- Учителю
- Қазақ тілі. Барыс септік (4 сынып)
Қазақ тілі. Барыс септік (4 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: барыс септігі туралы (сұрақтары, жалғаулары) туралы мағлұматтар беру.сөйлемде етістіктен болған мүшемен тікелей байланысатынын, толықтауыш, пысықтауыш қызметтерін атқаратынын түсіндіру, зат есімнің септелуі туралы білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, сауаттылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.
Әдіс-тәсілдер: дамыта оқыту технологиясы, сұрақ- жауап, түсіндіру, талдау, ойландыру, ойын.
Көрнекілік:интерактивті тақта, слайд
Сабақтың барысы:
1. Амандасу.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ.
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
2. Психологиялық дайындық
</<font face="Times New Roman, serif">-Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? Иә, біз Қазақстан деп аталатын тәуелсіз, зайырлы мемлекетте тұрамыз. Сендер- осы мемлекеттің азаматысыңдар, еліміздің болашағысыңдар.Елбасымыз Н.Назарбаев «Еліміздің болашағы - білімді ұрпақ қолында» деп сендерге зор үміт артып отыр. Біздің мемлекетіміздің жері кең- байтақ.Сендер, бүгінгі алған білімдерің арқылы осы жеріміздің, еліміздің гүлденуіне үлес қосасыңдар.
3. Өткен тақырыпты қайталау.
1. Зат есім деген не?
2. Зат есімнің септелуі деген не?
3. Қазақ тілінде неше септік бар?
5. Атау септігі
6. Ілік септігі
4. Жаңа тақырыппен танысу
Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жалғауын тапқызып, сұрақтар қойғызу.Қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау. Сөйлем мүшелеріне талдап, барыс септіктегі сөздердің қай сөйлем мүшесі екенін анықтау.
Абай кітапханаға барды. Марат Ерболға сыйлық берді. Анам кесеге сүт құйып берді.
Талдап қорытынды шығару
-
Барыс септіктің сұрақтары (Кімге? Неге? Қайда?)
-
Барыс септіктің жалғаулары: - ға, -ге, - қа,- ке
-
Барыс септіктегі сөздер етістіктен болған мүшелермен байланысады.
-
Сөйлемде толықтауыш (кімге? неге?), пысықтауыш (қайда?) қызметтерін атқарады.
-
Барыс септік жалғаулары сөз мағынасын өзгертпейді, тек сөз бен сөзді байланыстырып тұрады.
5. Жаттығулар орындау кезеңі.
3- жаттығу. Мәтіннен ілік, барыс септіктегі сөздерді тауып, өздері байланысқан сөздерімен теріп жазу.
-
Өзеннің жағалауынан, сауысқанның балапанын, үйге алып келді, балапанға берді, тауық қораға орналастырды, балапанға үйретті, сауысқанға үріп.
6. Мәтінмен жұмыс. Асқардың күшігі
Бір күні көкесі Асқарға қара ала күшік алып келді. Асқардың қуанышында шек болмады.Ол күшікке ат қойғанша асықты. Асқар күшігін Ақтөс деп атағанды жөн көрді.Күшікке сүт құйып берді. Күшігі сүтке тойып алып ұйқыға кетті.
1-тапсырма: Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің септік жалғауын анықтау.
2-тапсырма: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазу,сол сөздің түбірі мен жалғауын ажырату.
1. Көкесі Асқарға ... алып келді. 2. ... қуанышында шек болмады. 3. ... сүт құйып берді. 4. Күшігі сүтке тойып алып, ... ұйқыға кетті.
7. Сергіту
8. Топтық жұмыс
1- топ тапсырмасы: Берілген тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жазу.
2- топ тапсырмасы: Берілген суреттердегі зат есімдерді барыс септік күйінде қатыстырып сөйлем құрап жазу.
9. Көру диктанты.
Оқушылар тақтадағы тыйым сөздерді оқып, талдап, соңынан жатқа жазу.
Нанды жерге тастама. Атқа теріс мінбе. Суға түкірме. Үйге қарай жүгірме.
10. «Тез ойна, тез ойла!» ойыны
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Олардың ортасында тұрып, бір сөз айтып, балалардың біріне допты лақтырамын. Допты қағып алған бала сол сөзге барыс септік жалғауын жалғап, допты кері лақтырады.
11. Бағалау кезеңі.
12. Үйге тапсырма 93- беттегі 5-жаттығу