- Учителю
- Еңбек адамын ардақтайық Ардагер ұстаз - Ұмсынай Әлімжанқызы.
Еңбек адамын ардақтайық Ардагер ұстаз - Ұмсынай Әлімжанқызы.
«Еңбек адамын ардақтайық!»
Ұстаз - әр бір оқушыға ақыл-кеңес айтатын,
бақыт жолын көрсететін,
жақсылыққа жол сілтеуші,
жанашыр адамның бірі.
Н. Ә. Назарбаев
Ұстаз деген - жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген - анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан болып жаралдың,- демекші мектеп ақылыңа ақыл қосады, мұғалім келешектің жолын сызады.
Шекерова Ұмсынай Әлімжанқызы 1952 жылы тамыз айының 9-шы жұлдызында Қостанай облысы, Мендіқара ауданының Татьяновка ауылында дүниеге келді. Отбасында- ата-анасы және төрт ағайынды бауыры. Әкесі өте ақылды, үнемі әдеби шығармаларды оқып балаларының келешектеріне тәрбие етіп айтып отыратын. Әкесінің айтқан ақылына тәнті болып отыратын кішкентай балаларының бірі Ұмсыныай еді.
Татьяновка ауылының мектебінде 1960 жылы 1-сынып табалдырығын аттап, кейін өзінің отбасы Борки совхозына қоныс аударып 9-10 сыныпты Борки орта мектебінде 1970 жылы тамамдады. Мектепті бітірісімен оқушы өзінің қалаған мамадығының иесі болуға асықты. Міне, сөйтіп Шекерова
Ұмсынай Әлімжанқызы 1970 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Мендіқара педагогикалық училищесіне бастауыш сынып мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1972 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі» квалификациясы бойынша оқуын аяқтап, дипломды қолына алды.
«Арман - жарқын болашақ бейнесі» демекші, Ұмсынай Әлімжанқызы 1972 жылдың тамыз айының 15-ші жұлдызынан бастап Семиозёрный ауданының (қазіргі Әулиекөл ауданы) Киров ауылындағы 8-жылдық мектебіне бастауыш сынып мұғалімі ретінде алғаш келген жас маман қалаған ұстаздық еңбек жолын 3-сыныпқа сабақ беруден бастады. Киров ауылының 8-жылдық мектебінде бес жылдың шамасында ұстаздық қызметін атқарды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Міне осылай Ұмсынай Әлімжанқызы ұстаздық жолын тынбай, еңбек етуден бастады.
Адам өміріндегі ең бір қызықты да, қуанышты да ұмытылмас белең - оның үйленіп, жеке отау тігуі. Ұрпақтарының үлгілі отау құруы - сол жастардың ата-аналары мен ауыл адамдарының ғана тілек-талабы емес, қоғамдық қажеттілік. Отбасы - мемлекеттің іргетасы,-демекші Ұмсынай Әлімжанқызы 1973 жылы, тамыз айының 18-ші жұлдызында отау тігіп, өз отбасын құрды.
1977 жылы Киров ауылынан Қарасу ауданы, Тімтуір ауылына қоныс аударды. 1979 жылдан бастап Тімтуір орта мектебіне жұмысқа орналасып, бастауыш сыныпта жұмыс істеді. Ұстаздың айтуынша 1979-1980 жылдары алғаш өзінің алған сыныптарында оқушы саны -27-ден кем болған емес. Сыныбында оқушы саны көп болғанына қарамастан ұстаз өз жұмысын өте тиянақты етіп, әр оқушының біліміне селқос қарамай, білім сапасының 85, 90 % пайыздан төмен болмасын,- деп еңбек етіп жалықпағандығын тілге тиек етеді.
Ұмсынай Әлімжанқызының ұстаздық жолындағы атқарған жұмыстарының барлығын облыс, аудан, ауыл, мектеп басшылары ескерусіз қалдырмайды. Ұстаздың еңбек жолындағы атқарған жұмыстарының жемісі төмендегі құрмет грамоталарымен-ақ дәлелдеуге болады. Атап айтатын болсақ...
-
1982 жылы құрмет грамотасымен марапатталды.
Білім басқармасының бастығы: К.Жаркенов
-
1983 жылы құрмет грамотасымен марапатталды.
