7


  • Учителю
  • Тәрбие сағатының жоспары 'Табиғат -тал бесігің аялай біл'

Тәрбие сағатының жоспары 'Табиғат -тал бесігің аялай біл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты :оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашыптүсіндіру;табиғатты аялап сүйуге тәрбиелеу,оған үнемі қамқорлық жасауды насихаттау,жерге деген меірімі мен ықыласын ояту,экологиялық білім беру,елінің байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.Көрнекілігі: «Табиғат
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Табиғат-тал бесігің аялай біл

Мақсаты :оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашыптүсіндіру;табиғатты аялап сүйуге тәрбиелеу,оған үнемі қамқорлық жасауды насихаттау,жерге деген меірімі мен ықыласын ояту,экологиялық білім беру,елінің байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.

Көрнекілігі: «Табиғат аясында суреттері» және нақыл сөздер,табиғатты қорғау ережелері,мақал -мәтелдер

  1. «Табиғат -тал бесік»

  2. «Адам табиғаттың бір бөлігі»

  3. «Табиғат бізді қоршаған орта»

  4. «Таза болса табиғат,аман болар адамзат»

Жоспар :

1.Ой-пікір.Табиғат туралы не білеміз?

2.Ой қозғау.Неге табиғатты тіршілік иесі дейміз?

3. Ой түйін.Табиғатты қорғау,аялау -барлық адамзаттың парызы.

Барысы:

Жүргізуші:Табиғат сөзі- кең ұғым.Табиғат-өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта.Табиғат -адам үшін қажетті ауа,су,топырақ,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Табиғат-адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін,күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана!Табиғат -бұл адам бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі.Жердің бетіне шыққан бау-бақша мен дәнді-дақылдар ,адам баласына жейтін ас.Орман тоғайымен тау -тасы,шалғыны мен шабындығы.Осының бәрі аспаннан қар,жаңбыр жауып с укелсе ғана көктеп көгереді.Ал сол көкті жеп тойынған мал-адамның ішер асы,киер киімі.Осы себепті ата-бабаларымыз «Жер -қазына ,су-алтын,мал-байлық» деген.

Ал енді ,балалар, сіздердің ой-пікірлеріңізді ортаға салайық.


Ой-пікір айдары-Табиғат туралы не білеміз?

1 оқушы: Адэма

Табиғат-Ол Су.Су-тіршілік көзі.Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер-нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған.

Су-адам жүрегіне жыр,көңіліне нұрсезіміне гүл берекелі зат

2 оқушы: Алишер

Су деген тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген тіршіліктің жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ,ол-ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?


3 оқушы: Амина Табиғат -Ол топырақ.Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

Топырақтан өмір исі шығады,

Оны денең тиіп кетсе ұғады,

Еңбегіңді есесінен беретін

Жақсылық та топырақтан шығады.

4 оқушы: Даниял Табиғат-Ол өсімдік.

Өсімдік-бұл жасыл желек,көк майса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер.Өсімдік ашыққанда тамақ,шөлдегенде сусын,ыстықта көлеңке ,сая суықта пана,ауырғанда дәрі,ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі-гүл.

Өсімдік -таза ауа,еліміздің дәулеті жасыл желек- орман.

5 оқушы: Мадина Табиғат-Ол жануарлар.

Жүгірген аң,ұшқан құс,дала ажары ақбөкен,әні мен сәні бұлбұл,су аруы Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

6 оқушы: Нұрәлі Табиғат -жер -Ана.

Барша байлықтың анасы -Жер.Жерді күтіп баптай білу,оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу -біздің борышымыз.

Бәрі бірге:

Қазақстан қойнауы -құт

Жасыл мекен

Еліне бақ орнаған

Атамекен...

Тәуелсіздік төрінде,

Нұр құяды көңілге.

О,жас ұлан,еліңнің

Ертеңі үшін ерінбе!

Ел ертеңі өз қолымызда!


Табиғат туралы бейне-фильмды көріп тамашалауға шықырамыз

Табиғат жайлы мақал-мәтел,нақыл сөздер сайысы:

  1. «Табиғатсыз адамдардың күні оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

  2. «Бір адам қазған құдықтан мың адам су ішеді»

  3. «Таза болса табиғат,аман болар адамзат»

  4. «Табиғат-тал бесігің -аялай біл»

Табиғат жайлы өлең, жырлар:

Табиғат,сенде бәрі ортақ,

Аспаның,күнің айың да. Адэма

Тегінде жаның жомарт-ақ,

Ізгілік жатыр бойыңда.


Табиғат қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе. Меруерт

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күнт бетінде.


Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусәр тынысың,

Пәк табиғат,жүрегімнің тамылжыған жырысың. Аңсар

Ей,адамдар,қалай ғана қатыгездік жасайсың?

Ол Анаң ғой, ал сен кенже ұлысың!

Жүргізуші:

Сонымен біз табиғат туралы білетінімізді,білгенімізді ортаға салдық.Табиғатты қалай қорғап қаламыз?

Осы төңіректе ой қозғасақ.

Ой қозғау айдары -Неге табиғатты тіршілік иесі дейміз? -Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған келелі мәселелердің бірі-табиғат ананы қорғау оның байлығын ұқыпты пайдаланып,кеінгі ұрпаққа қалдыру.Халқымыз ата заманнан бері жерін,суын қдірлеп,қасиет тұтқан.Кейінгі ұрпаққа үлгілі,өнегелі,тәрбиелік мұрағат боларлық мына жолдарды есте сақтайық.

