7


  • Учителю
  • Интеллектуалды ойын Сынып үздігі (3-сынып)

Интеллектуалды ойын Сынып үздігі (3-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Тақырыбы:«Сынып үздігі» сайысы .

Мақсаты : оқушылардың білім - білік дағдыларын байқау , өз - өздерін емін - еркін ұстай білуге үйрету , білім деңгейлерін толықтыру , тез әрі дұрыс жауап қайтару.

Дамытушылығы: оқушылардың ынтасын арттырып , қазіргі заман талабына сай әртүрлі білім сайысына қатысуға дайындау , тілдерін шапшаң ойлау қабілеттерін , зейінін , есте сақтау қабілетін дамыту .

Тәрбиелігі : оқушыларды Отанын, ана тілін сүюге, белсенділікке , намысшыл болуға, саналыққа , білімді , дарынды , озық болуға тәрбиелеу .

Көрнекіліктер :

1. Балалардың аттары жазылған .

2. Сандар көрсеткіші .

3. Жарыс шарттары .

4. Пән аттары жазылған плакат .

Мұғалімнің алғы сөзі .

Бүгін сіздер бастауыш сынып оқушыларының « сынып үздігі » атты бағдарламаны тамашалайсыздар . Мұнда балалардың алған білімдерінің деңгейі қандай дәрежеде екенін бағалау үшін өтілгелі отыр .Құрметті қауым , оқушыларды құрметпен қошеметтеп қарсы алайық .

Халқымыз жан -жақты адамды « сегіз қырлы , бір сырлы » дейді .Адамның сегіз қырының бірі - оның білімі .Білімді адамның көкірегі ояу , жақсы мен жаманды айыра біледі . Міне , осы туралы өз ойларымызды ортаға салайық.

Оқушылардың өздерін таныстыруы ( Музыка жүріп тұрады )

Қатысушылар :

1.Абибуллаева Арина

2.Астана Жалғас

3.Тулеухан Төлеби

4.Райымбеков Нұрсұлтан

Сайыстың шартымен таныстыру .

І сынақ . «Бәйге» сұрақтары .

Берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысу керек . Әр дұрыс жауап үшін 1 балл алуға болады . Бәріне табыс тілеймін .

1. Адамдардың қатынас құралы ( тіл )

2. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді ?( үш )

3. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері ( Т.Әубәкіров )

4. Сөйлеудің қандай түрлері бар ? ( ауызекі , жазбаша )

5. Ғарышқа ең алғаш ұшқан кім ? ( Ю.А.Гагарин )

6. Біздің туда не бейнеленген ? ( қыран , күн , ою )

7. Мәтіннің қандай түрлері бар ? ( сипаттау , пайымдау , әңгімелеу )

8. Тасымалданбайтын сөздерді ата ( су , от , ай , от )

9. Табиғат нешеге бөлінеді ? ( тірі , өлі )

10. Адамға қажетті бес нәрсені ата ( ауа , су , күн , жылу , қорек )

11. Қара алтын дегеніміз не ?( мұнай , көмір )

12. Табиғат құбылысына нелер жатады ( боран , жаңбыр , аяз )

13. Ұындық өлшем бірлігі ( мм, см , дм, м )

14. Қазақтың үш биін ата (Әйтеке , Қазыбек , Төле )

15. Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы ( периметр )

16. Белгісіз санды әріппен белгілейтін теңдік .( теңдеу )

17. Рейстагқа ту тіккен кім ? ( Р.Қошқарбаев )

18. Қағаз неден жасалады ? ( ағаштан )

19. Бір жылда неше күн бар ? ( 365 -366 )

20. Сендерді емдейтін кім ? ( дәрігер )

ІІ - сынақ . « Тіл өнері »

Бұл бөлімде қазақша айтылған сөзді үш тілде аударма жасау керек.

1. Қалам - ручка

2. Дәптер - тетрадь

3. Кітап - книга

4. Рахмет - спасибо

5. Бес - пять

6. Жоқ - нет

7. Мұғалім - учитель

8. Мектеп - школа

9. Сынып - класс

10. Бор - мел

ІІІ - сынақ . «Қызықты бестік»

Әр цифрдың астында пән аттары жазылған . Пән бойынша сұрақтардың дұрыс жауабын атау керек .