Білім басқармасының бастығы: К.Жаркенов.
-
1985 жылы құрмет грамотасымен марапатталды.
Білім басқармасының бастығы: П.Эберле.
-
1985 жылы 5.11 диплом «Мастер мен золотое Руки» марапатталды. Совхоз директоры: А.Кущугулов.
-
1986 жылы 4.10 құрмет грамотасымен марапатталды.
Мектеп директоры: Абикенов С.М.
-
1987 жылы 7.03. Алғыс хат грамотасымен марапатталды.
Мектеп директоры: Невзоров Д.В.
-
1991 жылы 6.10 құрмет грамотасымен марапатталды.
Мектеп директоры: И.Черниченко.
-
1994 жылдың 30 қарашада І категория 13-разряд бастауыш сынып мұғалімі атағы берілді.
-
1986 жылы 24 шілде де құрмет грамотасы берілді.
-
Қазақ ССР оқу министірі К.Б.Балахметов Алматы қаласы №5164.
-
2002 жылы құрмет грамотасымен марапатталды.
Қарасу ауданының әкімі: Турсунов А.Ж.
-
2010 жылы Қостанай облысы білім беру және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінен.
Білім басқармасының бастығы: Бөрібаева С.Б.
1983 жылы 1-сыныпта отыз екі оқушы оқыды. Соның ішінде өзінің баласы Шекеров Бекболат Базарбайұлы да оқыды. «Мұғалім қандай болса, шәкіртінде сондай болмақ»,-демекші ұстаз кісі баласын оқытып ғана қоймай, өзінің балаларынада бастауышта білім берген екен. Өз балаларын шәкірті деп танып айтатын болсақ қазіргі таңда Шекеров Бекболат Базарбайұлы Алматы қаласында кинодраматургия саласында қызметін атқарып жүр. Және де айта кететін тағы бір жетістік ұстаздың қызы Шекерова Айгүл Базарбайқызы Қарасу орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мамандығы бойынша жұмыс істейді. Сонымен қоса кіші баласы Шекеров Ерболат Базарбайұлы осы уақытта өз ауданындағы Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі. Оқушыларының біразы жоғарғы білім алып жоғарғы лауазымды жұмыс атқарып келеді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.
1991-1997 жылдар аралығында екі-үш сыныптарды да бастауыш қабырғасынан шығарып салды.
Мемлекеттік тілді көтеру, үйрену мәселесімен Тімтуір ауылында қазақ тілінде оқытатын сынып ашылды. 1-4 сыныпқа дейін оқытуға сегіз оқушы тағайындалды.
Жоғарғы білім алу мақсатында 2002 жылы Қостанай гуманитарлық институтына оқуға түсіп, 2004 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні мұғалімі деген диплом берілді.
2008 жылы Қарасу ауданының Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебіне жұмыс бабымен ауыстырылды. 2-4 сыныпқа дейін оқытты.
Қазіргі танда 2008 жылдан бастап есептей келгенде осы бастауыштағы оқушылар 8-ші, 9-шы сыныптарда оқиды.
«Ұстаз» - құрметті сөз. Ол - адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.
Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген,
көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы
сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл
иесі..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны
асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына
да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік
көрсетіп...қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек
болуы керек, - деп айтқан екен Әл-Фараби атамыз. Осы айтылған
ойлардың түйініне келер болсақ Ұмсынай Әлімжанқызы 38 жыл мектепте
ұстаздық қызметін атқарды. Қазіргі танда сол еңбегінің жемісін
көріп, зейнеткерлікке шықты. Ал ұстаздық жолын өзінің балалары мен
келіндері жалғастырып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп келеді. Еңбек
адамы - нағыз ұстаз деп білеміз.
Зейнеткер - Шекерова Ұмсынай Әлімжанқызы.
Материалды құрастырушы:
</<font color="#00b050">Тәрбие ісінің меңгерушісі - Шекерова Б.Қ.
Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі
«Еңбек адамын ардақтайық!»
Зейнеткер - Шекерова Ұ.Ә.
Материалды құрастырушы: Тәрбие ісінің меңгерушісі - Шекерова Б.Қ.
2014-2015 оқу жылы