- Учителю
- Математика 'Сандарды 1 санына бөлу. Санды 0 санына бөлуге болмайтындығы' сабақ жоспары
Математика 'Сандарды 1 санына бөлу. Санды 0 санына бөлуге болмайтындығы' сабақ жоспары
Пән: математика
Сынып: 3
Сабақтың тақырыбы:Сандарды 1 санына бөлу. Санды 0 санына бөлуге болмайтындығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 1 санына көбейту мен бөлудің, 0 санымен көбейту мен бөлудің ерекше жағдайларымен таныстыру, есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушыларды ақыл-ойын, пәнге қызығушылығын арттыру, өзін-өзі тексеру дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: есептер,тақырыптық суреттер,ережелер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а)Амандасу.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Отырыңдар!
- Қазір қай сабақ?
- Сабақ құралдарымыз дайын ба?
- Олай болса оқушыға ұқсап отырамыз!
б) Психологиялық дайындық:
Қане, қатар - қатар түзеліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп, түп - түзу тұрайық.
Бірінші қатар жай отыр.
Екінші қатар сен де отыр.
Үшінші қатар тез отыр.
Балалар, бүгінгі сабағымызды осындай жақсы көңіл - күймен бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
-Ал балалар бүгінгі сабақты бастамас бұрын үй жұмысын бір тексеріп өтейік. (дәптерлерін қарап өту).
-Менің көруім бойынша барлықтарың сабаққа жақсы дайындалып келіпсіңдер.
-Жарайсыңдар!
«КЕЛ, ОЙНАЙЫҚ» Геометриялық фигуралардан үйлер құрастыру:
-Балалар, мынау не?(фигуралар)
-Дұрыс айтасыңдар, егер осы фигуралардың артында берілген есептерді шығарып, жауабын дұрыс тапсаңдар үй құрастыруға болады екен.
2*8
3*9
8*5
7*4=
6*8=- Олай болса бірінші-қабырғасын, екінші-шатыршасын,үшінші-терезесін және есігін құрастырамыз.
7*2=
9*9=
9*8=
8*9=
III. Жаңа сабақ
-Балалар, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз - «Сандарды 1 санына бөлу. Санды 0 санына бөлуге болмайтындығы» деп аталады.
а*1=а
1*а=а
Егер көбейткіштердің бірі 1-ге тең болса, онда көбейтіндінің мәні екінші көбейткішке тең болады.
1+1=2 2*1=2
1+1+1+1=4 4*1=4
1+1+1+1+1+1+1+1+1+1=10 10*1=10
Кез келген санды 1-ге көбейткенде сол санның өзі шығады.
0+0+0=0 3*0=0
0+0+0+0+0=0 5*0=0
а:0
0;а=0Қорытынды: Кез-келген санды 0-ге көбейткенде нөл шығады.
Нөлге бөлуге болмайды.
Нөлді санға бөлгенде нөл шығады.
-Ал, енді кітабымызды ашамыз. Бүгінгі күнді жазамыз.
№2 есеп 49 бет. Көбейту мен бөлуге өзара байланысты екі өрнектен құрыстыр. Қорытынды жаса.
1*5= 1*4=
5*1= 4*1=
5:1= :1=
5:5= :4=
№3 . Ауызша түсіндіре отырып есепте
1*6 1*8 1*78
35*1 9:9 40*1
15*1 15:15 28:28
№3 51 бет. Ауызша түсіндіре отырып шығар:
3*0 13:13 52*0 0*4
0:9 0*15 12:12 3:3
ІV.Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық. Оңға-оңға түзу тұр
Алақанды ұрайық Солға-солға түзу тұр
Оңға қарай иiлiп Жоғары-төмен қарайық
Солға қарай иiлiп Қолымызды созайық
Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызға күш жинап,
Бойымызды созайық Бір шынығып алайық
Белiмiздi жазайық.
№5. Есептерді өрнек түрінде жаз.
(4*6)-15 (4*6)+15 (9*4)-15 (9*4)+25
Теңдеулерді шеш.
90-х=50 80+x=170 a-60=90 85+y=100
V. Бекіту.
Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр. (5 қоян)
Бір қария 34 балмұздақ алған. Ол өзінде 4 балмұздақ қалдырып, әр біреуіне 6 балмұздақтан келетіндей етіп өз немерелеріне бөліп берді. Қарияда қанша немере бар?
Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??
120 минутта 3сағат бар.(2 сағ)
9 бен 4 - тің көбейтіндісі 32 - ге тең. (жоқ. 36)
3 вазаның әр қайсысына 5 гүлден салынды. Барлығы неше гүл салынды?
Көбейтудің компоненті.
VІ. Қорытынды.
-Балалар біз бүгін сабақта не істедік?
-Есептер қиын болды ма?
-Қай есептен қателестік?
VІІ. Үйге тапсырма. №7, 52бет.
VІІІ. Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.