- Учителю
- Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәтін құрастырудың сызбасы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Мәтін құрастырудың сызбасы
Күні: 11.10.2016 ж
Пән: Қазақ тілі
Мектеп: №7 мектеп - гимназия
Сынып: 3 «Ә»
Мұғалім: Бейсенбаева Р.З.
Әдіскер: Жахметова Б.К.
Тәлімгер: Балтабаева А.А.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба,кеспе қағаздар.
Сабақтың тақырыбы: Мәтін құрастырудың сызбасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мәтін туралы алған білімдерін еске түсіру, одан әрі дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіздерме, оқушылар.Бүгінгі қазақ тілі пәнін мен Балтабаева Адема Азизқызы жүргіземін. Көңіл - күйлерін қалай? Бүгінгі сабаққа барлығымыз дайынбыз ба? Сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабағымыздың ережесімен танысып алайық.
Психологиялық дайындық
-
Қол көтеріп жауап береміз
-
Шуламаймыз
-
Бір бірімізді тыңдаймыз
ІІ. Өткенді пысықтау
-Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар?
- Мәтін дегеніміз не?
-Мәтіннің қандай түрлері бар?
-Мәтіннің тақырыбы дегеніміз не?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Сөзжұмбақ шешу:
1. Түссе күннің шуағы,
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті - қолын жуады. (Мысық)
2. Дүниеде бір молда,
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп жер шұқиды.(Әтеш)
3. Ағашта тұрағы,
Жаңғақ тамағы.(Тиін)
4. Өзі жүрген бір қу,
Жүрген жері айқай да шу.(Түлкі)
5. Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Қандай сөз шықты? Мәтін
Бүгінгі сабағымызда да мәтін тақырыбын жалғастырамыз.
Мәтіннің үш бөлімі болады:
Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
-
Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?
-
Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?
-
Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?
1-жаттығу
Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра. Өз
бөлмелеріңді сипатта.
Бағандағы сөйлемдердің орындарын ауыстырып, дұрысын жазу.
Менің бөлмем.
-
Бөлменің ауасы таза.
-
Оң жақта менің төсегім тұр
-
Мынау - менің бөлмем.
-
Сол жақта үстел, орындықтар қойылған.
-
Оның терезелері үлкен.
Мынау - менің бөлмем. Оның терезелері үлкен. Оң жақта менің төсегім тұр. Сол жақта үстел, орындықтар қойылған. Бөлменің ауасы таза.
2 - жаттығу
Достық
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі -
Ақселеу де, екіншісі - Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре
алмайтын, демікпе сырқаты болатын. Бір үйдің жанынан өте бергенде,
дәу қара төбет абалап үріп шыға келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!- деп, Абыз айғайлап жүгіре
жөнелді.
- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды.
Бірақ оның шалбары жырым-жырым болды. Абыз Ақселеудің жанына
келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын едің,-
деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ,алысқа жүгіре алмайтын сен тұтылып,
мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,- деді
Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен!- деді екеуінің әңгімесін
тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп.
1. Мәтін не туралы?
2. Достық ұғымын қалай түсінесің?
3. Екі баланың аты кім?
4. Олар неден қорықты?
5. Ақселеу қандай ерлік көрсетті?
6.Мәтінге қандай тақырып қоюға болады?
3-жаттығу
Сурет бойынша мәтін құра, жоспарды пайдалан және мәтінге тақырып қоюға ұмытпа.
Жоспар.
1.Серуенге дайындық.
2.Хайуанаттар бағында.
4-жаттығу
Әр топтың хатшылары өз тобына ашық хат әкеледі. Онда бір жануардың суреті бейнеленген болады. Әр топ сол жануарды сипаттап мәтін құрап жазады да қорғайды.
I-топ Бүркіт
II-топ Ақ аю
III-топ Жолбарыс
Мысалы: Бүркіт жыртқыш құс. Оның денесі ірілеу, көзі қырағы болады. Ол қанатын кең жайып ұшады.
2.Ақ аюдың денесі ірі, терісі ақ түсті болады. Ақ аю жыртқыш аң.
3.Жолбарыстың терісінде қара жолақтар болғандықтан солай атаған. Оның тістері мен тырнақтары өткір болады.
5- жаттығу
Қайың.
Қайың - пайдалы ағаш. Өйткені, қайыңнан түрлі жиһаздар жасалады.
Оның майымен былғары өңделеді. Ол улы газдарды өткізбейді.
Бұл - мәтіннің қай түрі болады деп ойлайсыңдар? НЕ себепті? - Немен
дәлелдейсіңдер? Бұл - пайымдау мәтіні. Себебі, бірінші сөйлемде
негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді.
6-жаттығу
Мәтінге тақырып ойла және жалғастыр.
Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі тепті,
бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп
алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды. Бір кезде қатты тебілген доп
қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда
допты әрең тауып алды.
Сыртқа беттеген. Сол кезде шыға берісте тұрған шелекті қағып кетті.
Ішіндегі сүт ақтарылды да қалды.
7 - жаттығу
І топ:«Менің сүйікті ауылым»,
ІІ топ:«Мен демалысымды ауылда қалай өткіздім?»,
ІІІ топ: «Мен ауылымды неліктен жақсы көремін?» тақырыптарына
қысқаша мәтін құрастыру .Қазақ тілі туралы қысқаша мәлімет.
ІV.Бекіту.
Орысшадан аударып тиісті сөздерді қой.
Қазақ(язык)-(государственный) тіл. Қазақстанда тұратын (нация(ы)
басқа (народ)тар да қазақ тілін үйренуге көңіл қояды. (Они )қазақ
тілін (кружок) лерде, (общество)дарда,(школа)тер мен институттарда
оқып біледі.
Қазақстанда (много)теген ұлт (представитель)дері тұрады. Олар
Қазақстанды өз (страна)і санайды.(Но) өз (родной язык)ін ұмытпауға
тырысып үйренуде.
-Бұл мәтінде не туралы айтылған?
-Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
V.Қорытынды.
-Мәтіннің қандай түрлері болады?
-Мәтіннің қандай бөліктері болады?
-Мәтінді құру үшін не қажет?
VІ.Үйге тапсырма:
Күзге байланысты мәтін құрау.
VІІ. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Әдіскер:____________
Мұғалім:___________
Баға:_____________