- Учителю
- Конспект по казахскому языку на тему 1 класс
Конспект по казахскому языку на тему 1 класс
Сабақтың тақырыбы: Адасқан сандар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға топтық, өзіндік тапсырмалар бере отырып, математикадан алған білімдерін шыңдау;
Тәрбиелік:
Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық:
Оқушылардың 10 көлеміндегі сандар құрамын тереңдете отырып, ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту;
Сабақтың көрнекілігі: презентация, кеспе қағаздар, кеспе сандар, т.с.с.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру;
ІІ. Психологиялық дайындық;
ІІІ. Негізгі бөлім;
ІҮ. Сергіту сәті;
Ү. Қорытындылау;
І.Ұйымдастыру:
-
Балалар, бүгін біз ертегілер әлеміне саяхаттайтын боламыз. Саяхатқа шығар алдында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою арқылы еске түсіріп алайық, жарайма?
Қайталау сұрақтары:
-
Казір қандай мезгіл?
-
Қыс мезгілінің қай айы?
-
Бүгін аптаның қай күні?
-
Бізге математика сабағында есеп шығару үшін нелер қажет екен?
-
1-ден 10-ға дейінгі сандарды кері және тура ретпен кім санап береді?
-
7 -нің қасында тұратын сандарда ата.
ІІ. Психологиялық дайындық;
(Оқушыларды ертегіге сай тапсырмалар беру.)
Олай болса балалар, мына екі кампит салғыштың ішінен қайсысын жегіңіз келеді сол кампитті аламыз да, менің жаныма айнала тұрамыз ұқтық па? (Оқушылар камтитті алып дөңгелене тұрады.)
-
Балалар мына екі сурет сіздерге таныс па? Таныс болса атын атай қойыңыздаршы?
-
Иә, 1-ші суреттегі Спортокус, 2-ші суреттегі Дара ғой.
-
Жарайсыңдар балалар, сары камтип «Спортокус», жасыл кампит «Дара» тобы болсын. Енді балалар, кампиттерімізді шетке қойып, тыңдаймыз. Бұл екі топтың да ұқсастығы неде деп ойлаймыз?
-
Екеуі де көмек береді.
-
Кедергілерден өтеді.
-
Иә, дұрыс. Дәл сол сияқты сіздерге де кедергілерден өту керек болады. Көрейік қай ертегі сәтті кедергілерден өтеді екенін.
ІІІ. Негізгі бөлім:
-
Ал балалар ендеше саяхатымызды бастайық. Келісеміз бе? Кедергілерден өтуге дайынбыз ба?
-
Иә!
-
Дайынбыз!
-
Олай болса сәттілік!Ал оқушылар суреттен нені көріп тұрмыз? Дұрыс айтасыздар. Олай болса әжейге көмектесіп жіберейік. Берілген тапсырманы дұрыс жасасақ әжейді жолдан өткізгеніміз болады. Олай болса тапсырманы қарайық:
-
Жолдан өте алмай тұрған әжейді...
1-ші кедергі:
-
Жарайсыңдар балалар! Бұл кедергіден сүрінбей өтіп, әжейдің аман есен жолдан өтуіне көмектестік. Бірақ бұл кедергімен шектеліп қалмайды ғой. Енді суреттен не көріп тұрмыз?
-
Жылап тұрған мысықты.
-
Мысыққа не болды деп ойлайсыздар? Ол иесін таба алмай жаңбыр астында қалып кетіпті. Олай болса не тұрыс, көмектесеміз бе?
-
Иә, көмектесеміз!
-
Өте дұрыс. Олай болса көмеккке аттанамыз. Бұл кедергінің тапсырмасымен танысайық.
2-ші кедергі:
-
Өте керемет. Балалардың барлығы зерек, мысықтың иесін табуға көмектесетін, құрмет көрсететін ақылды балалар екен. Бүгін мен сіздерге тәнті болып тұрмын. Енді суреттен не көріп тұрмыз?
-
Ата-анасын жоғалтып алған қызды...
-
Иә, бұл кішкене қыз ата - анасын жоғалтып алыпты. Табуға көмектесейік.
3-ші кедергі:
-
Жарайсыңдар балалар! Бұл кедергіден сүрінбей өтіп, кішкене қыздың аман есен ата - анасын табуына көмектестік.
ІҮ. Сергіту сәті:
- Енді оқушылар біз барлығына көмек береміз деп шаршап қалған сияқтымыз. Олай болса орнымыздан тұрып, тақтада көрсетілген іс-қимылды жасаймыз, жарайма?
- Біздің кезекті тапсырмамызбен танысу үшін тақтаға қараймыз. Тапсырмамен таныс болайық.
4-ші кедергі:
Ү. Қорытындылау:
-
Өте керемет оқушылар. Барлық тапсырмалар мен танысып, барлық көмек сұрағандарға септігімізді тигіздік. Енді бүгінгі сабағымызды қорыту мақсатында тақтада көрсетілген адасқан сандарды ретімен көрсетіп шығамыз.
ҮІ. Бағалау.
№20 орта мектеп
Тақырыбы:
«Адасқан сандар»
Дайындаған: Айтмуханова Г.
2014-2015 оқу жылы