7


  • Учителю
  • Өзінөзі тану 3 сынып сабақ жоспары Қиял арманға жетелейді

Өзінөзі тану 3 сынып сабақ жоспары Қиял арманға жетелейді

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы: Қиял арманға жетелейді

Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т.б

Мұғалім: Тусупова Алтынгул Акынбековна

Сынып: 3 «А»Сабақтың мақсаты:

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  • Қиял,арман туралы түсініктерін кеңейту;

  • Шығармашылық тұрғыдан қиялдау іскерліктерін дамыту;

  • Жақсылыққа,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Мақсаты: Балалардың жақсы ниетпен армандай білуге баулу..



Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз,маркер,

аққағаз,гүл,жүрек,көбелек суреттері

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады,сана сезім сергиді.Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз...Басыңыздан бастап,аяғыңыздың ұшына дейін...

Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып,бойымыз жеңілдеп қалғандай.Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ,тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі.Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар...Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге:«Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады.Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге:«Жақсы болу өзіңнен»,деп қарайды.Ия,ия шынында да,көбелектер секілді әдемі болып,тек қана әдемі жерде жүру керек екен-ау!Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой!Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.

Ал,енді «бір,екі,үш»деп,бұрынғы қалпымызға келейік.













Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

Әңгімелесу

  • Адам қиялы іс жүзіне қалай асады днп ойлайсыңдар?

  • Өздерің армандарың туралы айтып беріңдер.

Тапсырма Оқушылардың білім-біліктерін кеңейту мақсатында тапсырма ұсынылады:Суретке қарап «Кешкгі қиял-бүгінгі шындық»тақырыбына әңгіме құрау.





Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Мәтінмен жұмыс Балаларды жақсы қиял мен армандарға жетелеу мақсатында аңыз айтып беру. «Ана қиялы»аңыз.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Дәйексөз:

Дәйексөз «Армансыз адам болмайды»деген халық даналығына балалардың назарын аудару және оның мәніне тереңірақ тоқталу.







Мағынасын түсіндіру





Шығармашылық жұмыс:

Тақырыпқа байланысты эссе жазу



Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту



Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс: Өз қиялдарымен әңгіме жазу.

Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды

Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту



Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.



Оқушылар көздерін жұмып демалады.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал