- Учителю
- 1ден 20-ға дейін санау
1ден 20-ға дейін санау
Пәннің аты: Математика |
Уақыты:4.04.16 |
Кабинет |
Мұғалім: Сармолдаева М | ||
Сабақтың атауы |
1-20 көлемінде санау | ||||
Мақсаты |
20-ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру,20 көлемінде реттік санауға үйрету(тура және кері тәртіппен) | ||||
Күтілетін нәтиже |
көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап | ||||
Психологиялық ахуал |
Қайырлы күн, достым, Қайырлы күн, болсын! </<font face="Times New Roman, serif">Дүйсенбінің күні сәттілікке толсын! Біздің алар бағамыз, Кілең бестік болсын! |
Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге Жаттығу жасайды.
| |||
Қызығушылығын ояту
|
|
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын оянып,ерекше ынтамен кіріседі | |||
Мағынаны тану
|
Ауызша жұмыс. Тірек білімді бекіту Балаларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарын жетілдіруге арналған тапсырмалар беріледі.
Тақтаға 20-ға дейінгі сандар қатарын ілінеді. Балалар бірге тура және кері тәртіппен санайды. Алдымен балалар санайды,содан кейін сандар қатарына қалып қойған сандарды жапсырады. №1 тапсырма 20-ға дейін санаймыз.
Жапсырмамен жұмыс : қалдырған санды жапсыру.
№2 тапсырма бір жіпке неше жалау тізілді? Екіншісіне ше?Жалаулары артық жіпті боя.
№3тапсырма логикалық есептер :мысылдарды шығар.Сызықтың көмегімен шарларды тиісті жауапқа «байла».
Торкөзге 11-12 санын үзік сызықтарды қосу арқылы жазамыз.
| ||||
Сергіту сәті |
Бір,екі,үш қарлығаш болып ұш Төрт,бес,алты қарлығаш болып қалқы Жеті,сегіз,тоғыз,он Қайта орныңа қон! |
Балалар қимыл қозғалыспен жаттығуды қайталайды. | |||
Ой толғаныс
|
Сұрақ -жауап арқылы алған білімдеріне қорытынды жасалынады. -Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен танытық? 1. 0-ден 10-ға дейін тура санау. 2. 10-нан 0-ге дейін кері санау. 3. 0-ден 20-ға дейін тура санау. 4. Келесі санды атау... 5. Алдыңғы санды атау.. | ||||
Үйге тапсырма |
20-ға дейін кері және тура санап қайталау. |
| |||
Бағалау |
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау. |
| |||
Кері байланыс |
|
|