- Учителю
- Сабақ жоспары: «Уу дыбысы мен әрпі.»
Сабақ жоспары: «Уу дыбысы мен әрпі.»
Сабақтың тақырыбы: Уу дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Уу дыбысы және әрпіне қатысты білімін пысықтау
оқып жаттығу.
2. Адамгершілік тәрбие беру.
3. Сана сезімін, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Өткен сабақта алған білімін еске түсіру: - У дыбысы қандай дыбыс? Дауысты, дауыссыз болу себептерін айту. У әрпіне берілген сөздерді оқыту.
ІV. Жаңа сабақ:
а) Баған түріндегі сөздерді хормен оқу.
ә) Тақтамен жұмыс: а-уа, ну, ту, ау, на-уа, уық, науат.
б) Тау сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Тау сөзін қатыстырып сөйлем құрату.
V. Жаңа білімді бекіту: Әріптерді жатқа жазу. У, уа, ауа, ау, ту, ну
в) Сөздерге буындық талдау жасау.
Сергіту сәтін өткізу.
г) Дәптермен жұмыс: Уу, ау, ту, ауа, науа.
Диктант: ара, ана, апа, ала, аға, ата өткен дыбыстардың әріп таңбаларын жазу.
VІ. Сабақты қорытындылау: Біз қандай дыбысты танып, білдік? Уу дыбысы қандай дыбыс?