7


Математика 'Қайталау'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: Қайталау Мақсаты: Оқушыларға геометриялық фигуралардың қасиеттерін, екі амалмен шығарылатын есеп шығаруды пысықтау, екі таңбалы сандарды оқу, ұзындықтармен амалдар жүргізу машықтарын жетілдіру. Логикалық ойлауын, байқағыштығын, шығармашылық белсенділігін,
предварительный просмотр материала


Тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Оқушыларға геометриялық фигуралардың қасиеттерін, екі амалмен шығарылатын есеп шығаруды пысықтау, екі таңбалы сандарды оқу, ұзындықтармен амалдар жүргізу машықтарын жетілдіру. Логикалық ойлауын, байқағыштығын, шығармашылық белсенділігін, танымдық қабілеттерін дамыта түсу. Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ Түрі: сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: деңгейлік оқыту, сұрақ-жауап(блиц-турнир), ойын.

Көрнекілігі: оқулық, геометриялық фигуралар, тапсырма жазылған парақшалар, слайд. І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,

Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,

Жасау үшін бәрін де

Математика-

Ең маңызды ғылым бұл,

  • Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл, - дей отырып бүгінгі математика сабағында тағы да бұл ғылымның қыр-сырына қанық боламыз. Сабаққа әзірлігімізді тексерейік. Ал егер дайын болсақ сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабақ - қайталау , сайыс сабақ түрінде өтеді. Алдымен ойын ойнасақ, қалай қарайсыңдар?

«Қайсысы артық?» ойыны. Әр қатарға тапсырма таратылады. Суретте берілген фигуралардың ішінен артық фигураларды айтады, дәлелдейді.

Артық болған фигуралар бойынша топ құрады. (Білімділер, Тапқырлар, Ойшылдар, Алғырлар)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

7- мысал

Блиц-турнир. Әр топтың атауына сай 5 сұрақ беріледі.

І топ:

  1. Үшбұрыштың бұрышы нешеу?

  2. Қабырғасы нешеу?

  3. Төбесі нешеу?

  4. Периметрін табуға бола ма?

  5. Екі бірдей үшбұрыштан қандай фигура шығады?

ІІ топ:

  1. Төртбұрыштың бұрышы нешеу?

  2. Қабырғасы нешеу?

  3. Төбесі нешеу?

  4. Периметрін қалай табар едіңдер?

  5. Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп алса, неше бұрышы қалар еді?

ІІІ тобына:

  1. Шаршының бұрышы нешеу?

  2. Қабырғасы нешеу?

  3. Төбесі нешеу?

  4. Шаршының қабырғалары қандай болады?

  5. Шаршының ең жақын тегі қай фигура? ТІК ТӨРТБҰРЫШ

ІV топ:

  • 1. Көпбұрыштың бұрышы нешеу?

  • 2. Қабырғасы нешеу?

  • 3. Төбесі нешеу?

  • 4 . Қандай көпбұрыштарды білесің?

  • 5 . Бесбұрыш дегенді қалай түсінесің?


ІІІ. Жаңа сабақ.

І деңгей тапсырмалары:

  • І топ. "Білімділер" тобы

  • 1-мысал. Есептер құрастыр және оларды шығар:


а/Сатылғаны - ?, 48 кг алма

және 40 кг алмұрт Болғаны 100

Қалғаны - ?

ІІ топ. " Тапқырлар" тобы


ә/ Сатылғаны - ? Алма,

және 40 кг алмұрт Болғаны 100

Қалғаны - 10кг

Бұлар кері есептер болып табылады ма?


ІІ деңгей тапсырмалары

ІІІ топ " Ойшылдар" тобы

2. Есептер құрастыр және оларды шығар:


а/ Түске дейін - 30 кг қант

Түстен кейін - ? 7 кг кем

Барлығы - ?


ІV топ "Алғырлар" тобы

ә/ Түске дейін - ? 7 кг артық

Түстен кейін - 23 кг

Барлығы - ?

Бұлар кері есептер болып табылады ма?


ІІ деңгей тапсырмалары:

І топ

(48+26)-38 * (84-16)+19

ІІ топ

(77+13)- 46 *18+(80-27)

ІІІтоп

100-(26+14)*100(63+27)

ІV топ

(100-53)+12*(100-67)+45


ІҮ. Сергіту сәті: «Қара жорға»

ІІІ деңгей тапсырмалары

І,ІІ топ


2сағ.45мин+2сағ.15мин * 3сағ.50мин+1сағ.10мин

ІІІ, ІV топ

5сағ.33мин-1сағ.37мин * 4сағ.45 мин-1 сағ.45мин


Ү. Өзіндік жұмыс

5- мысал. Теңдеулері шеш:


Х+32=85 74-х=33 х-28=56 х-17=30


ҮІ Жаңа сабақты қорытындылау:

Логикалық тапсырма.

1. Математикалық өлең есеп шешу.

1. Көлден ұшты 50 қаз,

Қайтып қонды 20 қаз

Қонбады оның нешеуі,

Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

2. Аулада 60 үйрек,

Қорада 20 үйрек,

10 үйрек тығылды

10 үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

3. Табақта 55 алма 4. 100 асықтың 30-ын,

Қолымда 5 алма Досым сұрап алды

Барлығын қосқанда Айтшы сонда нешеуі

Болады неше алма? (60 алма) Өз қолымда қалады.

5. Бір-бірімен жарысқан,

Бір аю, бір арыстан.

Екі қоян, үш түлкі,

Бәрі нешеу ойлан сен?(7)


6. Бір қоянның екі құлағы бар,

Екі қоянның неше құлағы бар? (4)

Рефлексия. «Бес саусақ»

Қағазға алақанның суретін салып, әр саусаққа сабақтағы жасаған жұмыстарды жазу.(есеп шығардық, ойын ойнадық,)

ҮІІ. Үйге тапсырма беру: 6,7-мысал.169-бет. 6 -мысал (периметрин табу). 7-мысал бірліктерінқосқанда 15, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі санның қосындысын жаз.

ҮІІІ. Бағалау. (топқа фигуралар санына қарай ұпай беру, жекелеген оқушыларды бағалау)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал