7


  • Учителю
  • Сынып сағатының презентациясы:Ас -адамның арқауы 3 сынып

Сынып сағатының презентациясы:Ас -адамның арқауы 3 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ас адамның арқауы

Сабақтың мақсаты:

Ас адамның арқауы екендігін түсіндіру.Тамақтың пайдалы және ағзаға зиянды түрлері болатынын жас ерекшелігіне қарай түсіндіру.Дастарқан басында өзін-өзі ұстау мәдениетән үйрету.

Құрал-жабдықтар:

Жарнама,қажетті тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбие сағатының тақырыбын,мақсатын хабарлау.

1-кезең.

Кіріспе: Проблемалық сұрақ.

-Адамға не қажет?

-Дұрыс, соның ішінде тамаққа тоқталу.

-Тамақсыз адам өмір сүре алмайды. Адам тамақты үш уақыт ішеді.

Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас.

Таңғы ас: Балалар,мен таңғы аспын. Мені асығып жүріп ішуді ұмытып кетпеңдер.Мен ұйқыларыңды ашуға,күш жинауға көмектесемін.

Түскі ас: Балалар, мен түскі аспын. Мені әдетте 12 мен 1-дің арасында қабылдайды. Түскі асты асықпай ішкен дұрыс.

Кешкі ас:Балалар, мен кешкі аспын. Мен түскі асқа қарағанда жеңілдеумін.Кешкі асты сағат 7-ге дейін қабылдау дұрыс.Себебі ұйықтағанша ол сіңіп үлгеру керек.

Асты уақытымен қабылдау біздің денсаулығымызды жақсартады.

2-кезең: Аспазшы келу. (Ереже айту.)

Аспаз:

Қадірлі балалар! Сендер бүгін ас туралы әңгімелесіп отыр екенсіңдер. Менің сендерге айтатын құпия ережелерім бар. Бұл ережелерді үнемі сақтау керек.

  1. Адам күніне үш мезгіл тамақтану керек.

  2. Тамақты белгіленген уақытта ішу керек.

  3. Аса тойып жеудің қажеті жоқ.

Болмайды:

Асығыс шайнау.

Қол жумай ішу.

Жатып ішу.

Түрегеп тұрып ішу.

Нанды бір қолмен үзу.

3-кезең: Жарнама

Балалар, кейбір тағамдардың адам ағзасына зиян екені де бар.

Кока-Кола!

Казір бізде не көп?

Кока-Кола көп!

Шөлдесең сусын.

Ыстыққа қорған.

Ғажап екен деп ойлама.

Миға, ас қорту жүйесіне зиян.

Адам ағзасына зиян келтіретін сусындар мен тағамдардан аулақ болу керек.

Біз ұннан, сүттен, еттен, кқкқністен тағайындалған тағамдармен қоректенсек, онда ешқандай ауру бізге жоламайды.

Тақтамен жұмыс:

Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтану.

Ас жүрген жер-береке.

Дастарқан дәмі-киелі.

Қорытынды: Денсаулықтың негізі-дұрыс тамақтануда.

Дұрыс тамақтанудың өзі дастарқан басынан басталады.Дастарқан дәмі киелі, әрі қасиетті.Сондықтан дастарқан басындағы асты тастамай , дәмін тату керек.

</ Қазағымыздың дастарқаны мол болсын , берекелі, мерекелі болсын деп, бүгінгі сабағымызды «Дастарқан» әнімен аяқтайы















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал