7


  • Учителю
  • Cауат ашу пәні Дд дыбысы мен әрпі тақырыбында сабақ жоспары

Cауат ашу пәні Дд дыбысы мен әрпі тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пән: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы №55

«Менің отбасым және достарым»

Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.

Мектеп: «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалім: Тұмарбекова Д.Ж

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын ажырату

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Д дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Балалардың көңіл күйлерін сұрау.

Миға шабуыл.

Дөңгеленіп тұрайық

шеңберді біз құрайық

Қол ұстасып бәріміз

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық

Әрбір бейбіт күн ыстық

Қайырлы таң мектебім

Қайырлы күн достарым

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламын

Сәлем! Сәлем! Сәлем!



Шаттық шебері





















Сабақтың ортасы

8 минут





Жұмбақ жасыру:

Бала біткен соғады

Жеңіл шарды домалақ.

Ұрсаң, ұшып жоғары

Жерге түсер домалап.

Ол не? (Доп

Суретпен жұмыс

«Д» дыбысымен таныстыру

Доп дыбысына дыбыстық талдау жасау.

№1 Тыңдалым.

Достары көп Мараттың,

Ойнайды олар аулада.

Ағасымен Болаттың

Барады олар тауға да.

-Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

-Бұны балалардан сұрап көрелік.

«Д» дыбысымен таныстыру

Доп дыбысына дыбыстық талдау жасау.

Оқулық https//www.googie.kz детские сюжетные картинки











Аудие үнтаспа

Оқулық

Сергіту сәті

1 минут

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Қызықты тапсырма

8 минут



Аяқталуы



16 минут







№2 Оқылым.

Дала аула Дана Дулат

Далада аулада Данада Дулатта

Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа.

-Сенің досың бар ма?





Дәптермен жұмыс:

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Қолға қалам алайық

Көркем етіп жазайық

Д әрпін дәптерге әдемілеп, көркем жазуын қадағалаймын







Оқулық, дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут



Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл - күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.

Cауат ашу пәні Дд дыбысы мен әрпі тақырыбында сабақ жоспары



Бас бармақтар

Дифференциация - оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ

Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.



Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)



Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал