- Учителю
- Туған жер. ӨТебай Қанахин 3-сынып
Туған жер. ӨТебай Қанахин 3-сынып
Сабақтың тақырыбы:Туған жер. Өтебай Қанахин 3-сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушылардың тілін дамыту, мәтіннен негізгі ойды анықтау.
Көрнекіліктер:оқулық, дәптер, суреттер, слайд, Өтебай Қанахиннің портреті.
Оқытудың әдістері:«Блум таксаномиясы», АКТ - ны пайдалану, топтық жұмыс, постер қорғау, сұрақ - жауап әдісі, жұптық жұмыс, «Синквейн» әдісі, эссе.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.
Біз Отанды сүйеміз,
Біз Отанға адалмыз.
Көгілдір ту иеміз,
Қалай жасық болармыз.
Үй тапсырмасын тексеру
2-тарауды қайталауға арналған тесталық тапсырма
Әр оқушы жеке тест парағымен жұмыс жасайды.
Жаңа сабақ
Сабақты сөзжұмбақ шешуден бастау.
1.Біздің еліміз қалай аталады?
2.Рәміздеріміздің бірі
3.Орман неден құралады?
4.Бал жинайтын жәндік ?
5.Маңғыстауда өңдірілетің пайдалы қазба?
6.Қамбар ата төлі
7.Солтүстік Қазақстанда ағып өтетін өзен ?
8.Астанадағы Қазақстан символы?
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
Т
У
А
Ғ
А
Ш
А
Р
А
М
Ұ
Н
А
Й
-
Ж
Ы
Л
Қ
Ы
Е
С
І
Л
Б
Ә
Й
Т
Е
Р
Е
К
Білу категориясы
Балалар қазақтың қандай ақын , жазушыларын білесіңдер?
Топтастырыңдар
Ақын,
жазушылар
-Балалар бұған меніңде қосарым бар. Мен бұл аймаққа Өтебай Қанахинді орналастырар едім.
Өтебай Қанахин(1923-1990) - 17 желтоқсанда , , туған.
қатысқан. 1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің факультетін бітірген.
Алғашқы әңгімесі «Екі кездесу» 1947 жылы жарық көрді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Туған елім - туған жерім»
Туған жер туралы слайдтар көрсетіледі.
Біздің Отанымыздың табиғаты бай алуан түрлі: өзен - көлі, кең даласы, жасыл орманы, жайқалған егісі көз тартады. Біздің еліміз -пайдалы қазбалардың қоймасы. Әрине, біз Отанымыздың осындай байлығы барына қуанамыз. Қуануға, мақтануға да тиіспіз.
-Балалар, слайдтарды көргенде, көз алдарыңа не елестеді?
Балалардан күтілетін жауаптар:
-Туған жеріміздің әсем табиғаты, оның байлығы.
-Ендеше, балалар, сабағымыздың келесі бөлімі
«Туған елім - туған жерім» деп аталатыны белгілі болды.
-Өтебай Канахиннің «Туған жер» деген мәтінімен танысайық.
Түсіну категориясы
Оқулықтағы мәтінді іштей оқыту.
«Мәтінді зерттеу» әдісі бойынша топпен жұмыс жасау.
Зерттеу бағыттары
1 топ - «Туған жердің табиғаты»
2 топ - «Туған жердің байлығы»
3 топ - «Туған жерді қорғау»
Ұжыммен оқушылар мазмұнын зерттейді, зерттеу қорытындысы «Ұшақ » әдісі арқылы 3 топқа сұрақтар қою арқылы тексеріледі. Ұшақтың қанаттарында тапсырмалар беріледі. Әр топ тапсырманы орындау керек.
Сергіту сәті.« Қара жорға »
Қолдану категориясы
Оқулықпен жұмыс.
І топ - Сөздік жұмысы слайдтан көрсетілмес бұрын, алдымен, осы сөздер бойынша оқушылардың ойы тыңдалады.
1. Киелі - ерекше қасиеті бар.
2. Ризық - бұйырған нәсіп, ырыс.
3. Маңғаз - кербез, паң, тәкәппар
4. Зеңгер - аспанмен таласқан, биік.
ІІ топ - «Байлық» торсықтай, мамықтай, жердің нәрі,кербез аққулар жымыңдаған ару ай сөздері бойынша талдау жүргізіледі. Осы сөздермен мысалдар келтіріледі.
ІІІ топ - «Ауылым-туған жерім» тақырыбына ойынды жаз.
Талдау категориясы
Ұжыммен жұмыс
Проблемалық сұрақтар қою.
1-тапсырма
-Мәтінде туған жердің табиғаты, туған жердің байлығы, байтақ қазақ даласы қалай суреттелген?
2-тапсырма
-Қандай жан-жануарлар, құстар туралы әңгіме болды?
Жинақтау категориясы
Жеке жұмыс «Синквейн » әдісі бойынша Туған жерге 5 жолды өлең құрастыру
Салыстырмалы бағалау категориясы
Жаңа сабақта игерілген білімді қорытындылау
Әр топ берілген сұрақтар бойынша Постер қорғайды.
I топ - Сирек кездесетін жануарлар және олардың қорғау жолдарын көрсет.
II топ - Қызыл кітап адамдар үшін маңызды ма, дәлелде?
III топ - Қазақстан қорықтарына шолу жасау.
«Ыстық орындық» әдісі
Мұғалім: Балалар, автор өз шығармасы арқылы бізге не айтқысы келді деп ойлайсыздар?
Оқушылар еркін сөйлеп, өз ойларымен бөліседі.
Күтілетін жауап: Әр адамның өз туған жерін, табиғатын қорғау - азаматтық борышы.
Үйге тапсырмасын беру. Мәтінді мазмұндау. «Туған жерімді сүйемін»
тақырыбына эссе жазу.
Бағалау.
Рефлексия.