- Учителю
- Сабақ жоспары: Сөйлемнің түрлері
Сабақ жоспары: Сөйлемнің түрлері
Тест
1.Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2
Ә) 3
Б)4
2. Сұрауға жауап болып келетін сөйлемнің түрі.
А) Сұраулы
Ә) Хабарлы
Б) Лепті
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
А) Білу және жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем
Ә) Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем
Б) Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?
А) Лепті
Ә) Хабарлы
Б) Сұраулы
5.
Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап:
Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым-соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын.
А) Нүкте
Ә) Сұрау
Б) Леп
6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.
А) Көтерді
Ә) Неге
Б) Айтпа
7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді белгіле.
А) Барма
Ә) Сүртпе
Б) Бар ма
8. Сұраулы мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
А) Бірқалыпты
Ә) Бәсең дауыспен
Б) Көтеріңкі дауыспен
9. Лепті сөйлем қандай мағынаны білдіреді?
А) Сұраулық
Ә) Лептік мағынаны ( өтіеу, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескендіру, ұран)
Б) Біреу, бір нәрсе туралы хабарлау
10. «Тұр орныңнан!» лепті сөйлемі қандай мазмұнды береді?
А) Қуану
Ә) Бұйыру
Б) Ұран
11. Лепті сөйлемде лептік мағынаны білдіретін сөздер қалай оқылады?
А) Көтеріңкі дауыспен
Ә) Бірқалыпты
Б) Бәсең дауыспен
12. Лепті мағына беретін сөзді тап.
А) Қайда
Ә) Қандай
Б) Баласы