- Учителю
- Математика. 2-Сынып. ҚЫсқа мерзімді жоспар: Қосудың терімділік қасиеті
Математика. 2-Сынып. ҚЫсқа мерзімді жоспар: Қосудың терімділік қасиеті
Пәні | Математика | |||
Мұғалім | Болысбекова З.Ш. | |||
Сынып | 2 «б» | |||
Тақырыбы | Қосудың терімділік қасиеті | |||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар қосудың терімділік қасиеті жайлы түсінеді және дұрыс, шапшаң есептей алады. | |||
Күтілетін нәтижелері | Қосудың терімділік қасиетін біледі және есептерді терімділік қасиетімен орындай алады. | |||
Жеті модульдің кіріктірілуі | 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
| |||
Оқыту әдістері | Жаңа әдістер
| 1. Жеке жұмыс 2. Жұптық жұмыс 3. Топтық жұмыс | ||
Тапсырмалар | Топтық жұмыс, жеке жұмыс, бағалау | |||
Ресурстар | Үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, стикерлер, суреттер. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||
Ұйымдастыру кезеңі (5 мин) | 1.Психологиялық дайындық Математикалық әнді хормен айтқызып өту
2. Геометриялық фигуралар арқылы 4 топқа бөлу. 3. «Алтын ереже» туралы айту.
| Саған есеп үйреткен, Пәнге қара құрметпен. Санды тура табатын, Математика болатын. Математиканы оқимыз, Миға бәрін тоқимыз. 4- пен 5 -ті аламыз, Мәз боп үйге қайтамыз.
Топтағы рөлдерді бөледі. Алтын ережені еске түсіреді. | ||
Үй тапсырмасын сұрау (5 мин) | Үйге берілген тапсырманы сұрау. Кері байланыс сұрақтарын қою.
Топтық жұмыс Олай болса, өткен тақырыпты қалай түсінгенімізді мына тапсырманы орындап тексеріп көрейік.Өлшем бірліктерін өрнекте.
1-топ 1сағ20мин=□мин 65мин=□сағ□мин 70с=□мин□с 2-топ 1сағ10мин=□мин 80мин=□сағ□мин 90с=□мин□с
3-топ 1сағ30мин=□мин 80мин=□сағ□мин 70с=□мин□с
4-топ 1сағ8мин=□мин 90мин=□сағ□мин 67с=□мин□с | Әр топ басшылары өз тобына берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топпен орндайды.Өлшем бірліктерін өрнектейді.
| ||
Миға шабуыл (3 мин) | Логикалық сұрақтар
| Әр топ оқушылары өз тапсырмаларына ойланып жауап береді. | ||
Жаңа сабақ (5 мин) | Дәптермен, оқулықпен жұмыс Қолға қалам алайық. Көркем жазу 41 42 №1 Еске түсіріп қайталау 7+8 30+5 9+6 8+7 5+30 6+9 -Бірінші қосылғышты,екінші қосылғышты, қосындының мәнін атаңдар.
Қосудың қандай қасиетін білеміз? Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?
Мұғалімнің түсіндіруі(суретпен жұмыс) Барлығы неше текше? Өрнекті жаз Суреттерді пайдаланып, өрнектерді жазып, нәтижесін табайық. 3+(2+1)=6 2+(3+1)=6 1+(3+2)=6 Шыққан өрнектерге қараңдаршы Қандай қорытынды жасауға болады? Бірнеше қосылғыштарды олардың қосындысымен алмастырғаннан қосынды өзгермейді.
| Дәптерлеріне бүгінгі күнді жазып, 41, 42 сандарын көркем жазады. Оқушылар суреттерге қарап өрнектер құрастырады.Қорытынды жасайды.
| ||
Сергіту сәті (2 мин) | Сергіту сәті Ақылды тақтаға Сергіп бір қаласың, Би биле тоқтама. « Мен қазақпын » әні арқылы сергіту сәтін өткізу
| Оқушылар әуен ырғағымен билейді. | ||
Дәптермен жұмыс (5 мин) | №3 Есепті шығар Топтық жұмыс №3 есепті топпен орындайды. Көк шар-10 Жасыл шар-20 ? шар Қызыл шар-30 Ш: 10+20+30=60 Ж: барлығы 60 шар
| Оқушылар берілген есепті топта орындап, дәптерлеріне жазады. | ||
Топтық жұмыс (10 мин) | №4 Берілген сурет бойынша есеп құрастыр.
Сары шымшық-3 Көгершін-4 ? құс Торғай-5 Ш:3+4+5=12 Ж: барлығы 12 құс «Кім алғыр?» ойыны Математикаға байланысты ұғымдарды тауып, маркермен сыз.
| 3 топтың мүшелері берілген тапсырманы постерге орындайды, қалған оқушылар дәптерлеріне жазады. Оқушылар математикалық ұғымдарды тауып, маркермен сызады. | ||
Қорытынды (5 мин) | Жеке жұмыс №6 Сағат қанша? Оқушыларға сағаттың қанша уақытты көрсетіп тұрғанын жаздыру. №7 Қағаз қапшыққа 9 кг зат сыяды. Онда не болуы мүмкін?
«Жеміс- жидек жинау» ойыны. Жемістердің артындағы өрнектердің мәнін тауып, жеміс ағашына ілу. -Жеміс-жидектерді не үшін жейміз?(денсаулығымыз жақсы болу үшін жейміз,жеміс-жидектердің құрамында денсаулығымызға пайдалы дәрумендер бар.) -Біз не өттік? -Біз не білдік? | Оқушылар сағаттың уақытын көрсетіп жазады. Оқушылар ауызша қағаз қапшыққа сыятын заттарды табады. Оқушылар жемістердің артындағы өрнектерді тауып, жеміс ағашына іледі. Жеміс-жидектердің пайдасы туралы өз ойларын айтады. | ||
Бағалау (2 мин) | Формативті немесе қалыптастырушы бағалау. Топ көшбасшысы өз тобының оқушыларын бағалайды. | Топ басшылары өз мүшелерін бағалайды. | ||
Үй тапсырмасы (1 мин) | 5-жаттығу, 84-бет. | Оқушылар үй жұмысын дәптерлеріне, күнделікте-ріне жазып алады. | ||
Рефлексия (2 мин) | Стикерлерге сабақ туралы кері байланыс жазу | Оқушылар стикерге өздеріне бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазады. |
«Кім алғыр?»
қ
ш
е
ң
т
о
с
у
б
е
м
е
ң
е
ң
и
а
ж
р
д
н
у
т
у
е