7


  • Учителю
  • Сабақтан тыс шара Қош бол құтты әліппем 1 сынып

Сабақтан тыс шара Қош бол құтты әліппем 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қош бол, құтты әліппем!

І бөлім

Әліппе туралы ән

(Оқушылар хормен әнді айтады. Орталарында әліппе)

Ән біткесін ана тілі кіреді.

Салемәтсіз ба балалар? ( Ана тілі айтады)

Сәлематсыз ба Әліппе?

Салематсыз ба Ана тілі?( Әліппе айтады)

Балардың Әліппені аяқтап ,Ана тілін бастағалы жатқандарын қайдан білдің?

Әндерін естіп, Ана тілін оқуға дайын екендерін түсіндім.

Олай болса, балалардың не үйреніп білгендеріне өзің көзіңді жеткіз. Осында қал , екеуміз тамашалайық.

Жүргізуші: Ендеше, балалар әліппе беттерінен үйгенгенімізді көрсетейік. Не үйреніп едік?

Әріптерді, тақпақтарды жаттадық, ертегіні оқып білдік.

Әліпбиді біліңдер,

Осы әріпті танып дәл!

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар.

(әріптер, тақпақтар айтады)

1.Атам жақсы көреді,

Алса алғыс өрені.

Алқа топта мақтар кеп,

«Атасына тартқан»! деп.

2.Әжем бесік тербетіп,

Әлди әнің салады.

Әйәй сәби ержетіп,

Әже еңбегі жеңеді.

3.Боз далада ғажап бар,

Боздатқан баба өлеңін.

Ботаға балап қазақтар,

Боташым дейді бөбегім.

4.Ғаламат ерлік көп қандай,

Ғажайып неткен ел еді.

Ғарышты кезген Тоқтардай,

Ғарышкер болғым келеді.

5.Домбыра деген ғажапта,

Даңқта, шер мен азап та...

Домбыраны шерте алмау,

Достым ау ұят қазаққа.

6. «Жаман бала күйік» дейді,

Жамандыққа құштар кім?!

Жақсы болсаң биіктейді

Жалауы Қазақстанның!

7.Мезгіліне керуін көшірер,

Мектеп білім атауы.

Мерейлі етіп өсірер,

Мен сияқты батаны.

8.Найза боп тиеді,

Намысы зорға да.

Нансаң, сол киелі,

Нанды қорлама.

9.Үйдің сыйлы қонағы,

Үбектеймін жанды сап.

Үлкен жігіт боламын,

Үлкендерден алғыс ап.

10.Орманға сәулет төл болар,

Ордада дәулет мал болар.

Орғыған судан өтерге,

Орылған қамыс сал болар.





Жүргізуші:

Барлық әріп бағалы, Буын онсыз болмайды,

Айттық әділ бағаны. Адам барлық әріпті.

Әріпсіз сөз болмайды, Ардақтайды, қолдайды.

ІІ бөлім.

Жүргізуші:

Көрініс: «Жануарлар сабақта».

Кірпі: -Сәлеметсіздер ме, қане, отырыңдар.

Біз сабақты бастаймыз,

Қайталаудан аспаймыз.

Қане, көжек ойланып,

Екіге үшті қоса қой.

Көжек:(Дірілдеп, қалтырап)

-Білмеймін мен,

Ой, ой қорқам.

Кірпі:

Қос көрінер қорыққанға,

Қорқу деген жаман іс.

Екіге ушті қосқанда,

Шығады міне «үлкен 5»

Кірпі:

Енді түлкі сен келші

Екіге екіні қосқанда.

Не шығады тез айтшы,

(түлкі жалма-жан дәптерін ақтарғыштайды.)





Кірпі:

Дәптерге үйтіп қарама,

Алдауға болмайды,

Ойланып тап шешуін.





Енді қонжық келе ғой.

Үшке-үшті қоса ғой.

Аю: (орнынан тұрып, басын екі алақанымен соққылап, теңселіп, айналып.)

