- Учителю
- Сайыс Жігіт сұлтаны
Сайыс Жігіт сұлтаны
Мақсаты:
-
Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
-
Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
-
Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Суреттер, шарлар.
Байқау барысы.
-
Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады
1 - жүргізуші: Аяжан
Құрметті оқушылар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты жігіттер сайысы өтпекші.
2 - жүргізуші: Аружан
Нағыз кәусар жігітті,
Нағыз қайсар жігітті,
Нағыз бұлбұл жігітті,
Нағыз дүлдүл жігітті,
Анықтайтын кез келді!
1 - жүргізуші: Аяжан
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық!
Ата жолын жалғамақ
Ел дәстүрін қолдамақ
Ел намысын қорғамақ.
Ұлдар шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ! - дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыскерлерімізді шақырайық! Қарсы алыңыздар!
2 - жүргізуші: Аружан
«Жігіт сұлтаны» байқауындағы әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1 - жүргізуші: Аяжан
Қайсысы әнші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық! - деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейік.
І бөлім «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру.
ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» қол өнер сайысы.
ІІІ бөлім Көркіне ақылы сай» сұрақ-жауап сайысы.
ІV бөлім Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрек.
2 - жүргізуші: Аружан
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
1 - жүргізуші: Аяжан
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған баршыңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.
Өнер қуып жігіттер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен сегіз жігіт кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Өзін таныстыру
2 - жүргізуші: Аружан
Таныс болдық жігіттер тегіменен
Туып өскен мекені, еліменен.
Бәрі де ақын көрінеді,
Таныстырып кетті ғой төгіп өлеңменен.
-
Жүргізуші. Аяжан
-
«Бәрекелді!» деп шіркінге, - дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,
Жігіттер аянбай - ақ жан салыпты.
Өз өнерін көрсету
1 - жүргізуші: Аяжан
Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,
Келді кезек тапқырлықты танытар.
Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,
Жүлде сенде, қуана бер, күлімде - деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз.
Сұрақ-жауап сайысы
-
Жеті атанды ата?
-
Жеті қазынаға нелер жатады?
-
Бес асыл іс, бес дұшпанға нелер жатады
-
Ұлттық ойындарға нелер жатады?
-
Қасиетті күн деп қай күнді атайды?
2 - жүргізуші: Аружан
Сайысымыздың келесі түрі « Қара жорға» биінен сайыс
1 - жүргізуші: Аяжан
«Мақал- мәтелдің жалғасын табу» сайысы
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Сұлтаны деп сыныптың жүрейікші.
Қазыларға тек қана әділдікті,
Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.
« Кол күрес» күш сынасу сайысы.
1 - жүргізуші: Аяжан
«Жүзден - жүйрік» күшімен,
«Мыңнан - тұлпар» шықты шың
Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!
Құттықтайық ал енді
Сұлтан болған баланы
-
Жүргізуші Аружан
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышты жанары,
Шоқтай болып жанады.
Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады.
1- жүргізуші: Аяжан
Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!
Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!