7


'ҚЫз қызғалдақ' сынып сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Астана қаласы







Сынып сағаты:


Сынып:1 «Ә»






Мұғалім: Капатаева Кымбат Капатаевна



Тақырып: «Қыз - қызғалдақ»

Мақсаты: 8-наурыз аналар мерекесі жайлы мағлұмат беру. Оқушыларды наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір қасиеті туралы мағлұмат беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекі құралдар: плакат, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

Ана аяулы да, мейірімі мол,асыл жан.

Әрбір бала құрмет тұтар әрқашан,

Асыл жанды анаға тең келмес,

Бұл өмірде ешбір жан!

8-Наурыз Халықаралық Әйелдер Күні аса құрметті мереке. Өйткені, бұл мереке әрбір жанның жанына жақын жан, жарық дүниеге әкеліп, өмір сыйлаған, түн ұйқысын төрт бөліп бағып қаққан, мейірімді, асыл жанды аналар мерекесі. Осы мерекемен дүниедегі барлық мейірімді аналарды, данагөй әжелер мен апаларды, мың бұралған сұлу сымбатты аруларды, кең пейілді, ақ көңілді жеңгейлерді құттықтаймыз! Бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Қадірменді аяулы аналар , гүлдей жайнаған қыздар! Сіздерді бүгінгі «Халықаралық Әйелдер» мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге ең бастысы денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, талмас қанат, мөлдір махаббат пен мәңгілік бақыт тілеймін.

Бүгінгі ертеңгілігімізді «Қыздарай» атты қыздар сайысы түрінде өткізбекпін. Гүлдей құлпырған қыздарымызды қарсы алайық. (қыздар ұлдармен шығады)

Сайысымыз төрт кезеңнен тұрады:

  1. Таныстыру.(әр топ өзін таныстырады)

  2. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» (сұрақ жауап)

  3. Ойлан, тап!(жұмбақ шешеді)

  4. «Өнерлі өрге жүзер!»(әр топ өзінің өнерін көрсетеді)

  5. Топ басшылар сайысы

Әр сайысқа баға беретін әділ қазыларды сайлап алайық. (үш адам сайланады)

Сайысымызды бастаймыз. Әр топ өздерін таныстырып шықсын.

Әр сайыстан соң баға беріліп отырады.

Нұрдәулет: Шын жүрек, ақ көңілмен,

Алғашқы көктемнің күлімдеген.

Құттықтаймыз 8-наурыз мерекесі,

Халықаралық әйелдер күнімен!

Нұржігіт: Наурыз мейрам, жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен, күн Ана,

Алып келдің жер бетіне гүл көктем!

Мейірхан: Теңдесі жоқ данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтайын,

Аман болшы, анашым.

Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың.

Тілегімнің тірегі,

Уайымың болмасың

Ән «Ақ мамам»

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» (сұрақ- жауап)

  1. Қой төрт аяқпен тұрғанда 45кг болса, онда ол бір аяқпен тұрса неше кг тартады?

  2. Анаңның ағасы саған кім болады?

  3. Әкеңнің әкесі сенің ағаңа кім болып келеді?

  4. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

  5. Бір кг мақта ауыр ма, немесе бір кг темір ауыр ма?

  6. Отбасында алты қыз бар. Олардың әрқайсысының бір бір інісі бар. Отбасында неше бала бар?

  7. Қандай атақты адамдарды білесіңдер?

  8. Ең мықты ағаш қандай ағаш?

  9. Қай кинода бұзық бала мұғалімнің сөмкесіне бақа салды?

Нұртөре:Алақаны ақ самал,

Мәпелеген, жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа.

Бағдәулет: Армысың, ару қыздар, абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын!

Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын!

Жандос: Ана деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Қасында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.

Айя: би

Рүстем: Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам,

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әрқашан.

Ерхан: Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз

Ойлан, тап!(жұмбақ шешеді)

  1. Қабат, қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап)

  2. Бойы бүкір алысқа түкір (мылтық)

  3. Ащыда бар, қаттыда жоқ. Тұщыда бар. Тәттіде жоқ.(щ)

  4. Күндіз тіпті ұшпайды, түнде тышқан ұстайды. Көзі шамға ұқсайды. (үкі)

  5. Тұмсығымен ояды, Ұя жасап қояды. Табындаршы, балалар, Ол қандай құс болады?(тоқылдақ)

  6. Жіп жіңішке, Көмірдей қара. Таппасаң, бала, Басыңа қара.

  7. Күндіз бәрі қашады, Түнде аспанды жабады.

  8. Аяғы түйеге ұқсайды, Құс болса да ұшпайды. (түйеқұс)

  9. Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті (қарбыз)

  10. Жарға шығып ойнайды, Ойынға бір тоймады. Болса дағы сақалы, Секендеуді қоймайды(ешкі)

Әр топқа бір ата ананың көмегі ретінде, ана шығады. Оларға қойылатын жұмбақ.

  1. Әуеде ақ мамық

Қолбалақтап ұшады.

Қанаты талып,

Жерді барып құшады.

  1. Маған да, саған да

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де жұратың

Айтады кәне, кім атын?

  1. Иір, иір денесі,

Сахараның кемесі,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады.

Дімұхамед: Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке,

(бәрі) Аман болсын аналар!

«Өнерлі өрге жүзер!»(әр топ өзінің өнерін көрсетеді)

Екінші сынып. 30-шы Айя, 11-12 ші, 1-ші сабақтар 17-«Ақ мамам»

Топ басшылар сайысы(тақтада сурет салады)

Әділ қазылар ұпайларды есептеп болғанша аналар арасында сайыстар өткізу.

  1. Мимикамен көрсету.

  2. Шарды жарып тапсырма орындау

  3. «Орындық» ойынын ойнау.

  4. «Мені тап» ойыны

Қорытынды жасау.

Жеңіске жеткен команданы марапаттау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал