7


'Еңбек бәрін жеңбек' 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өзін-өзі тану сабағы

Мұғалім: Аязбаева Алмагүл

№ 223 орта мектебі

2- сынып

Оқушы саны: 17 оқушы

Тақырып: Еңбек- бәрін жеңбек

Құндылық: Дұрыс іс- әрекет

Қасиеттер: Еңбексүйгіш, сабырлы, төзімді, адал

Сабақтың мақсаты

Оқушы бойында еңбек- адам өмірінде өте маңызды деген ойды қалыптастыру

Міндеті

Еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар мәтінің негізгі идеясын түсінеді. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді. Еңбектің пайдасы жайлы біледі.

Сабақ барысы:

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

  1. Ұйымдастыру 1мин

Сәлемдесу


Біз әдепті баламыз

Біз ерекше баламыз.

Қонақтарды көргенде ,

Сәлеметсіздер ме? - деп,

Сәлемдесіп аламыз.

Оқулық, дәптер

  1. Тыныштық сәті

1 мин

«Адамды - адам еткен еңбек». Жалпы адам баласы өмірге келген күннен бастап еңбекпен тығыз байланыста болады. Себебі, шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап ана сүтін емудің өзі еңбекке жатады.
Еңбек дегеніміз бойымыздағы энергия яғни күшіміз, осы күшті пайдаланудың өзі еңбек. Адамдар еңбек ету арқылы көптеген жетістіктерге жетеді. Күнделікті ішіп-жейтін тамағының киетін киімінің өзі еңбекпен келеді.
Мысалы: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»- дегендей жерге дән сеуіп, оны күтіп баптап өсіреді. Базарға апарып сатып, ақшасына тамақ, киім алады.


Баяу музыка әуенімен мәтінді тыңдап отырады.



Интер активті тақта, стикерлер, бағдаршамдар, фишкалар.

  1. Үй тапсырмасы

15 мин

  1. Дәйексөз 2 мин


  1. Әңгімелеу 10 мин


  1. Шы

ғарма

шылық

жұмыс

10 мин

  1. Топ

пен ән

айту.

2 мин

  1. Үй тап

сырма

сы

1мин

  1. Реф

лексия


  1. Сабақ соңындағы ты

ныш

тық

сәті

1 мин

Қызығушылықты ояту.


Ребусты шешіңдер


- ,,, ,,,, ,, ,, бек

Еңбек сабағында пайдаланатын құралдар арқылы топқа бөлу.

Топтық тапсырма

1-топқа: мәтіндегі қара пышақпен сары пышақты салыстыру

2-топқа: еңбек жайлы мақал- мәтелдер жазу

3- топқа : сурет бойынша әңгіме құрастыру

«Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап» Абай.

Адам ең бастысы еңбектенуге, яғни бір іске күш-қуатын, ақыл - ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсен мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса өзіңді бақытты санайсың.

«Түскі тамақ пен кешкі тамақ»

С. Көбеев

Бала түске дейін үйде бос отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа әкелді. Бала сорпаны тартып көрді де: «Бүгін сорпа дәмсіз екен», - деді. Шешесі айтты: «Бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп берермін», - деді. Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы атқа мініп, шөптің төбесіне шығып, әкесіне көмектесті. Кешкі тамаққа түстен қалған сорпаны, нанды дастарханның үстіне қойды. Баласы сорпаны татып байқады да, айтты: «Түстегі сорпадан мына сорпа дәмдірек», - деді. Сонда шешесі айтты: «Бұл түстегі сорпаның қалғаны еді. Саған бұл сорпаның дәмді болғаны-сен түстен кейін жұмыс істеп, қатты шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз тек отырған соң ас саған дәмсіз көрінді», - деді.

«Қайдан келдің, бауырсақ?»

Ө. Тұрманжанов


«Болайықшы осындай»

Сөзі мен әнін жазған:

А. Меңжанова


«Жақсылардың жақсысы»

мәтінді оқып келу.

«Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбында әңгіме жазу


Балалар денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.

Оқушылар бірігіп ребусты шешеді.


Еңбек- бәрін жеңбек.


Оқушылар өздері пайдаланатын құралдар бойынша топқа бөлінеді.

Өз жұмыстарын топтар өзара бармақпен бағалайды.

Оқушыларға сұрақ қою арқылы дәйексөз талданады.

  1. Еңбекті неге қуанышқа теңеген?

  2. Жалқаулық жаман ба, әлде жақсы ма?


Мәтін оқылған соң «Ыстық орындық» ойыны ойналады.

Оқушылар бірін-бірі фишкалар арқылы бағалайды.


Әр топтан бір-бір оқушы шығады. Оқушылар өлеңді рөлдерге бөліп, мәнерлеп оқиды. (автор, қуыршақ, бауырсақ)

Өлеңнің оқылуын оқушылар бағдаршам арқылы бағалайды.

Хормен ән айтылады.


Оқушылар берілген тапсырманы жазып алады.


Сабақта не ұнады?

Сабақта не ұнамады?

Өз ойларын тілек ағашына жапсыру.

Баяу әуен қосылады. Оқушылар мұғалімнің айтқанын тыңдап отырады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал