- Учителю
- Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары'Адамның нашар мінезі' (4сынып)
Әдебиеттік оқу Сабақ жоспары'Адамның нашар мінезі' (4сынып)
I. Сабақтың тақырыбы: Адамның нашар мінезі
II. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлеңнің негізгі идеясын түсінуге қолайлы орта құру.
1.Мазмұнға байланысты міндеттер:
-
Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау;
-
Өзіне тиісті ақпарат алып, оны өмірде қолдануына көмектесу;
-
Алынған мағлұматтан өз бетінше қорытынды шығаруға бірлесе көмек беру.
2.Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:
-
Адамның нашар мінезі туралы ой пікірлерін сын тұрғысынан ойлай отырып терең ашу үшін болжай отырып оқуға көмек беру;
-
Оқушылардың алған білімдерін дамыта отырып, өз көзқарасын жеткізе білуге жағдай жасу;
-
Бүгінгі таңда өмірмен байланыстыра отырып, терең ойлауға баулу.
3.Топпен жұмысқа байланысты міндеттер:
Топтық жұмыс дағдыларын дамытуға байланысты өзін - өзі мәдениеттілікке тәрбиелеуін басқару; сыйлауға, ойды құрметтеуге үйрету.
Күтілетін нәтиже:
-
Топтағы оқушылар тығыз ынтымақтастықта бір-бірімен пікір алмасады, бірін-бірі тыңдайды;
-
Берілген мазмұн бойынша өз көзқарастарын білдіреді;
-
Алға қойған мақсатқа жету үшін ойланады, жазады, салыстырады;
III. Сабақта қажетті материалдар: Мәтін, зерттеу үшін құрал - жабдықтар, қағаздар, маркерлер, фотоаппараттар, бағалау парақтары.
Бағалау: «Екі жақты күнделік» стратегиясы, топтастыру, эссе жазу,
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы.
Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану
І. Қызығушылықты ояту сатысы
а) Психологиялық дайындық
"...Талап,еңбек ,терең ой,
Қанағат,рақым,ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз"
-Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?
Асыл қасиеттер бойынша 4 топқа бөлінеміз
Әр топ өзі бөлінген топ атауына түсініктеме береді.
Топты қорғау:
1топ «Талап»
2 топ «Терең ой»
3 топ «Қанағат»
4 топ «Рақым»
ә) Ой қозғау.
- Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақ тақырыбы не туралы болуы мүмкін?
- Әр топ өзінің жағымды қасиетіне кері жағымсыз қасиеттерді ата.
Жағымсыз қасиеттер
ІІ Мағынаны тану
Автор туралы әңгімелеу
-
Ақын туралы не білесіңдер?
Кітаппен жұмыс
Адамның нашар мінезі. «Ызақор», «Еріншек» өлеңдері
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
-
«Ызақор» өлең шумақтарын оқып, талдау;
-
өз ойы мен ақынның ойын салыстыру;
-
Ызақорлықтан арылудың бірнеше жолдарын көрсетіңіз. Жұпта, топта.
-
«Еріншек»өлең шумақтарын оқып, талдау;
-
өз ойы мен ақынның ойын салыстыру;
-
Еріншектіктен арылудың бірнеше жолдарын көрсетіңіз. Жұпта, топта.
Өлеңнің негізі болатын сөздерді анықта
Өз ойыңмен толықтыр
Сыныптастарыма айтар ұсынысым
Топтастыру тапсырмалары
-
Адамның мінез-құлқына арналған мақал-мәтелдер
-
Болашақта жан-дүниеңді, мінез-құлқыңды байыту үшін не істеуің керек?
ә) Сергіту сәті: Жағымды әуен. Адамның мінезі,көңіл-кұйіне байланысты сурет салу
ІІІ Ой толғаныс.
«Эссе» жазу «Жағымсыз мінезден арылғым келеді»
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, досыңды сипаттап жаз.
Бағалау: Бағалау парағы арқылы топ басшылары бағалайды.