30

Дүниетану

10

Математика

30

Қазақ тілі

30

Ана тілі

20

Ана тілі

10

Бейнелеу

20

Дүниетану

10

Дүниетану

1. Математика 10.

Барлығы 20 сәбізді 4 қоянға нешеден бөліп беруге болады ? ( 5 )

2 .Қазақ тілі 30.

Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді ? ( 2)

3.Ана тілі 30 .

Қандай батырларды білесің ? ( Қобыланды , Ертарғын ; Алпамыс )

4. Дүниетану 20 .

Біздің облысымыз қалай аталады ? ( Қостанай )

5.Бейнелеу 10.

Табиғатты бейнелеу қалай аталады ?( Пейзаж )

6. Дүниетану 10.

Мамандық түрлерін ата .

7.Дүниетану 30 .

Тірі табиғатқа не жатады ? ( Өсімдік , адам , жануар )

8. Ана тілі 20 .

« Бір бала бар атаға жете туады ,

Бір бала атадан кері кете туады » осы сөз кімдікі ? ( Төле би )

4 сынақ . « Сөз шебері »

Әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа айтып береді .

2 ойыншы қалуы керек .

5 - сынақ . « Жорға »

1 минутта қанша сұрақ таңдап , нешеуіне дұрыс жауап берулеріне қарай ұпай жинауға болады . 1 сұрақ - 1 ұпай болып есептеледі .

1 - оқушыға :

1. Қыс айларын ата (желтоқсан , қаңтар , ақпан )

2. Білім ордасы ( мектеп )

3. Сөзге шебер адамды кім дейді ?(шешен )

4. Қанша дауысты дыбыс бар ?(15 )

5. Сөйлем нені білдіреді ? ( тиянақты ойды )

6.Ең кіші натурал сан (1 )

7. Күйді орындаушы кім ?( күйші )

8. 16 - желтоқсан қандай күн ?( Тәуелсіздік )

9. Ұя салмайтын құс (Көкек )

10. Сиырдың пірі (Зеңгібаба )

11. Көру мүшесі ( көз )

12. Жылқыға жұрнақ жалғанса , кім болады ?(жылқышы )

13. Президентіміз кім ?

14. Саусаққа тағатын бұйым ? ( Жүзік )

15. Кесінді ұзын ба , түзу ұзын ба ?( Түзу )

16. Өшіру құралы (Өшіргіш )

17.Күй атасы кім ?( Құрманғазы )

18. Қосылғыштың мәні ( қосынды )

19. 72 - 70

20. 100 жыл

2- оқушыға :

1 . Сұраулы сөйлемнен кейін не қойылады ?( Сұрақ белгісі )

2. 4 түлікті ата .

3. Дауыссыз дыбыстар нешеу ?( 25)

4. Сөз неден құралады ? ( әріптен )

5. Балаларға білім беретін кім ?

6. Ең үлкен екі таңбалы сан .99

7. Ұшақ жүргізуші ( Ұшқыш )

8. 1 - қыркүйек қандай күн ? ( Білім күні )

9. Суретші ата кім ? ( Қастеев ата )

10Қой атасы ( Шопаната )

11. Есту мүшесі ( құлақ )

12. Біздің аудан .

13. Біздің ауылдың әкімі кім ?

14 Үй жиһаздары

15. Зиянды әдеттер .

16. Оқушы айнасы ( күнделік )

17. Қазақстанның көмір өндіретін қаласы (қарағанды )

18 . Азайғыштың мәні ( Айырма )

19.45 +20

20. Биыл қай жыл ( мешін )

Ойын соңында әділқазылар алқасы екі баланың ұпайларын есептеп , жеңімпаз балаға « Сынып үздігі - 2016» деген атақ беріліп , тиісті сыйлықты табыс етеді . Ақ тілектерін айтып , қорытындылау.

Қатысқан оқушыларды марапаттап , сыйлықтар беру.

өткізген бастауыш сынып мұғалімі Бекетаева Н.У







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал