағасын қояды.Сабаққа белсенді қатысқандарды айта кету.



Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Бағалау парағын мұғалімге өткізеді.Топ



Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. толтырып береді.

1.Құрманғазы туралы әңгіме жазады.

2.Өнер туралы мақал-мәтелдер жазып келу.

3.Өлең құрастыру(шығармашылық тапсырма)

Күнделікке жазады

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал