- Учителю
- Презентация по литературному чтению на тему Алдар көсе мен салт атты
Презентация по литературному чтению на тему Алдар көсе мен салт атты
Алдар көсе мен салт атты.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра отырып, жаңа сабақты меңгерту
2. Оқушылардың ой-өрісін , ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өтірік айтпауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап
Көрнекілік: тон ішіктің суреті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, құрал-жабдықтарын түгендеу
Психологиялық дайындық
Топ, топ, топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн
ІІ. Топқа бөлу
І топ «Алдар көсе» ІІ топ «Бай» ІІІ топ «Жылқы»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Мен саған сен маған»
«Өз ізі» сұрақ қою
СЕРГІТУ СӘТІ
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Мен кіммін?» старегиясы бойынша тақырыпты ашу
1. Киген тоны,Оңды тон. Өнді тон.
2. Үш кісі ішік пішті Бес кісі ішік пішті Қанша кісі ішік пішті?
Жаңылтпашты жаңылмай, тез айтуға үйрету.
Жаңылтпаштағы киім атауларын ата
Бұл киімдерді қай кезде киеді?
Не үшін киеді?
ІҮ. Оқулықпен жұмыс:
Ү. Суретпен жұмыс:
Суретке зер сал.Жерде тұрған кісі қалай киінген?
Ат үстіндегі кісі ше?
Алдар көсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едің?
Оқушыларға Алдар көсе мен салт атты тақырыбын түсіндіріп, тізбектете оқыту.Балалар, бұл аңызда Алдар көсе байды қалай алдап кетіпті?
Топтық жұмыс
Ітоп Ертегіні сахналап көрсету
ІІтоп сурет салу
ІІІ топ кейіпкерлерге сипаттама
ҮІ. Қорыту:
Алған білімдерін қайталап, сұрақтарға жауап бере отырып, қорыту
Балалар сабақтың соңында тақтада іліген термометре өз ойларын білдіреді
ҮІІ. Бағалау