- Учителю
- Жауапкершілік пен жауапсыздық тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары (1 сынып)!
Жауапкершілік пен жауапсыздық тақырыбында өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары (1 сынып)!
Сынып: 1
Күні: 09.03.2016
Пән: өзін-өзі тану
Тақырып: Жауапкершілік пен жауапсыздық.
Құндылықтар: ақиқат
Қасиеттер: адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет
Сабақ мақсаты:
Оқушыны жауапкершілік және жауапсыздық ұғымдарымен таныстыру. Қай бағытты ұстану керектігін үйретіп, дұрыс бағдар беру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға өзін қадағалауға, бағалауға үйрету;
2. Оқушылардың бойында кішіпейілділік, жанашырлық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қасиеттерін дамыту;
3. Оқушыларды жақсы сөз айтуға, жақсы ой ойлауға, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер) өлеңнің аудио дискісі
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену
- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: «Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты!
- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!..
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
- Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Рахмет!
Қорытынды: Бұл тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар балалар?
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Дәйексөз.
Уәде берсең - орында.
(мақал)
Түсіндірме: біреуге уәде берсең, міндетті түрде уәдеңде тұрып, оны орындау керек.
Қорытынды:
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу, 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге айтып шығады)
4. Әңгімелеу
Кітаптың 87-бетіндегі «Өкініш» әңгімесін оқыту. Жауапкершілік пен жауапсыздықты салыстырып айтқызу. Сұрақтарға жауап беру.
-
Балалар, Қайырбекті ұятқа қалдырған қай әрекеті?
-
Қайырбектің атасы не үшін ұялды?
-
Қайырбектің орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
5. Шығармашылық жұмыс, өздік жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып айтыңдар.
Мен жауапкершілікті баламын, өйткені ... .
Қорытынды: балалар, жауапсыздықтан аулақ болу, әрбір іске жауапкершілік танытып, айтқан уақытында орындау, берген уәдесінде тұра білу адамды өз ортасына сыйлы етеді.
6. Топпен ән айту.
«Таудай болып өсеміз»
Сөзі мен әні: А. Естенов
«Таудай бол!» - дер атам да,
«Таудай бол!» - дер апам да.
Асқар таудай жігіттер
Қажет дейді Отанға.
Желкілдеген баудай көк,
Балдырғандар балдай көп -
Өсіп келе жатырмыз
Бір-бір асқар таудай боп.
Жаттап ертек, мол аңыз,
Өсіп, өніп тола біз,
Алатаудай айбынды,
Ел қорғаны боламыз.
7. Үй тапсырмасы.
8. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу музыка қосылады.
- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Үнемі жылы сөздер айтып, дұрыс әрекет жасауға дағдыланайық. Ішкі тыныштығымызды сақтайық. Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүрегіміздің түбіне түйіп алайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Рахмет!