Үшті-үшке қосқанда (-2 рет.)

Кірпі: Көп ойландың, қане басқа кім біледі?

Шыбын: 6 рет ызылдайды, қайта санаймыз.

Кірпі: Бақа, кезек саған келді.

Шешуін айта ғой мына өрнектің (2+3)

Бақа: 5 рет бақылдайды.

Кірпі: Жақсы тапқыр, ақылды болыңдар.

Сабақ бітті осымен.





Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ ағартушысы. Ол алғаш әліппені жазған, «Кел,

балалар оқылық!»

Ертегі: «Кім неден күшті?»

Ертек-ертек ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен.

Қырғауыл жүні қызыл екен,

Құйрық жүні ұзын екен.

Мұзға барып қонған екен,

Жамбасы ауырып қалған екен.





Сол уақытта жасаған ием мұздан сұрапты:





-мұз,мұз, сен неден күшті болдың?





-мен күшті болсам, күн көзінен ерімес едім.





Күн, күн сен неден күшті болдың?





Мен күшті болсам,бетімді бұлт басар ма еді?





-бұлт,бұлт, сен неден күшті болдың?





-мен күшті болсам, жауа-жауа жусан басын көгертпес едім?





-жусан,жусан, сен неден күшті болдың?





-мен күшті болсам, қошақан жер ме еді?





-қошақан,қошақан, сен неден күшті болдың?





-мен күшті болсам, құйрығымды қасқыр тартар ма еді?





-қасқыр , қасқыр, сен неден күшті болдың?





-Мен күшті болсам, мерген, атып алар ма еді?





-Мерген,мерген, сен неден күшті болдың?





-Мен күшті болсам, мылтығымның бауын тышқан қияр ма еді?





-Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?





-Мен күшті болсам, ала жаздай жинаған азығымды құмырсқа тасып кетер ме еді?





-Құмырсқа, құмырсқа,сен неден күшті болдың?-дегенде, ол:





-Арқаммен-алты батпан, желкеммен жеті батпан ауырды көтергендіктен күшті болдым.





(Сүйікті әліппемен қоштасу сәті.)

11.Ең алғаш алғанымда әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар меді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

12.Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым анасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

13.Соғылған сомдап алтыннан,

Әліппе білім бесігі!

Ашылды енді алдымнан,

Кең дүниенің есігі.

14.Қош бол, құтты әліппем!

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің.

15.Таныстырған 42әріппен,

Қош бол , менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

16.Қадіріңді кеш білсем,

Қояр едім қалып мен.

Тіл тұсауын кестің сен,

Қош бол, құтты әліппем!

17.Әліппем менің әліппем

Өмірді танып келем мен.

Қайталап айтам мың рет,

Өзіңе көп-көп рахмет!

Ана тілі:

Әліппе, саған жұрттың ықыласы ерекше, ата-анасы баласымен қосып оқиды. Тауысқасын қошеметтеп қоштасады.

Әліппе:

Сабыр сақта ана тілі . Өзінді де құрметпен қарап жақсы оқитын болады. Балалардан сұрауыңа болады.

-Рахмет.

Әліппе:

Олай болса, қазір балалардың өнерлерін тамашалап, көңіл көтерейік.

Ән

Би

Күй

Мұғалім:

Жеміске құты тола ма?

Бір-бірлеп теріп алмасаң,

Әп сәтте шыға қоя ма?

Еккен дәнің ойласаң.





Білім де сондай қарағым

Біртіндеп сіңер ойыңа

Ұғып ал білім боларын,

Шамшырағың жолыңда.





Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріп пе ең

Том том қалың кітаптың

Басы болар Әліппең





Балаларды құттықтап, диплом табыстауға мектеп директоры: Даумова Ф.Х ға сөз беріледі.

(Балаларға диплом таратылады.)

</ Мұғалім сөзі:

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың.

-Осымен әліппемен қоштасу кеші аяқталды, сау болыңыздар!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал