- Учителю
- Сабақ жоспары.Қазақ тілі Сөз таптары
Сабақ жоспары.Қазақ тілі Сөз таптары
Эссе «Менің педагогикалық мамандығым»
Кез-келген адамға ұстаз жүрегі,ұстаз жаны ерекше қымбат.Ол бала болашағына алаңдап ,тынымсыз еңбек етеді.Бар жүрек жылуын жас жеткіншектерге арнап,үлгі - өнеге береді. «Ұстаз-ана,ұстаз-дана,нұрлы жүзі -жанға пана » деп бекер айтпаса керек. «Көп оқыған білмейді,көп тоқыған біледі », «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » деп халық мақалында айтқандай , менің де ұстаздық мамандықты таңдауыма 40-жыл ұстаздық қызмет атқарған әкеміз Даулетбек Ақанұлының мен анамыз Раукен Мұхаметжанованың әсері зор. Мен ғана емес, жанұядағы 4-баланың барлығы да ата-анамыздың жолын қудық.Осы мамандықтың иегерлері әкеміз қазақ -тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі қызметінен мектеп басшылығына дейін көтеріліп, ал анамыз тарих пәні мұғалімінен оқу - ісінің меңгерушісіне дейін және аға оқытушы дәрежесіне дейін көтеріліп, қазір екеуі де заңды зейнеткер болып отыр.Ағам Ерланбек Даулетбекұлы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында информатика пән мұғалімі және бауырым Арман Даулетбекұлы Қазақ инновациялық- гуманитарлық заң университетінде физика - математика пәнінен берсе, сіңлім Жансая Даулетбековна № 36 мектепте қазақ - тілі және әдебиет пәні мұғалімдік қызметін атқарады. Бала үшін дүниедегі ең жетілген , білімді де мәртебелі адам - оның ата- анасы болса , 40 - жыл еңбегін ең керемет , ең қиындығы мол мамандыққа арнаған әкеміз бен анамыздың еңбек жолы біздің де мұғалімдік мамандықты таңдауымызға себеп болды. Мен мамандық таңдауда қателескен жоқпын деп есептеймін, сол арманыма жетуіме маған дәріс берген ұстаздарыма, ата-анама айтар алғысым шексіз.Жан-Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі,бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді » - деген екен.Ендеше , бала тәрбиесіне ең алдымен оның ата - анасының еңбекқорлығы , ұстамдылығы , ақыл - ой , адамгершілігі әсер етпек.Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар:ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек » деген ғой.Сондықтан мен кәсіби біліміммен қатар осы үш шартты қоса сақтауға тырысамын.Қазіргі жаһандану заманында адамдардың білімі мен біліктілігі мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды.Елбасымыз өз жолдауында «Ұлттық бәсекелестің қабілеті, бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп атап өтті.Сол себепті Қазақстан дамыған 50 елдің арасынанорын алу үшін білім мазмұнын жаһандану мен ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап өзгертіп және қазақ халқының рухани құндылықтарымен үйлестіре отырып жас ұрпақты тәрбиелеу керек.Мен де бұл жолда аз да болса өз үлесімді қосып келемін.Озімде 17-жылдық педагогикалық стаж бар.Еңбек жолымды Шұбартау ауданы, «Жорға» орта мектебінде бастаған болатынмын.Семей қаласына 2007 - жылы көшіп келіп , Қазақ инновациялық - гуманитарлық заң колледжінде , 2013 оқу жылынан бастап Қ .Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін мектепте жұмыс атқарып келемін.Жұмысымның нәтижелері мынадай: 1.2014 жылы Халықаралық «Білімділер» веб сайты. Сертификат. X-Халықаралық олимпияда тарих пәні Интернет «urfodu» куәлік 2. Қазақ Инновациялық гуманитарлық заң университеті .Алғыс хат.3. «Московский государственный университет экономики,статистики и информатики « МЭСИ» алғыс хат 4. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығына арналған «Символы открытости,мира и надежды»атты зияткерлік ойын үлес қосқаны үшін. Алғыс хат.5. «Оқушылардың білімдері мен ынталары еліміздің қарқынды дамуына қызмет ету жолында» Бизнес колледж IX халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияда іскерлік танытқаны ушін.Мадақтама 6. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Құқық пәнінен »олимпиядасына белсенді дайындағаны үшін.Алғыс хат 7. Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті «Тарих апталығына»белсене қатысып,аймақтық олимпиядада көрсеткен кәсіби шеберлігіңіз үшін.Алғыс хат 8. Интернет олимпияда «Pro Школу.ru» "История Казахстана 2011» 1-орын Громата№2946032-1750-2 «Экзамен по истории» 2-орын.№2946032-1780-11"История Казахстана 2011» 2-орын №2946032-1780-7 «Олимпияда -2014» 1-орын №2946032-1781-13. Осы эссені жаза отырып мына өлең жолдары есіме түсуде;
«Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сенімнің ақындығы,
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын - адамның алтындығы»
-деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, шәкірттеріне жүрек жылуын , шуақ нұрын сыйлайтын ұлағатты ұстаздарымыз көбейе берсін демекпін!...