1.Сұрауы бар суды қорғаған. -Дамир

2.Жөнсіз жыртықызбай жерін қорғаған.-Нұрәлі

3.Таптатпай көкмайса шөбін қорғаған.-Гүлжан

4.Ұшқан құс,жүгірген аң,жыбырлаған жәндігін қорғаған.-Даниял

Ал біз болсақ,қалай табиғатты қорғап сақтап қаламыз?


7 -оқушы:Әділет

«Бір тал кессең,он ал ек», «Жасыл желек» бағдарламасына қатысамыз.


8 -оқушы:Дамир

«Судың да сұрауы бар»,суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,ластамаймыз.

9- оқушы:Гүлжан

Орман-тоғайды,бақтарды күл-қоқыстан тазалап,өрттен қорғаймыз.

10 оқушы: Султан

Аң,құстарды рұқсатсыз атуға тыйым саламыз,қамқорлық жасаймыз.

11-оқушы: Меруерт

Экологиялық үгіт-насихат жүргіземіз.экология «тіршілік ету мекені,өмір сүретін орта» туралы ғылым дегенді білдіреді.Алғаш рет 1886 жылы «экология» терминін атақты неміс биологы Эрнест Геккель ғылымға енгізген және «Экология-табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым -қатынасын зерттейтін ғылым» деген анықтама берген.

12 -оқушы:Диляра

Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,

Көркейсін деп бір-бір ағаш егейік

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз

Таза ауа үшін терімізді төгейік


Бәрі бірге:Туған жерді сүю парыз

Сүю үшін білу-парыз

Қасиетін ұғу парыз

Күзетінде тұру-парыз


«Аңшы мен бала» көрінісі:(Аңсар мен Мадияр)

-Құс аулауға шығамысың?

-Шығамын.

-Атқаныңды жығамысың?

-Жығамын.

-Мә,мылтығым,атамысың?

-Атамын.

Сен атып қайт,мен демалып жатамын.


-Құсың қайда ,қарағым?

-Атпадым.

-Таппадың ба тоғайдан құс?

-Таппадым.

-Көп еді ғой көлде құс .

-Көп екен.

-Ия, неге атпадың?

-Атпадым.

-Түк дәлелің жоқ екен.

-Атуға мен қимадым,Туған жердің құстарын да сыйладым.

-Бәрекелді,жарайсың!

Ой түйін айдары -Табиғатты қорғау-барша адамзаттың парызы.

Жүргізуші: Бүгінгі тәрбие сағатымызда не білдік,не үйрендік?

1.«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»-Адэма

2.Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,аяулы бесігі,құтты қонысы,өсіп өнетін мекені.-Лаура

3.Адам-табиғат перзенті.Олай болса табиғат анаға аялы алақан,жүрек жылуын арнау-әрбір саналы адамзаттың парасатты,адамгершілік борышы.

13 оқушы:Лаура

Біз табиғаттың бір бөлігіміз,сондықтан оның заңдарын білуіміз,мекендейтін жерді қорғауымыз және қоршаған ортаны ластамауымыз қажет.Табиғатты қорғай отырып біз еліміздің және қоршаған ортаны ластамауымыз қажет.

Табиғатты қорғай отырып біз еліміздің және келер ұрпақтың денсаулығын сақтаймыз.

14 оқушы:Құралай

Қазақстанның өзендері мен көлдері таңғаларлық көркем,және ерекше әсем!Судың тазалығына және оны мкекндейтін құстар мен жануарлар санының өсуіне қамқор болу-біздің парызымыз.

Жүргізуші:Сендерге естен кетпес демалу қуанышын сыйлаған табиғаттың тылсым қалтарысында болған іздеріңді қалдырмаңдар.Табиғи заңдылықтармен үйлесе беріңдер.

15 оқушы: Мадияр

Бос шөлмектер мен консерві қалбырларын,балмұздақ қағаздарын,сен әрдайым қоқыс жәшіктеріне сасласың ба?Мүмкін сен оларды кейде жерге тастай саласың ба?Егер қоқысты тастайтын болмаса,үйіңе ала барып қоқысқа таста.

16 оқушы : Аңсар

Адамның ойламай істеген әрекеттері табиғи ортаны өндірістік,тұрмыстық және радиоактивтік қалдықтармен ластайды,бұл адам денсаулығына және табиғатқа жағымсыз әсер етеді.Әсем табиғатты шөлге айналдыруға ,ойланбай орманды шабуға,балықты аулауға,жануарларды қыруға адамның ешқандай қақысы жоқ.Бұл әрекеттер экологияны нашарлатады және адамның денсаулығына зиянын келтіреді.

Жүргізуші: Өзіңді,қошаған ортаңды ойла.Экологиялық өмір стилі-әрбір өркениетті жанға тән жаңа мәдениет.Жеріңді сүйсең-оның қамқоршысы бол!


Табиғат,тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен көлсің,сен ормансың,

Сен бұлбұлсың,сен бұлақсың-

Адамды сұлулыққа құнықтырған!

Сен жарықсың,сен гүлсің,

Сен адамсың,сен ауасың,

Сен анамсың-бәрі менің өмірім сен сыйлаған,

Туған елім,-Отаным Қазақстан!

Хормен ән : «Атамекен»

«Табиғат-тал бесігің, аялай біл!»

Өткіген:Шулембаева К.М.

2 «А» сынып

Тайынша қаласы

2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал