7


  • Учителю
  • Казахский язык 2класс Үй жануарлары

Казахский язык 2класс Үй жануарлары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: үй жануарлары туралы түсінік беру, төлдерін атай білуге үйрету, олардың пайдасы туралы білімдерін бекіту, көптік жалғауын қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беріп, төрт түлікке деген сүйіспеншілігін арттыру, үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ - жауап, іздену, ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер,слайдтар,үй жануарлары бейнеленген карточкалар.

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?

- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

- Күз айларын кім айтады?

- Қазір қай ай?

- Бүгін қарашаның нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Ауа райы қандай?

- Сыныпта кім кезекші?

- Сыныпта кім жоқ?



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөздерге көптік жалғауын жалғау керек.

Тауыктар, балапандар, әтештер,қаздар, үйректер.



ІІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- үй жануарлары. Үй жануарларының аттарын, олардың төлдерін, бізге берер пйдасымен танысамыз.

1. Сөздікпен жұмыс.

Түйе - верблюд

Жылқы - лошадь

Сиыр - корова

Қой - овца

Ешкі - коза

Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)

М: ақ ешкі, қара сйыр, үлкен түйе т.б.

- Ал , енді олардың төлдерімен таныс болайық.

Бота - верблюжонок

Құлын - жеребенок

Бұзау - теленок

Қозы - ягненок

Лақ - козленок

Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)

М: қоңыр қозы, ала бұзау, сүйкімді лақ.

2.Мәтінмен жұмыс.

Үй жануарларына түйе, жылқы,сиыр, қой, ешкі жатады. Олардың төлдері бар. Түйенің ботасы, жылқының құлыны, сиырдың бұзауы, қойдың қозысы, ешкінің лағы бар. Олар бізге ет, сүт, жүн береді.

1.Мәтінді саралап оқыту.

2. Мәтінді аудару.

3. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді табу.

Жануарларына, төлдері, олардың.



Сергіту сәті. «Тербеледі ағаштар»



ІҮ. Бекіту.

1. Сөздерді сәйкестендір.

Ақ түйе

Бір құлын

Қоңыр қой

Үлкен сиыр

Кішкентай бота

2.Үй жануарларының төлдерін жазу.

Сиырдың төлі - бұзау.

Жылқының төлі - құлын.

Түйенің төлі - бота.

Қойдың төлі - қозы.

Ешкінің төлі - лақ.

3. Ойын ойнау.

Сыныптағы балаларды үш топқа бөліп жарыстыру. Сурет арқылы үй жануарларының аттарын қайталау негізінде ойналады. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.

4. Көптік жалғауын жалға.

Құлын+дар

Ешкі +лер

Лақ+тар

Қой+лар



Ү. Қорытындылау.

- Үй жануарларына нелер жатады?

- Олардың төлдерін атап беріңдерші.

- Олардың бізге берер пайдасы не?

( Тақтаға шығып жазады)



ҮІ. Үйге тапсырма беру.



Жаңа сөздерді жаттау, 169 беттегі 3 - тапсырма.



ҮІІ.Ой бөлісу.

- Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсеріміз қандай?

Көңіл - күй смайликтері балаларға таратылады. Сол смайликтерді екі қорапшаға салу арқылы бүгінгі көңіл - күйімізді білдіреміз.



ҮІІІ. Бағалау.

Сабаққа белсене қатсқан балаларға жұлдызшалар таратылады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал